Б. Б. Жахина тіл дамытуға арналған жаттығулар (лексика тарауы бойынша) Алматы Білім



бет3/3
Дата13.08.2017
өлшемі1,33 Mb.
#23489
1   2   3

арналған жаттығулар
1-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген синонимдік қатар бойынша оқыған кітаптарыңнан немесе газет-журналдардан мысал тауып жазындар. 2. Сөздік дәптерлеріңе синоним сөздерден синонимдік қатар түзіп жазындар, әрі оларды мысалмен толықтырыңдар.

а) Жағымды, ұнамды, сүйкімді, қонымды;

ә) Көлем, аумақ, мөшер, шама;

б) Сыйлау, құрметтеу, қадірлеу, ардақтау, қастерлеу.
2-жаттығу.
Мақсаты: 1. Жақшаны ашып, сөйлемге мазмұнына байланысты сөздің бірін таңдап қойыңдар. 2. Синоним сөздердің бір-бірінен мағыналық реңін ажыратып, қолданылу ерекшелігін байқандар.

а) Бала квзінде адам (қиялшыл, арманшыл) болады.

ә)Ы6ырай қазақтың адал туған (ғұламасы, оқымыстысы,

ғалымы).

б) Әншінің саңғақ, даңғыл, зор сұлу (өлеңі, әуені, әні, жыры) самғай шығып еді.

в) Оның жағымсыз қылығына апасы (қапаланды, қамықты, нтыстанды, налыды).

г) Бұл (төңірек, аймақ, өңір, жақ) қысы суық болады.
3-жаттығу.
Мақсаты: Өлең жолдарыңдағы асты сызылған сөздердің синонимдерін тауып, мәтінге өзгерту енгізіңдер.

а) Нан қадірін білемін,

Әнге толы журегім.

Өссем, диқан кетпенін

Иығыма ілемін.

ә) Сын тезінен жүз өтем,

Мінім болса түзетем.

38

Шекарашы болам да,



Отанымды кузетем.

"Мен талапты боламын " Б. Исаев
4-жаттығу.
Мақсаты: 1. Өлең жолдарындағы синонимдердің қолданылу мақсатын түсіндіріңдер. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алындар. 2. Осы үлгідегідей екі сөйлем құрандар.

а) Шетсіз,

шексіз, ұлы дала,

қиырсыз

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

шыңдады,

ә) Жастық мені

шынықтырды,

Жастық шіркін өмірді шын ұқтырды.

М. Мақатаев.
5-жаттығу.
Мақсаты: 1. Өлең жолдарындағы ұйқассыздықты тауып, ең

керекті синоним сөзімен алмастыра біл.

2. Синонимдік қатардағы сөздің мағыналык, ерекшелігін көре біл.
а) Ойдан өрмек тоқимын,

Ой жемісін теремін.

Қарындасым Гүлнарға,

Етік тігіп беремін.
ә) Үлкен боламын, таламын,

Қияга ұшып, қонамын.

Ойлау мұрат бугіннен

Ер жеткенде кім боламын?

"Мен талапты баламын " Б. Исаев,
3. Қазақ тілінің үндесу заңдылығын есіңе түсір.

39

6-жаттығу.


Мақсаты: 1. Жағымды-жағымсыз мағына беретін синоним сөздерді

әр бағанаға бөліп-бөліп жазындар. 2. Келбет, ұсқын сөздерінің мағыналарын сөздіктен қарап, анықтай отырып, сөйлем құрандар.



Батыр, жуз, ар, жомарт, ұсқын, мылжың, сұлу, келбет, мырза, зулымдық, көрік, гулдену, қастық, әдемі, жауыздық, көркею, улгілі, кір, өнегелі, лас, әлпет.
7-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген сөйлемдердегі синонимдерді тиісті орнына қойып, сөйлемді ретке келтіріп, тіліңнің шеберлігін көрсете біл.

уақта



а) Осы шақта

мезгілде
Отырушы ек осылай осы бақта.
ә) Атақ

бақ қуып

даңқ

Біреулерден жүргем жоқ арту үшін.


8-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген жаңылтпашты нақышына келтіріп, жаттап

алыңдар. 2. Асты сызылған сөздердің синонимдерін тауып, өздерің де

жаңылтпаш жасаңдар.

а) Шөмеленбеген шөпті,

Мен шөмелемей.

Кім шөмелейді.

ә)Ара, ара, аралар,

Орманның бойын аралар,

Гулдерден сорып бал алар,

Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәтті ғой, балалар.

"Ақ сандық, көк сандық"

40

9-жаттығу.


Мақсаты: 1. Берілген синонимдік қатар бір сөйлем ішінде

болатындай етіп сөйлем құрандар. 2. Сөйлем мағынасына көңіл

аударыңдар.
Үлгі: Бүркіт алысқа ұшты, заңғар биікке көтерілді, оқша зымырап, көзге көрінбестей самғады.

а) ұшты, көтерілді, зымырады, самғады;

ә) бұрыннан, ертеден, атам заманнан;

б) қадірлеу, сыйлау, құрметтеу;

в) ғажап, керемет, сұмдық.
10-жаттығу.
Мақсаты: 1. Синонимдерді тауып, қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар. 2. Келтірілген синонимдердің мағыналық рендері мен стильдік ерекшелігін түсіндіріңдер.

а) Гулнұр ережені жылдамдата айтып шықты. ә) Абай пар

атты шапшаңдатып доғарды. б) Назгүлдің інісі өтірік айтпайтын инабатты баяа. в) Сөйлесе сөзі де — әдепті. г) А йнұрдың жузінде қуаныш белгісі тұр. д) Жандос бетін бері бұрып, әңгімеге кірісті.
11-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген синонимдік қатар бойынша алдымен сөз

тіркесін жасап, содан сон сөйлем құраңдар. 2. Сөйлемнің

мазмұнына көңіл бөліндер.

Кәрі, қарт, егде, мосқал, кексе.
12-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген синонимдердің тиістісін қолдана отырып, сөйлемді ретке келтіріңдер.
ауқатты

а) Қонақ алдына дәулетті уйдің дастарқаны жайылды.

бай

41

ә) Аялап мама емгізген,



сәлемет

есен

Аяулы анам аман бол

сау
есімін,

б) Мұны жазган кісінің атын білме, сөзін біл.

ныспысын
13-жаттығу.
Мақсаты: 1. Өлең мәтінінің стильдік қатесін тауып, тиісті

синонимді қойып, сөйлемді көшіріңдер.

Бұрыс па, әлде дұрыс па?
Бұрқыратып иісін (тақтай тілем)

Тақтай кесем ағаштан.

Сәндендірем уй ішін

Жабдықтармен жарасқан.

ғаш шебері" 0. Асқар
14-жаттығу.
Мақсаты: 1. Асты сызылған сөздердің мағыналарын синонимдері арқылы аша біл. 2. Дыбысталуы бірдей сөздердің омоним не көп мағыналы сөз екендігін ажырат.

а) Жақсы ән мен тәтті куй бәрімізге ұнайды.

ә) Биылғы жылы Көркемтайдың күйі жақсы емес.

б) Оның есіне өткен бір куйі түсті. (С. Дөнентаев)

в) Қарны тойынған Асан аяғын алшаң басты.

(Ы. Алтынсарин)

г) Олар сөз аяғын күтпестен тұрып кетті.
15-жаттығу.
Мақсаты: 1. Әр синонимнің мағыналық реңін ашатындай етіп, сөйлем кұрандар.

Сабырлы, салмақты, байсалды, маңғаз.

2. Синонимдің қатар дегенді қалай тусінесіңдер?

3. Келтірілген синонимдер қай сөз табынан жасалынған?

42

16-жаттығу.


Мақсаты: 1.Көп нүктенің орнына ең керекті синонимдер қойып,

сөйлемді толықтыр.



а) Нақты тәртіп әрі әдетке, ... айналса ырыс.

ә) Табиғаттың тағы күшін жеңу үшін әдіс те, ... керек.

б) Жақсы адам болғың келсе тәртіпті, ... бол,

в) Біздің өнегеміз ата-ананы қадірлеу, ...
17-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген мақалдардың мағынасын түсініп, асты

сызылған сөздің синонимін табыңдар.



а) Мақтаншақ жігіт көп сөйлер,

Шешен жігіт еп сөйлер.

ә) Пайдасы жоқ көп сөйлеу,

Мәнді сөзді шірітер.

б) Ақылсыз бас екі аяққа дамыл бермес.
18-жаттығу.
Мақсаты: Қалай қолдануға болар еді? 1. Сөйлемді керекті

синонимдерді қойып, ретке келтіріңдер.



а) Тутін түтет,

өсе бер.

Немерелер көбейсін, шөберелер.

ә) Аңдыған қасың да,

Тоғысар бәрі осында.

• 2. Түтін түтет, тоғысар сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздік

арқылы анықтап, сөздік дәптерлеріңе жазыңдар.
19-жаттығу.
Мақсаты: Берілген сөздердің мағынасын синонимдері арқылы анықтап, сөйлем құраңдар.

Үлгі: кір шалдырмау, ұятқа қалдырмау, дақ түсірмеу;

Ата-анаңа кір шалдырмай әдепті бол.

Сөздер: а) ит өлген жер, ...

ә) көзді ашып жұмғанша, ...

б) төбе шашы тік тұру, ...

43

в) мойнына су кету, ...



г) жүрек жалғау, ...
20-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген жұмбақтардың шешуін тауып, асты сызылған сөздер бойынша синонимдік қатар жасаңдар.
а) Әдемі түнде,

Мен жүрсем, жүреді бірге.

(ай)
ә) Кундіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

(жұлдыз)
б) Жаурағанды күлдірер,

Аяғы жоқты жүргізер,

Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер.

"Жыл он екі ай"
21-жаттығу.
Мақсаты: Сөздерді оқып, мағыналарын ашып түсіндіріп,

Синонимдерді өзара топта.

Аңғар. Алыс. Сұлу. Байқа. Әдемі. Қашық. Алшақ. Сүйкімді. Кең.

Ажарлы. Үлкен. Шалғай.


22-жаттығу.
Мақсаты: Берілген сөз тіркестерінің синонимдік қатарларын

тауып, сөйлем құра.

Үріп ауызға салғандай. Жан сауғалау. Аты шулы. Қой аузынан

шөп алмас.


23-жаттығу.
Мақсаты: Берілген сөйлемдерден синоним сөздерді тауып, сөйлем мүшесіне талда.

44

1. Абай мен Ербол екеуі де қатты жүріске шыдамды, берік болатын.



2. Бұланбайды қайрайда, сергіте сөйледі.

3. Жанат жігерсіз, сүйексіз, намыссыз жігіт емес еді?


24-жаттығу.
Мақсаты: Берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, синонимдік қатар құра:

Жаз, көк, олқы, жай, кем, таян, сүйен, өр, тіре.

Тиісті жұрнактар: іс, тем, лық, ылым, шілік, іш, к, ғытұрым,

ыш.
25-жаттығу.


Мақсаты: Көп нүктенің орнына тиісті синоним сөздерді қойып, 1-

сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

1. Қазіргі Тоғжан ... үлбіреп, толқып, ... келіп, ... қайтып тұратын қызыл арай ... жок. 2. Құдықты ... қазып, самауырды ... қойып жіберіңдер.

Тиісті синонимдер; шапшаң, реңі, лезде, жүзінде, тез, сәтте.





  1. 6."Антоним" тақырыбына байланысты

тіл дамытуға арналған жаттығулар
1-жаттығу.
Мақсаты: Бірінші топтағы сөздердің антонимдерін дұрыс

тауып жазыңдар.


Қуаныш Суық

тату дұшпан

ыстық реніш

дос араз

мейірімділік ескі

жаңа жауыздық
2-жаттығу.
Мақсаты: Берілген мақал-мәтелдерді аяқтап, антоним сөздерді табыңдар.

45

1. Көп сөз — көмір,.........



2. Ер жігіт ел үшін туады,.........

3. Ер бір рет өледі,.........

4. Жақсы дос ашып айтар,.........

5. Еңбек асырар,.........

6. Білім арзан,.........

7. Басы таудай,.........


3-жаттығу.
Мақсаты: Берілген антонимдер бойынша мақал-мәтелдер теріп

жазыңдар.



а) дұшпан — дос

ә) жақсы жаман

б) жұмық ашық

в) тойып — тоңып

г) ер қорқақ

Үлгі: Жақсы журген жеріне кент салар,

Жаман жүрген жеріне өрт салар.
4-жаттығу.
Мақсаты: 1. Төменде берілген тіркестердің антонимдік жұптарын

табыңдар. 2. Сөйлем құрап, мағыналық ерекшелігін байқандар.



Бағы тайды, қоян жүрек, ант ішті, ит өлген жер, тілі байланды, көкірегін көтеру, қам көңіл.

Үлгі: Бағы тайды - бағы жанды.


5-жаттығу.
Мақсаты: Мәтінді оқып, әр сөйлем кұрамынан антоним

сөздерді тауып, олардың мағыналарын анықта.

/. Кыс өтіп, көктем туып келе жатты.

2. Жанбосын екеуіміз өш едік.

3. Айдар екеуіміз дос болып қалдық

4. Құс ұйқылы Сембай атам таңертең бәрімізден бұрын

түрегелді.

5. Мен кеш тұрамын.

(Б. Соқпақбаев)

46

6-жаттығу.


Максаты: 1. Берілген кроссвордтан 9 жұп антоним сөздерді тауып көшіріңдер. 2. Екі жұп антонимдерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

7-жаттығу.


Мақсаты: 1. Берілген жаңылтпаштағы асты сызылған сөздің

антонимін табыңдар. 2. Сол сөзді пайдалана отырып, жаңылтпаш

тексіне өзгерту енгізіндер.

Ақ тайыншаның қатығын

Аппағыма беремін.

Аппағымның атын тез

Айтқаныңа беремін.

• 3. Сөйлемдегі сөздер байланысқа түсу үшін қай сөзге қандай

қосымшаның түрін жалғау керек, көңіл аударыңдар.
8-жаттығу.
Мақсаты: 1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,

сөйлемдерді көшіріңдер. 2. Антоним сөздерді жұп-жұбымен теріп

жазындар.

47


а) Қ.. .ран баласына дуние әр... кең, әр... тар.

ә) Достары да.. емес, жаулары одан да көп.

б) Мен елімнің күзетемін ақ қ... с... н.

в) Ж.. .з жадырап келді.
9-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген жұмбақты мәнерлеп оқып, шешуін табыңдар. 2. Асты сызылған сөзге қарама-қарсы мағынасы бар сөзді тауып, сөйлем құраңдар.

Самұрық құс самғады,

Көктен өтіп,

Айға жетіп

Жеңілдеді салмағы.

(космос кемесі)
10-жаттығу.
Мақсаты: 1. Төмендегі сөздерге мағынасы қарама-қарсы

сөздер тауып жазындар.



Биік үй, кең бөлме, суық жел, жақын жер, жарық бөлме, қас адам, қалың шаш, ілгері жүру, ерте тұру, сұйық тамақ, жұқа кітап, ақ мата, жаңа киім.

2. Асты сызылған тіркестерді антонимдік жұптарымен қатыстырып, сөйлем құраңдар.


11-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген өлеңнің қай ақынның өлеңі екенін

табыңдар.

2. Антонимдерді теріп жазыңдар.

а) Кең сауырлы, тар мықын,

қолбағайлы.

Алды-арты бірдей келсе

өрге жайлы.

в) Айнадай төңкерілген үстінде аспан,

Төменде көк толқындар көбік шашқан.

48
12-жаттығу.


Мақсаты: 1. Берілген мақалдардың мазмұнын түсініп, асты

сызылған сөздің антонимін табыңдар.



а) Жаман болса туысың,

Туыспай-ақ құрысын.

ә) Өжет адам өлімді жеңеді.

б) Ойлай білсең, дана боларсың.

2. Сол антонимнің екінші жұбы қатысқан үш нақыл сөз ойлап табыңдар.
13-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген өтірік өлең жолдарының үшінші, төртінші жолын өздерің шығарындар. 2 Асты сызылған сөздің антонимін тауып, сөйлем құрандар.

Ақ күшігім қасқырға қой бақтырды,

Арыстанды ай бетіне лақтырды.

Жолбарысты астына......

Түлкі шіркін.........
14-жаттығу.
Мақсаты: 1. Сөйлемдегі сөздерге лексикалық талдау жасаңдар. 2. "Сотқарлау", "кешке" сөздерінің әрі синонимін, әрі антонимін табыңдар. 3. Синоним сөздерді қатыстырып, сөйлем құрандар.

а) Менің інім сотқарлау. ә) Дұрысын айтқанда тәртібі "үш". б) Кешке жақын інім үйге келді. в) Үсті-басы малмандай су. г) Жанында балалар бар.
15-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген жұмбақтың шешуін табыңдар. 2. Сөйлемдегі "бұзық" сөзінің антонимін әрі синонимін тауып, мағынасын сөйлем құрау арқылы дәлелдеңдер.

Мұз жарғыш жүзіп келеді,

Бауыры қызып келеді.

Абайла ойып түсер,

Мұндайлар бұзық келеді.

49

16-жаттығу.


Мақсаты: 1. Бірлік туралы антонимдік жұптар кездесетін мақал-мәтел тауып жазыңдар. 2. Мазмұнын айтып беріңдер.

а) ащы тұщы б) дос дұшпан

ә) алыс жақын в) байлық - жарлық

г) ұзын қысқа
17-жаттығу.
Мақсаты: Антоним сөздерді қатыстыра отырып, берілген мазақтау өлең мәтініндей өздерің е төрт жол өлең жазыңдар.
Қайрат жақсы деймін,

Нанын алдап жеймін.

Алдағанға көнбесе,

"Жаман бала " деймін.
Үлгі тақырыптар: «Екілік алғандарға», "Мақтаншақ",

«Өтірікші».


18-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген сөздерден антонимдік жұп жасаңдар.

Сол жұптарды қатыстырып сөйлем құрандар.



қуану, терең, оңай, ашу.

Үлгі: қуану - ренжу. Өмірде кейде қуанышы мен реніші қатар жүреді.


19-жаттығу.
Мақсаты: 1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді толықтырыңдар. 2. Көп нүктенің орнына қойылған сөздердің мағынасына көңіл аударыңдар. Мағынасына қарай қандай сөздер тобына жатады?

а) Берерменге бесеу... , аларманға алтау...

ә)... бір жылғысын ойлайды, ... бір күнгісін ойлайды.

б) Күн... болғанымен, ғұмыр....

в) Көз — ..., қол —....

г) Ашу —... , ақыл —....

50

20-жаттығу.


Мақсаты: 1. Берілген өленді жаттап алыңдар, антоним сөздерді топтап жазыңдар. 2. Мойымаған, сыйлы сөздерінін, синонимдік қатарын жасаңдар.

а) Әкем шопан ауылда,

Мойымаған дауылға.

Еңбек ері атанған,

Сыйлы бүкіл ауылға.

ә) Батыр Ана — анам да,

Батыр үлкен ағам да.

Ал уйдегі әжеміз,

Алғыс айтар заманға.

(Ж. Кененбаев)
3. Бас әріппен жазылған сөздердің жазылу себебін

түсіндіріңдер.


21-жаттығу.
Мақсаты: Берілген сөйлемдерден антонимдерді тауып, жұп-жұбымен бөліп жаз.

1. Ащы мен тұщыны татқан білер, жақын мен алысты жортқан білер.

2. Айнадай төңкерілген үстімде аспан, төменде көк толқындар көбік шашқан.

3. Жоғары төмен үйрек қаз, ұшып тұрса сымпылдап.


22-жаттығу.
Мақсаты: Асты сызылған сөздерге, мағынасы қарама-қарсы сөздер тауып жаз.

Үзақ жол, биік ағаш, жылы киім, қалың кітап, жас адам, алыс жол.


23-жаттығу.
Мақсаты: Мына сөздердің антоним бола алатынын немесе антоним бола алмайтынын түсіндір.

Қарлы-қарсыз, елді-елсіз, бару-бармау, ал — алма т. б.

51

24-жаттығу.


Мақсаты: Берілген өлең шумақтарынан антонимдерді тауып, алғашқы шумақты сөз құрамына талда.
1. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртын,

Жақсы менен жаманды айырмадың.

Бірі қан, бірі май боп екі ұртың. (Абай)


2. Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады,

Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.


3. Көп ақымақтың ағасы болғанша,

Бір ақылдының інісі бол. (Мақал)


4. Дос жылатып айтады.

Дұшпан күлдіріп айтады.


25-жаттығу.
Мақсаты: Берілген сөйлемдерден антонимдерді тауып, қай сөз табынан болып тұрғанын түсіндір.
1. Көз-корқақ, қол-батыр.

2. Өтірік - каңбақ, шын - салмақ.

3. Үстім – көк, астым - теңіз, атым - кеме,

Толқынмен жаным жастай араласқан.

52

II. ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН

ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР ЖӘНЕ ОҒАН

ҚЫСҚАПІА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бұл топқа лексикалық ойын жаттығулары, лексикалық перфокарта, лексикалық сызғышпен және сүретпен жұмысты жатқызылды.

Лексикалық ойын жаттығуларының оқушының белсенділігін арттырып, тілін сындыра білуде әрі сөздік қорын молайтып, сөзді орынды қолдана білуге үйретуде алар орны ерекше. Сондықтан лексикалық тақырыптармен байланыста тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде мынадай ойын түрлері іріктеліп алынып, олардың өзі іштей лексикалық тақырыптың синтаксис пен стилистикаға катысына қарай; лексикалық тақырыптың, сөз мағынасының фонетикаға қатысына карай топталынды.



2.1 Лексикалық такырыптардың синтаксиспен, стилистикамен байланысын көрсететін ойын жаттығулары
а) "Сөйлем сазы" ойыны.

Ойынға қатысушылар үш-үштен бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем болып бөлініп (омырауларына белгі қадап) берілген мәтінді (ол әдебиет оқу кітабынан алынады) кезегімен сазын келтіре оқиды. Қатысып отырғандар кімнің қалай окығаны жөнінде өз пікірлерін айтады. Ойынға қатысушылардан кімнің оқығаны ұнаса, сол "мәнерлі"

бала болады.

а) "Тіл сындыру" ойыны.

Мақсаты: Ақындық өнерді байыптауға үйрету. Бірінші үлгі

ретінде М.Әлімбаевтың "Тіл сындыру" өлеңі беріледі.

Өлеңде зат есім сөз аталады да, сол затқа тіркесе қимылды

білдіретін сөз ұйқасы келеді.

Мысалы: Ат



Атпен шап,

Доп

Допты соқ.

Жер

Жеміс тер.

53

Бұл әдіс өлең жазудың әліппесі секілді. Осы ретте тілге тиек етер әр түрлі суреттер көрсете отырып, бірнеше ұйқастар түрін жасата беруге болады. Мысалы, иненің, жіптің суретін көрсету арқылы:



Ине мен жіп,

Жыртықты тік.

Осыдан барып ұйқастар туа береді:



Ине мен жіп,

Көйлекті тік.

Жіп пен ине,

Қадап ал түйме.

б) "Ұйқасын тап".

в) "Сөз сыры".

г) "Өз орныңды тауып тұр".


2.2. Лексикалық тақырыптардың фонетикамен байланысын

көрсететін ойын жаттығулары
а) "Адасқан әріптер" ойыны.

Мақсаты: Дыбыстың сөз жасаудағы рөлін ашу. Дыбыс алмасуының сөз мағынасына қандай әсері барын байқату.

Үлгі: оқшуы, мғұлаім, башсы, ойнышқы, кздесуге, үйішк, т. т.



ә) "Ойлан тап" ойыны.

Мақсаты: Бұл ойын арқылы берілген буындар бойынша сөз ойлатып, оқушының сөздік қорын молайту.

1. "А" буынды сөз ойла:

Үлгі: а) Бас киім: м а л а қ а й

ә) өсімдік а а а

б) құс а а а

в) жазба еңбек а а а

г) ағаш а а а

д) өте ұсақ зат а а а

2. "ға" буынымен аяқталатын бірнеше сөз ойла:

Үлгі: Бал ға

ға

ға


ға

ға


ға

ға


ға т. т.

54

3. "ғақ" буынына аяқталатын сөз ойла:



Үлгі: Тар ғақ

т. т.

2. 3. Лексикалық перфокарталар мен лексикалық сызғыш
а) "Лексикалық перфокартаны" сөз мағынасын айыру үшін, әсіресе "Көп мағыналы сөздер" мен "Омонимдердің" ара жігін ажыратып көрсетуде қолданылғаны дұрыс. Мұнда перфокарта да белгіленген сөздің мағынасын оқушы өзінің ойластырған сөйлемі арқылы айкындайды. Әсіресе жеке оқушының қабілетін байқауда орны ерекше.


1 - Кесте.


Сыр











Сыр





2 - Кесте.


Жастық











Жастық



ә) Ал "Лексикалық сызғышпен" жұмыс жасауды "Синоним" тақырыбына байланысты тіл дамыту жаттығуын жүргізгенде қолданған пайдалы. Бұл жұмыс түрі бойынша жеке окушының



55



56
Ш. ЛЕКСИКАДАН АЛҒАН БІЛІМІН ТЕКСЕРУГЕ



АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ ЖАТТЫҒУЛАР
3.1.Еркін диктантқа арналған мәтіндер. Әрі оны жүргізудің

әдістемесі бойынша қысқаша нұсқау.
Диктанттың бұл түрі оқушылардың тілін дамытып, емледен қате жібермеуге төселдіреді, әрі өз ойларын сауатты жазуға баулиды. Лексикалық тақырыптар негізінде еркін диктантты былай жүргізуге болар еді. Диктант мәтінін оқи отырып немесе кодоскопты пайдалана отырып тақтаға түсіру арқылы дәптерлеріне жаздыртып, нақты тілдік тақырыптың негізінде диктант мәтініне өзгерту енгізіледі. Мұнан оқушының сөз мағынасын дұрыс түсінуі, тиімді қолдана білуі байқалады.

Еркін диктантты 45 минут жүргізу шарт емес, ол тіл дамыту мақсатындағы творчестволык жаттығу ретінде аз ғана уақыт ішінде алынып, қорытындысы бірден шығарылады.



I. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы мен көп мағыналық, омонимдер тақырыбына негізделген еркін диктант мәтіндері.
Ән
Абат үйден далаға ыткып шықты. Алкынған күйі үй алдындағы ашық алаңға тоқтады да, көз ұшындағы көкжиекке тесіле қарады. Ол соншалық сезімде, ой құшағында тұр. Басынан кешкен бір окиға қарсы алдынан тізбектеліп өте берді. Абат пианиноны жақсы ойнайтын. Бүгін де әуен сазына берілген.
Абзал анамен кездесу
Өзіміздің институтта сабақ беретін ашық жүзді, ақ шашты Әлима апайдың Мәншүктің анасы екенін білгенде, мен қатты толқыдым. Кейінірек осы кісінің Мәншүк туралы қызықты әңгімелерін төсіркей тыңдадым. Бірде мені қасына шақырып алып: "Мәншүгім менің", - деп бетімнен сүйгені әлі есімде.

Жазда

Балақай-ау, балақай,

Жаз келеді-ау, алақай.

57

Жалаң аяқ жүреміз.



Көлден балық сүземіз,

Жалтылдатып тіземіз.

Тау мен тасты кеземіз,

Сан қызықты көреміз,

Сайдан жидек тереміз

Тайға мініп желеміз,

Алтыбақан тебеміз,

"Ақ сандық, көк сандық", 46-бет
Кешкі көрініс
Көшпелі көк бұлт көлеңкесін көлге түсіріп, айнаға қарап сыланады. Кешкі күн екі көлге кезек шомылып жарық-жұрқ етеді. Біз таза ауаны тойғанша жұтып, колхоз егінінің ортасында тұрмыз. Қос шалқарды екінші көргенімде әуе айналған ыстық еді. Алдынан санағанда жиырма екінші өгіз арбасында келемін.

(Ғ. Мүсірепов "Қос шалқар")
Қасқырдың қойшыларға айтқаны
Бала қойшы,

Алыста ойнап қала қойшы!

Төрт қойшы,

Төбе койшы,

Бір тоқтыңды бере қойшы!

Үш қойшы,

Өле қойшы,

Ең кішіңді көме койшы!



"Ақ сандық, көк сандық" 68 бет.
Сәулет сәні
Тарихи ескерткіштердің бір тармағы — зәулім ғимараттар. Даламызда бой көтерген Сәулет өнерінің сан ғасырлық тарихы бар. Осы мәдениеті-міздің баға жетпес кұпия сырларын танып білсек, одан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Балаларымыздан қалған мұра жел соқса уілдеп үн қатып, сыбырлай сыр шертеді.

Ғ .Апанбеков

"Қазақтардың дуние танымы"

58
Асан мен Үсен


Жұртта бір көзі сынған ине жатыр екен, оны алды. Бір пышақтың сынығын, бір-екі уыстай қыл тауып, оны да алды. Сонан соң сол ауылдың жұртын айнала жүгіріп жүріп, көштің кеткен сүрлеуін тауып сол сүрлеуге түсіп жүре берді.

Біраз жер өткен соң сүрлеу екі айырылды. Мұны көріп Асан жылай бастады.

- Енді қайсысына түсеміз, - деп, Үсен қарап жүріп, біреуіне түсті.

Ы. Алтынсарин

"Бай баласы мен жарлы баласы "

Ұлы достық
Достықтың арманы кең, тамыры терең. Күн сәулетті Қазақстан ынтымағы жарасқан көп ұлтты республика. Оның кең байтақ далалары мен сәулетті калаларында жұзден астам ұлттың өкілдері тату-тәтті тұрады. Олардың мұрат, мақсаттарынан болаттай берік достықтың белгілерін байқау қиын емес.
Жаңа достар
Рахметтің үй іші. Маңғыстауға көшті. Манғыстау Қазақстанның батысында, Каспий теңізінің жағасында. Алғашында Рахмет куанып кетті. Ол Алматыдағы достарымен қоштасарда қинала бастады. Рахмет жаңа достар да тауып алды. Рахметтің бұл достарының көбі Тұркменстаннан, Азербайжаннан, Өзбекстаннан келген.

"Балдырған" журналынан
Көкшетау
Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсысы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа жұпар иісі,

Көкірек қанша жұтса тоясың ба.



С. Сейфуллин

59

"Синоним", "Омоним" тақырыбына негізделген еркін



диктант мәтіндері:
Тапқырлық
Біраз жүрген соң Асан қарным ашты деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуінің алдынан бір үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды.

Асанның онымен ісі болмай жүре береді. Үсен жүгіріп барып сипалап жүріп, үйректің орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп еді, Үсен алдырмады.

— Жолдан адасып көп күн журсек, бізге тамақ керек болар, үйректі де ұстап алайық, - деді.

Ы. Алтынсарин "Бай баласы мен жарлы баласы "
Парыз
Адамға өз ісін жете білу парыз. Ол үшін оқып үйрену керек. Білгенді пайдалы іске, ізгілікке жұмсау қажет. Ата-ананың парызы - ұрпағына ана тілін, ата-баба салтын, дәстұрін қастерлетіп тәрбие беру. Бала үшін ата-ананы сыйлау парыз.

Ғ. Ақпанбеков "Қазақтардың дүниетанымы"
Кереге
Кереге — киіз ұйдің қабырғасы. Ол арнайы иіліп қырналған ағаштан құрастырылады. Үй жасауға қажетті ағашты таңдап алады. Қозға салып балқытады, тезге салып иеді. Керегенің басы мен аяғы иіліп, сыртқа қарай шалкайтылады. Сонда кереге желісінің жанабы екі кубтық парабола тәрізді болып шығады.

Ғ. Ақпанбеков "Қазақтардың дүниетанымы "


Тентек қозылар
Асқар-асқар тауларда бір Арқар өмір сұріпті. Оның сұр қозысы болыпты. Ол енесінің айтқанын тыңдамай, өз

60

бетінше тоғай аралап, биік таудың басына шығып, көрінген шөпті жей береді екен.



Бірде енесі бұлақка су ішуге барғанда, сұр қозы тоғайға кіріп кетеді. Тоғайда серуендеп біраз жүрген соң, үйге қайтпақ болады. Бірақ әрі жүреді, бері жұреді, тоғайдан шығатын жолды таба алмай калады.
Аңшылық та ептілік
Абайдың Зихайыл деген баласы мерген боламын деп, бір ат беріп, құс мылтығын сатып алыпты. Бір күні Абай баласынан " Балам, ештеңе аттың ба?" - дегенде, баласы: " Жоқ, ата алмадым, мылтық қисық екен ", — депті.

"Балдырған" журналынан
Бес саусақ
Шаруашылық есебін жұргізу үшін қарапайым есептің білімдар негізін білу қажет екендігі белгілі.

Бес саусақты әр түрлі есептеулерге пайдаланудың бірнеше әдісі бар.

Мәселен әр саусақты бүгіп санау немесе жұмылған саусақтарды жазып санау. Енді бір түрі төрт саусақты қолдану. Бармақпен әр саусақтың буындарын нұқып санау. Төрт саусақтағы буындар саны он екі. Санаудың бұл тұрі — мүшел есебіне, ай ретін санауға бір тәуліктегі сағат санын есептеуге өте ыңғайлы.

Ғ. Ақпанбеков "Казақтардың дүниетанымы "
Ақку
Көлге көрік, жағаға сән беретін, ал ұша қалса аспандағы ақша бұлтқа ұқсайтын әсем де сұлу құсты өздерің де талай көрген боларсыңдар. Оның аты түсіне байланысты қойылған. "Ақку" дегендегі алғашқы буын - "Ақ". Өздерің күнде қолданып жүрген заттың түсін біддіретін "Ақ" сөзімен мағанасы бір.

61

Қазақстаным


Қазақстан — туған жерім, мақтаным,

Өзің жайлы жырды талай жаттадым.

Ертеңдерге шақырады еріксіз,

Әр күн сайын күліп атқан ақ таңым.

Қазақстан — туған жерім, мақтаным,

Жемістерін ұсынады бақтарың.


Киіз үй
Киіз үйдің құрылымдық ерекшелігіне қарасақ жинақылығы мен ыңғайлылығы керемет. Сәулеттік шешімі мен пішіні сұлулығымен дараланып тұрады. Ғалымдар мен мамандар киіз ұйді сәулет өнерінің әлемдік озық үлгісінің бірі деген пікірде. Ақиқатында бұл асыра айтқандық емес.
Бала — өмірдің жалғасы
Бала - өмірдің қызығы, көңілдің қуанышы, көздің нұры, ата-ананың қымбаты. Жақсы бала - сарқылмас байлық, өшпес шырақ, өлмес ұрпақ, солмас гүл, сарқылмас жыр.

"Бала" деген сөзбен "бақыт" деген сөз - егіз. Сол бала мен бақытты қорлаушы, кұртушы, тонаушы тек қана соғыс.

62


Жахина Бәрия Бадыққызы

ТІЛ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР.
(Лексика тарауы бойынша)

ИБ №469
Басуға 03.01.2002 қол қойылды. Пішімі 84х108'/32. Офсеттік кағаз. Қаріп түрі "Таймс". Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 4,1.

Шартты бояулы беттаңбасы 4,2. Есептік баспа табағы 4,0.

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және коғамдык

келісім министрлігінің "Білім" баспасы, 480009, Алматы

қаласы, Абай даңғылы, 143-уй,



телефон 77-89-84.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет