Б. Г. Искакова есеп және қаржы кафедрасының меңгерушісі


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті



бет5/8
Дата29.01.2018
өлшемі3,73 Mb.
#36213
1   2   3   4   5   6   7   8

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КӘСІПТІК САРАМАНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЕРЕЖЕЛЕРІ

ОРАЛ 2011

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Бекітемін

М.Өтемісов атындағы

БҚМУ ректоры

___________А.Иманғалиев

___ ___________ 2011 ж.

Кәсіби сараманды ұйымдастыру
ЕРЕЖЕЛЕРІ

ОРАЛ 2011

Бұл Ережеде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби сараманын ұйымдастыру мәселелері, өту тәртібі, есеп беру және қорытындысын шығару, практиканың түрлері бойынша оның мазмұны мен есебін дайындауға қойылатын талаптар келтірілген.

Ереже сараманды ұйымдастыру мен өткізуге тікелей қатысы бар университеттің барлық құрылымдық бөлімдеріне арналып жазылған.

Ережелер М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дің оқу-әдістемелік кеңесінің 2011 жылдың « » ___________ отырысында қаралып, ұсынылған, № хаттама

БҚМУ, 20 11
1. Қолдану саласы
Кәсіби сараманды ұйымдастыру туралы бұл Ереже 5.03.005-2009 ҚР МЖМБС «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Кәсіптік практика. Негізгі ережелерге» сәйкес сараманды ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай талаптарын белгілейді.

Осы ереженің талаптары кафедралардың, факультеттер мен университеттің жұмысын ішкі және сыртқы бағалау барысында қолданылады.


2. Нормативтік сілтемелер
Осы ережеде келесі нормативті құжаттарға сілтемелер қолданылады:

2.1 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдегі № 319-ІІІ Заңы;

2.2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 02.06. № 452 қаулысымен бекітілген «Білім беру қызметін лицензиялау ережесі»;

2.3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдар кызметінің типтік ережелері»;

2.4 МЖМБС 5.04.019-2008 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер», Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген;

2.5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудан жүргізу ережелері»;

2.6 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылдағы 22 қарашадағы №566 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқу технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі».

2.7 ҚР МЖМБС 5.03.005-2009 «Қазақстан республикасының білім беру жүйесі» Кәсіптік практика. Негізгі ережелер 2009.09.01
3. Қысқартулар мен анықтамалар

3.1 Осы ережеде келесі қысқартулар қолданылады:




ҚР БҒМ

Қазақстан Республикасының білім және ғылым инистрлігі

МЖМБС

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

БҚМУ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

ПОҚ

Профессор-оқытушылар құрамы

СМжМ

Сараман, мансап және маркетинг бөлімі

ОӘБ

Оқу-әдістемелік басқармасы

GPA


Таңдалған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы оқу жетістіктер деңгейінің орташа есептелінген бағасы


4. Жалпы ережелер
4.1 Осы ережелердің мақсаты университетте білім алушылардың кәсіби сараманын ұйымдастырылуын регламенттеу болып табылады.

4.2 БҚМУ студенттерінің кәсіби сараманы білім беру процесінің ажырамас бөлігі, сонымен қатар бакалаврларды сапалы дайындауға бағытталған іс-шаралар жүйесі болып табылады.

4.3 Кәсіби сараман университетте окыту процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдылары мен жетік білімділіктің қалыптасуына, сонымен қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған.

4.4 Оқыту процесінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес кәсіби сараманның әр түрі ұйымдастырылады: оқу, педагогикалық, өндірістік, диплом алды және т.б.

4.5 Сараман жауапты кафедра кәсіби сараманнан өту базаларымен – кәсіпорындар мен мекемелермен байланыс орнатып, оқу жылының басталуына екі ай қалған мерзімде сараман, мансап және маркетинг бөліміне олармен келісім-шарт жасау үшін ұсыныстарын береді.

4.6 Университет ҚР БҒМ бекіткен «Кәсіби сараманнаң ұйымдастыру бойынша типтік келісім-шарт» формасына сәйкес сараманды базаларымен келісім-шарт жасайды. (1-қосымша)

4.7 Университеттен тыс өтетін сараманды білім алушыларды жіберу университет ректорының бұйрығымен рәсімделеді. Бұл жерде практиканың өту мерзімі, базасы және жетекшісі көрсетіледі.

4.8 Сараманның жетекшілері ретінде мамандықтың ерекшелігін және сараман базасының қызметін жақсы білетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.

4.9 Сараман жетекшісі сараманның алдында білім алушылардың қажетті дайындығын ұйымдастырады, сараман бағдарламасына сәйкес консультациялар өткізеді, күнделіктерін және есеп беру бойынша әдістемелік нұсқауларды береді, сараманның өтілу барысына бақылау жүргізеді, сараман бойынша білім алушылардан есебін тексереді, кафедраға сараманнан өткені туралы жазбаша пікір береді, сараман жөнінде есепті қорғауға қабылдайды.

Білім алушыларға кәсіби сараманға шығар алдында берлеген жолдама сараманның орны мен уақытын растауды рәсімдеу мақсатында практика өтетін жерге тапсырылады.

4.10 Сараман түрлері, формалары және есеп беру мерзімі бойынша ақпаратты студентке оқу жылының (семестрдің) басында береді.

4.11 Сараман барысындағы білім алушының міндеттері:

- сараман бағдарламасын толық орындау, тағайындалған нұсқа бойынша сараман күнделігін жүргізу;

- сараман базасының ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;

- еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасының және өндірістік санитария ережелерін оқып, оларды қатаң сақтау;

- тиісті кафедраның тапсырмасы бойынша ағымдық жұмыстарға қатысу;

- белгіленген нұсқа бойынша толтырылған машықкердің құжаттарын сараман жетекшісіне тапсыру.

5. Оқу сараманы
5.1 Оқу сараманы түрлеріне таныстыру, технологиялық, клиникалық, т.б. сараман жатады. Оқу сараманының бағдарламасын жалпы университеттік немесе шығарушы кафедра жасайды.

5.2 Оқу сараманының мақсаты – білім алушыларды университеттің қызметінің бағыттарымен, оқылатын мамандықтардың білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіби қызметтің түрлерімен, функцияларымен және міндеттерімен таныстыру.

5.3 Оқу сараманының базалары: университеттің оқу шеберханалары, зертханалар, оқу шаруашылықтары, клиникалар, тағы басқа университеттің оқу-қосымша бөлімшелері, сонымен қатар мамандықтың болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдары. Егер оқу сараманы университеттен тыс мекемелерде өткізілген жағдайда тиісті келісім-шарт болуы керек.

5.4 Оқу сараманының құрамы 30 адамнан аспайтын топтарда ұйымдастырылады. Қауіпті өндіріс орындарымен байланысты мамандықтарда топты топшаларға бөлуге болады.

5.5 Студенттердің оқу сараманы 1-3 курстарда жұмыс оқу жоспарларына және академиялық күнтізбеге сәйкес ұйымдастырылады.

5.6 Оқу сараманының өтілу мерзімі негізінен 2-3 апта құрайды.


6. Педагогикалық сараман
6.1 Педагогикалық сараман мамандықтың МЖМБС-да қарастырылған.Сараман мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетілген.

6.2 Педагогикалық сараман қарастырылған базалық және профильдік пәндер циклы аяқталғаннан кейін немесе оқытудың теориялық курсы толығымен біткеннен кейін ұйымдастырылады.

6.3 Педагогикалық сараманның мақсаты:

- жалпығылыми, мәдениеттілік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және базалық немесе профильдік пәндер бойынша білімдерін тереңдету және бекіту;

- теоретикалық білім негізінде педагогикалық, дағдылары мен іскерлігін және құзіреттілігін қалыптастыру.

6.4 Педагогикалық сараман жалпығылыми, дидактикалық, әдістемелік, пәндік және психолого-педагогикалық дайындығын біріктіруге бағытталған.

6.5 Педагогикалық сараманның бағдарламасын кәсіптік оқыту кафедрасы дайындайды және факультет деканы бекітеді.

6.6 Педагогикалық сараманның бағдарламасы оқушылардың кәсіптік-маңызды дағдыларына және негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталуы керек:

- оқыту процесі мен тәрбиелеудің негізгі компоненттерін жоспарлау, болжау, талдау;

- оқыту құралдары мен қолданатын әдістердің дидактикалық мақсаты мен мәселелеріне сәйкестік дәрежесін анықтау;

- оқушылардың танымдық, еңбек, қоғамдық, табиғатты қорғау, деңсаулық сақтау, ойын және басқа да іс-әрекетінің түрлерін іске асырудың түрлі формалары мен әдістерін қолдану;

- оқушылармен олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жеке жұмыс атқару;

- педагогикалық процес жағдайына педагогикалық диагностика өткізу;

- оқушылардың, педагогтардың және өздерінің іс-әрекет нәтижелерін бағалау.

6.7 Педагогикалық сараманға академиялық қарызы бар студенттер жіберілмейді. Тапсырылмаған пәннің сараманға жанама қатысы болған жағдайда ғана студент сараманнан өте алады.

6.8 Педагогикалық сараманның базасы жалпы орта білім беру, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады.

6.9 Педагогикалық сараманның ұзақтығы және саны тиісті мамандықтың МЖМБС-мен анықталған.


7. Өндірістік сараман
7.1 Барлық мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімінде өндірістік сараман қарастырылған, олардың ұзақтығы мен еңбексиымдылығы кредит түрінде тиісті мамандықтардың МЖМБС-да және жұмыс оқу жоспарларында анықталған.

7.2 Өндірістік сараман қарастырылған профильдік пәндер циклы аяқталғаннан кейін немесе оқытудың теориялық курсы толығымен біткеннен кейін ұйымдастырылады.

7.3 Өндірістік сараман білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған және кәсіби қызметін практикалық меңгеруіне мүмкіндік береді.

7.4 Өндірістік сараманның мақсаты:

- оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту;

- практикалық және басқару мәселелерін шешу дағдыларына үйрену;

- нақты өндірісте бакалаврдың кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен танысу;

- өзіне мақсат қою, кәсіби іс-әрекетінің мәселеллерін анықтап оларды өндірістік жағдайда шешу іскерлігін қалыптастыру.

7.5 Өндірістік сараманның міндеттері – университте теориялық кәсіби пәндерді оқу барысында алған білімдерін нақты өндіріс жағдайында бекіту тереңдету және жүйелеу, сонымен қатар алғашқы практикалық тәжірибе жинақтау.

7.6 Өндірістік сараман барысында студенттер таңдаған мамандығы бойынша тәжірибелік білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастырады.

7.7 Өндірістік сараман өту барысында кәсіби сараманның бұрынғы кезеңдерінде алған білімі мен дағдыларына сүйенеді. Осының нәтижесінде мамандықтың практикалық дағдыларын игерудегі сабақтастықтың сақталуы қамтамасыз етіледі.

7.8 Өндірістік сараман дербес түрде өткізіледі.

7.9 Өндірістік сараманнан өтуге студенттер сараман, мансап және маркетинг бөлімі келіскен мекемелерге жіберіледі. Педагогикалық емес мамандықтардың студенттерінде мекеме берген сұраныс қағазымен қалалық мемекемелерден сараманнан өту мүмкіндігі бар.

7.10 Өндірістік практика мамандықтың жұмыс оқу жоспарында қарастырылған. Күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне практика мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетіледі.

7.11 Сырттай оқу бөлімінің студенттері мамандық бойынша жұмыс істеген жағдайда өндірістік практикадан босатылады. Бұндай жағдайда студенттер университетке жұмыс орнынан анықтама мен кәсіптік қызметі баяндалған мінездеме алып келеді.

Мамандық бойынша жұмыс істемейтін сыртқы бөлімнің студенттеріне өндірістік сараман қарастырылған, оның мерзімі деканатпен келісіліп университет бойынша бұйрықпен бекітіледі.

7.12 Өндірістік сараманның бағдарламасын шығарушы кафедра әзірлейді және ол деканатпен бекітіледі. Әр жаңа оқу жылында бағдарламаға өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп тұрады.

7.13 Өндірістік сараманға және оның мазмұнына қойылатын талаптар мамандықтың МЖМБС-да және факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясы ұсынған практика бағдарламасында белгіленеді.

7.14 Өндірістік сараман жұмыс бағыты студенттің болашақ кәсіби қызметіне байланысты ғылыми-өндірістік лабораторияларда, агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары мен мекемелерінде, әртүрлі меншіктегі ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелерінде іске асырылады.

7.15 Өндірістік сараманды ұйымдастыру және жетекшілік ету жауапкершілігі шығарушы кафедраға жүктеледі.

7.16 Өндірістік сараманды ұйымдастыру бойынша шығарушы кафедраның міндеттері:

- сараман, мансап және маркетинг бөліміне дайындалатын мамандықтардың кәсібі бойынша жұмыс атқаратын кәсіпорындар мен мекемелер туралы мағлұмат беру;

- университеттен жетекшіні тағайындау;

- сараман, мансап және маркетинг бөліміне студенттерді сараманға жіберу жөнінде қызметтік жазба тапсыру;

- сараманға тапсырма дайындау;

- өндірістік сараманның өту барысын бақылау және есепке алу.

7.17 Сараманды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша жалпы жетекшілік университеттің сараман, мансап және маркетинг бөліміне жүктеледі (кәсіпорын, мекемелермен байланыс орнату; өндірістік сараманнан өту бойынша нақты мекемелермен және ұйымдармен келісім-шарт дайындау; студенттердің сараманнан өту орындарын уақытылы дайындау;)

7.18 Өндірістік сараманға кетер алдында студенттерге:

- сараман түрі, өту мерзімі, мекеме (ұйым) көрсетілген жолдама;

- өндірістік сараман күнделігі;

- сараман бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулар;

- машықкерге қойылатын талаптар бойынша нұсқаулар беріледі.

7.19 Бағдарламада сараман есебін жасауға және оның негізгі бөлімдерінің мазмұнына қойылатын талаптар, графикалық және демонстрациялық материалдар тізімі болуы керек.
8 Диплом алды сараман
8.1 Диплом алды сараман күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне мамандықтың МЖМБС-да және жұмыс оқу жоспарында дипломдық жұмысты (жобаны) дайындап орындау үшін қарастырылған.

8.2 Жекеленген мамандықтар бойынша диплом алды сараманның мақсаты, міндеті, мазмұны және өту мерзімі өндірістік практикамен сәйкес келуі мүмкін.

8.3 Диплом алды сараманның жетекшісі, негізінен диплом жұмысының (жоба) жетекшісі болып табылады.

8.4 Диплом алды сараманның ұзақтығы жұмыс оқу жоспарында жоспарланған академиялық сағат немесе кредитпен анықталады.

8.5 Диплом алды сараманға жұмыс бағыты студенттердің болашақ кәсіби қызметтеріне байланысты университет кафедраларында, ғылыми-өндірістік лабораторияларда, агроөнеркәсіп кешенінің түрлі кәсіпорындар мен мекемелерінде, ғылыми-зерттеу және әртүрлі меншіктегі жобалау мекемелерінде жүзеге асырылады.

8.6 Сараманның мақсаты:

- кәсіби пәндер саласында теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту;

- мамандық бойынша практикалық тәжірибе мен дағдыларын қалыптастыру;

- дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін қажетті материалдарды жинастыру және жүйелеу.

8.7 Диплом алды сараманды ұйымдастыру үшін шығарушы кафедраның міндеттері:

- сараман, мансап және маркетинг бөліміне дайындалатын мамандықтардың кәсібі бойынша жұмыс атқаратын кәсіпорындар мен мекемелер туралы мағлұмат беру;

- университеттен жетекшіні тағайындау;

- сараманға тапсырма дайындау;

- диплом алды сараманның өту барысын бақылау және есепке алу.

8.8 Диплом алды сараманның мазмұны дипломдық жұмысының (жоба) тақырыбымен анықталады.

8.9 Диплом алды сараманның бағдарламасына бакалаврды дайындаудың қорытынды кезеңін және дипломдық жұмысты (жобаны) сапалы орындауға қажетті сұрақтар кіру керек.

8.10 Диплом алды сараман кезінде білім алушы тиісті сараман базасына сәйкес кәсіби қызметі бойынша деректі материалдарын және дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбы бойынша нақты мәліметтер жинақтаумен айналысады. Сараман нәтижесі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін пайдалынады және тиісті түрде рәсімделеді.

8.11 Диплом алды сараманға және оның мазмұнына қойылатын талаптар мамандықтың МЖМБС-да және факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясы ұсынған сараман бағдарламасында белгіленеді.

8.12 Диплом алды сараманды ұйымдастыру және жетекшілік ету жауапкершілігі шығарушы кафедраға жүктеледі.

8.13 Диплом алды сараман дербес түрде өткізіледі.

8.14 Кафедра студентке сараман туралы есеп беру барысында кәсіби білімін, іскерлігін, дағдыларын тереңдетіп меңгеруге байланысты жеке тапсырмаларды, арнайы тарауды қосуға ұсыныс жасай алады.

8.15 Диплом алды сараманнан өту машықкердің өмірге деген белсенді көзқарасын қалыптастыруға, оны жоғары деңгейдегі кәсіби дайындық алуға бағыттауға, мамандық бойынша тәжірибелік білімін, іскерлігін, дағдыларын жетілдіру үшін уақытын тиімді пайдалануға мүдделі болуын көздейді.

8.16 Диплом алды сараманға кетер алдында студенттерге:

- сараман түрі, өту мерзімі, мекеме (ұйым) көрсетілген жолдама;

- дипломдық алды сараман күнделігі;

- сараманды өту бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулар;

- машықкерге қойылатын талаптар бойынша нұсқаулар беріледі.

8.17 Бағдарламада сараман есебін жасауға және оның негізгі бөлімдерінің мазмұнына қойылатын талаптар, графикалық және демонстрациялық материалдар тізімі болуы керек.

8.18 Университеттен тағайындалған диплом алды сараманның жетекшісі студенттердің практика барысын уақытында бақылап отырады.

8.19 Сараман барысында жетекшілері және өндірістен тағайындалған мамандар студенттерге қажетті әдіснамалық көмек көрсетеді.

8.20 Сараман жетекшісі сараман базасында білім алушылардың еңбек етуге жағдайларын қалыпты болуына, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау жүргізілуіне, практиканттардың ішкі еңбек тәртібін сақтауына бақылау жасайды.

8.21 Сараманның өту барысын студент күнделікке өзі жеке жазады. Сараман жетекшісі күнделіктерді қарап, өзінің қолын қойып отырады.


9. Сараманды қорытындылау және есеп беру формалары
9.1 Белгіленген мерзімде, сараман біткеннен кейін жеті күн ішінде, студент сараман бағдарламасына сәйкес жазбаша есеп толтырады.

Егер өндірістік (диплом алды) сараман шілде, тамыз айларында өтсе жазбаша есеп кафедраға күзгі семестр басталған уақытынан 7 күннен кейін тапсырылады.

9.2 Сараман өткен кәсіпорында (мекемеде) толтырылған практика есебі, күнделігі және тағы басқа деректі материалдар кафедраға тапсырылады (2, 3-қосымша).

9.3 Сараман жетекшісі есеп мазмұны және оның сараман бағдарламасына сәйкестігі туралы пікір жазады. Пікірде студенттің мәліметтерді талдау іскерлігіне және қорытынды жасап шешім қабылдау қабілетіне баға беріледі. Сонымен қатар алынған білімі мен дағдыларын, белсенділігін т.б. атап өту қажет.

9.4 Есеп кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында қорғалады.
9.5 Сараман төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін балдық-рейтинг жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар кему бойынша «А»-дан «D»-ға дейін, қанағаттанарлықсыз - «F»).

9.6 Толық кәсіби сараман 100 балмен бағаланады, онын ішінде 70%дейін жетекшісі қояды, 30% дейін есеп қорғау барысында комиссия қояды.

9.7 Сараман жетекшісі қойған және есеп берілгеннен кейінгі комиссия берген бағалардан студентке орташа баға беріледі.

9.8 Кәсіби практика бойынша аттестаттау нәтижесі академиялық рейтинг ведомосына қойылады. Академиялық рейтинг ведомосы тіркеу офисына тапсырылады.

Қорғау нәтижелері бойынша есептерді қабылдау комиссияның төрағасы есеп береді және оны кафедра отырысында талқылайды.

9.9 Академиялық рейтинг ведомосының көшірмесі студенттерді кәсіби практикасының аттестаттау нәтижесімен таныстыру үшін кафедраның ақпарат тақтасына ілінеді.

9.10 Сараманның қорытындысы GPA есептеу кезінде және курстан курсқа көшіру барысында ескеріледі.

9.11 Кәсіби сараманнан студенттің алған «Ғ» бағасы (қанағаттанарлықсыз) академиялық қарыз болып есептеледі, оны жою үшін ақылы түрде сараманнан қайтадан өту қажет.

9.12. Бекіту және қорытынды конференцияларға сараман, мансап және маркетинг бөлімінің жетекшісі немесе әдіскерлері, мектептен өкіл міндетті түрде шақырылады.

9.13. Кәсіби сараманды ұйымдастырып өткізуді жетілдіру мақсатында және оның тиімділігін жоғарылату үшін кәсіби сараманның нәтижелері жыл сайын шығарушы кафедраның отырысында талқыланады.




10. Педагогикалық мамандық студенттерінің сараманнан өту құжаттарын толтыруы туралы мәлімет
10.1. Студенттерді сараманға шығару үшін сараман жетекшілері:

  • СМжМ бөлімінде сараман базаларын нақтылайды;

  • ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына белгілі бір қауырт себептермен сұранғысы келетін студенттердің қатынас қағазы (4 қосымша), жеке құжаттарының көшірмелері мен өтініштерін (5 қосымша) сараман мерзіміне 1 ай уақыт қалғанда 10 күн ішінде жинақтайды және СМжМ бөліміне тапсырады;

  • сараманға шығу туралы қызметтік жазбаның (6 қосымша) қағаз және электрондық нұсқаларын сараманның басталуынан 14 күн бұрын үш данада (1 дана – бұйрыққа жіберіледі, 1- СМжМ бөлімінде, 1- кафедрада сақталады) тапсырады;

  • сараман басталуынан 3 күн бұрын студенттердің аты жөні тіркелген, сараман базасы мен уақыты көрсетілген жолдама (8- қосымша) дайындайды.

3, 4 курс студенттері кәсіби сараманды Орал қалалық жалпы орта білім беретін мектептерінде өтеді. Тұрғылықты жерінде сараманнан өтуге келесі студенттер жіберіледі (деканаттың қолдауы, кафедраның әдістемелік жетекшілік етуі мен бақылау жасауы ескеріледі):

- кішкене сәбиі бар немесе жүкті студенттер;

- ата-анасының бірі қатты науқас студенттер;

- өзге облыстың студенттері (сараманнан өткізіп жатқан ұйым, оқуды тамадаған соң жұмыспен қамтамасыз ететін жағдайда.)
10.2. Студенттерді сараманға шығару үшін СМжМ әдіскері:


  • барлық жиналған өтініштерге бір қызметтік жазба (7-қосымша) жазып, ректордың қарауына жібереді. Әр мамандық бойынша өтініш тапсырушы студент саны 1-2 аспауы тиіс. Рұқсат берілген студенттердің тізімі ортақ қызметтік жазбаға енгізілмей, арнайы бұйрық шығарылады. Кешігіп келген өтініштер бойынша бұйрыққа өзгертулер енгізілмейді;

  • Қалалық білім беру ұйымдарында сараманнан өтетін топтардың қызметтік жазбалары жиналып, ректордың қарауына жібереді;

10.3. Ақы төлеу үшін сараман жетекшілері:

- сараман басталған күннен сараман әдіскері ретінде бекітілген мектеп мұғалімдері мен директор/орынбасарларының тізімін СМжМ бөліміне тапсырады;

- бұрын әдіскер болмаған немесе құжаттарын ауыстырған, жұмысқа жаңадан орналасқан мұғалімдердің құжаттарын (куәлік, СТН, ӘЖК, зейнетақы келісім-шарты, төлем карточкасының көшірмесі) жинайды;

- тексерілген ақпарат бойынша мектеп мұғалімдеріне сараман уақытына келісім-шарт жасайды.

- мұғалімдердің студенттерге бөлген уақыттарын есептеп, ведомостіге толтырады (10 -қосымша);

- СМжМ бөлімі әдіскері тексеріп болған ведомостілер бойынша мұғалімдерге төлемақы беру жөнінде қызметтік жазбаны сараман аяқталғаннан кейін 7 күн ішінде тапсырады.


    1. Ақы төлеу үшін бөлім әдіскері:

  • сараман жетекшілері берген тізім бойынша базадан мұғалімдердің жеке құжаттары бойынша мәлімет береді;

  • мұғалімдерге есептелген сағаттары толтырылыған ведомостіні тексеріп, сараман жетекшілеріне қайтарады;

  • төлемақы беру туралы қызметтік жазбаларды (9-қосымша) бөлімге түскен бойда ректордың қарауына жолдайды.




    1. Сараман аяқталғаннан кейін сараман жетекшілері СМжМ бөліміне төмендегідей құжаттар тапсырады:

  • Сараман есебі;

  • Мекеме/ ұйым басшыларына жүргізілген сауалнама (сауалнама мәтіні алдын-ала дайындалып, сараман жетекшілеріне беріледі);


1 қосымша
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен кәсіпорындарда кәсіби практика өтуіне
ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМ-ШАРТ
Келісім-шарт
Орал қаласы «___» ______________ж

Біз, төменде көрсетілген, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, бұдан әрі «Университет» деп аталатын, БҚМУ Жарғысы негізінде әрекет ететін азамат Иманғалиев Асхат Сәлімұлы арқылы, екінші тараптың атынан, __________________________________________________________ және бұдан әрі «Кәсіпорын» деп аталатын, ___________________негізінде әрекет ететін____________________________________________________

арқылы, бір жағынан, өндірістік тәжірибе туралы Ережеге сәйкес төмендегі мәселелер жөнінде осы шартты жасасты.
1. Келісім шарт пәні

1.1.Келісім шарт бойынша Университет кәсіпорынға студенттерді кәсіби сараманға жіберіп, ал кәсіпорын студенттерді кәсіптік біліммен қамтамасыз етеді.



2. Екі жақты міндет
2.1. Кәсіпорын міндеттенеді:

2.1.1. Университетке ұсынылған күнтізбелік жоспарға сәйкес студенттердің өндірістік тәжірибеден өту орнын пайдалануға беру.

2.1.2. Студенттердің өндірістік тәжірибе бағдарламаларының орындалуына және жеке жұмыстарының орындалуына қажетті жағдай жасау. Тәжірибеден өтуші студенттерді тәжірибе бағдарламасында қаралмаған және мамадығына қатысы жоқ қызметтерге пайдалануға жол бермеу.

2.1.3. Тәжірибеден өтуші студенттерге өндірістік тәжірибе бағдарламаларын жете меңгеру және жеке жұмыстарды орындау үшін зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапханаларды, сызбаларды, сызу құралдарын және басқа да құжаттарды пайдалануға жағдай жасау.



      1. Студенттердің жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз ету, қажетті құжаттарды дайындау арқылы еңбекті қорғау жөнінде, кіріспе және жұмыс орындарында міндетті нұсқауларды өткізу.

      2. Студент-практиканттардың жұмысқа шығу жөнінде күнтізбелік есеппен қамтамасыз ету. Еңбек құқығы мен ішкі құқықтық тәртіпті бұзған жағдайда (мекеме, ұйымға) университетке хабарлау.

      3. Сараман мерзімі аяқталған соң жұмысшы әрбір студент-практиканттарға мінездеме беру қажет.


2.2.Университет міндеттенеді:

2.2.1. Кәсіпорынға (мекемеге, ұйымға) күнтізбелік жоспарда қаралған тәжірибеден өту уақыты бойынша студенттерді жіберу.

2.2.2. Студенттердің еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережесін сақтауын қамтамасыз ету.

2.2.3. Студенттердің өндірістік тәжірибе жетекшілері – кәсіпорын қызметкерлеріне тәжірибені ұйымдастыру және өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету.

2.2.4. Егер сарамандық жұмыстан өту кезеңінде студенттерге келеңсіз жағдай бола қалған жағдайда, кәсіпорын алдын-алу қажет,

2.2.5. Тәжірибе жетекшілері ретінде мейлінше білікті оқытушыларды бөлу.


3. Шарт ережелерінің орындалмауына тараптардың жауапкершілігі
3.1.Тараптар тәжірибені ұйымдастыру және өткізу барасында Ережеге сай әрекет ететін еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтаудағы өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін жауапты.

3.2.Тараптар арасында туындаған даулар Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген тәртіппен шешіледі.

3.3.Шарт екі тараптың қолы қойылғаннан кейін ғана заңды күшіне енеді.
4. Шарттың әрекет ету мерзімі

4.1. Қатысушы тараптармен шартқа қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жыл мерзімінде.

4.2. Келісім шарт екі данадан, екі тарапқа берілді, бірдей заңды күші бар.
Тараптардың заңды мекен-жайлары:

«Университет» «Кәсіпорын»
090000, Орал қаласы ____________________________

Достық-Дружба даңғ. 162

__________________________

М.Өтемісов атындағы БҚМУ

____________________________

Ректор___________________

___________________________

А.С.Иманғалиев

Мекеме жетекшісі

____________________________ М.О. М.О.



2 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

_______________________________________кафедрасы


________________________практика бойынша



КҮНДЕЛІК
студент_____________________________

курсы______________________________

факультеті__________________________

мамандығы_________________________




Сараманға жолдама ретінде беріледі,

міндетті түрде есепке тіркеледі

II. ПРАКТИКАДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР





айы

күні

Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны

қолы





















































































































































































































































































































































































































III. СТУДЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

(теориялық дайындығының деңгейін, орындалған жұмыстың сапасын, еңбек тәртібін, кемшіліктер орын алса көрсету қажет)

IV. КАФЕДРАМЕН СТУДЕНТТІҢ САРАМАН ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ

(Жітістіктері мен кемшіліктерін көрсете отырып қысқаша пікір беріледі)
Сонымен қатар есепте төмендегі сұрақтар қаралуы тиіс:

- сараман өту барысында студент жинаған материалдар тізімі

- сараман нәтижесі бойынша студенттің қорытындысы және оны жақсарту бойынша ұсыныстары.


3 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

____________________________________КАФЕДРАСЫ


_____________________________сараман
ЕСЕБІ
студент___________________

курсы ________________________

факультеті______________________

мамандығы__________________

Жетекшісі: _____________________________________ _____________________________________

(ғылыми атағы, қызметі, ТАӘ)


ОРАЛ 2011



4- қосымша
М.Өтемісов атындағы

Батыс Қазақстан мемлекеттік

университетінің ректоры

А.С.Иманғалиевқа

Қатынас қағаз

Сізден университеттің филология факультеті «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4-курс студенті Венера Сағындыққызы Шанованы 19.09.2011-05.11.2011 ж. мерзім аралығында мемлекеттік сараманнан өтуге БҚО, Зеленов аудандық Трекин жалпы орта білім беретін мектебіне жіберуіңізді сұрай отырып, әдіскер ретінде ағылшын тілі пәні мұғалімі _____________________________тағайындалатынын және университетті бітірген соң жас маманды мамандығы бойынша қызметке алынатынын хабарлаймын.


Трекин ЖОББМ

директоры

Зеленов аудандық білім беру

бөлімі меңгерушісі

5- қосымша

М.Өтемісов атындағы

Батыс Қазақстан мемлекеттік

университетінің ректоры,

академик А.С.Иманғалиевқа

«Қаржы» мамандығының

04302 тобының студенті

А.Б.Сабырғалиевадан

Өтініш
Сізден жанұя жағдайыма байланысты (немесе студенттің сұранып отырған басқа себебі) 19.09.2011 – 12.11.2011 ж. мерзім аралығындағы мемлекеттік сараманымды Жәнібек ауданы, М.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасында өтуіме рұқсат етуіңізді сұраймын.
Қолы Күні

Студент: - куратордың;



  • сараман жетекшісінің;

  • кафедра меңгерушісінің;

  • факультет деканының қолдарын жинайды.


6- қосымша
М.Өтемісов атындағы

Батыс Қазақстан мемлекеттік

университеті ректоры,

академик А.С.Иманғалиевқа
Қызметтік жазба
Оқу жоспары және оқу кестесіне сәйкес Сізден күндізгі оқу бөлімінің 5В011400 «Тарих» мамандығы 3-курс студенттерін 13.09.2011-25.11.2011 ж. уақыт аралығында төмендегі мектептерге педагогикалық сараманға жіберуіңізді сұраймыз:
_______ топ қ/б

______ЖОББМ



  1. Ахметкалиев Бержан Наурзғалиұлы

  2. Амангалиев Мурат Нурболатович

  3. Давлетьяров Салауат Сагитович

  4. Жағпарова Айжан Мағжанқызы

  5. Жумагалиева Венера Батырбековна

  6. Ерешова Гулим Нурлыбековна

  7. Ищанов Данияр Мусаевич

  8. Оборина Татьяна Андреевна

Әдіскер ретінде _______________________________ бекітілді


_______ ЖОББМ

  1. Омарова Айгуль Саденбаевна

  2. Орынғалиев Әли Есқабылұлы

  3. Мухамбетова Актоты Курманаевна

  4. Муханбеталиева Арайлым Сериккалиевна

  5. Мамбетияров Мирамбек Маралбекович

  6. Мухамбетов Алмаз Аскарович

  7. Нуралиев Руслан Алибекович

  8. Тасымова Кымбат Сабыржановна

  9. Утебаева Айдана Сержановна

  10. Халелов Ернар Ерланович

  11. Харина Аселим Асетовна

Әдіскер ретінде ______________________________бекітілді


________ топ о/б

____ ЖОББМ



  1. Тресова Арайлым Жасылбековна

  2. Шакенова Енилик Кусаиновна

  3. Ганиев Талгат Максимович

  4. Даукешова Айгерим Гинатуллиевна

  5. Есетова Маншук Кадыржановна

  6. Казтуганова Гульжан Сабыржановна

  7. Канадылов Ренат Рашидович

  8. Касымова Айман Зирянбековна

  9. Максутов Нурхат Бекежанович

Әдіскер ретінде ______________________________ бекітілді


Құрастырған

Сараман жетекшісі:
«________________» кафедрасының

меңгерушісінің орынбасары:


Келісілген:

_________________ факультеті деканы:


Сараман, мансап және маркетинг

бөлімінің жетекшісі:


Академиялық мәселелер жөніндегі

департаментінің директоры:


Оқу ісі жөніндегі проректор:
Бірінші проректор:

7- қосымша
М.Өтемісов атындағы

Батыс Қазақстан мемлекеттік

университеті ректоры,

академик А.С.Иманғалиевқа
Қызметтік жазба
Сізден күндізгі оқу бөлімінің төмендегі _____ курс студенттерін өтініштеріне байланысты тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымдарында сараманнан өтуге жіберуіңізді сұраймыз:
1. ____________________________ _____________________________

(студенттің аты-жөні) (мамандығы)


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет