Бекітемін Мектеп директоры __________Б. Каримова «№ 4 жалпы білім беру орта мектебі» ММ әдістемелік кеңесінің 2021/2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ 1. № 4 орта мектептің әдістемелік кеңесінің проблемалық тақырыбы: «Білім мазмұнының жаңаруына байланысты, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыта отырып, шығармашылыққа жол ашу, озат тәжірибені тарату» Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында әдістемелік жұмыстың қызметін жандандыру;
Бірлестік жетекшілерімен, аудандық білім үйлестіру әдіскерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасау;
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында мектепішілік семинарлар, сайыстар, дөңгелек үстелдер, т.б. өткізу;
Аудандық, облыстық сайыс, байқауларға қатысу, жариялылығын арттыру;
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, деңгейлік курстарға мұғалімдер қатыстыру, тәлімгерлікті жолға қою;
Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату;
Мұғалімдерді зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.
Білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында интерактивті оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;
ҰБТ және білім сапасының орта балын көтеру бағытындағы жүйелеу, үздіксіздендіру, нәтижеге бағыттау;
Мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмысын жандандырып, озат тәжірибелерді ақпараттандыру, насихаттау;
Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік білім беру стандартын, мемлекеттік білім беру стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру, жұмыстарын ұйымдастыру;
«Жас Мұнар» оқушылардың шығармашылық тобының жұмысын жетілдіру;
Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, өзара кәсіби бәсекелестік орнату;
Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;