7. Кандидаттың лауазымға орналасуы
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы (аппарат басшысы) лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы (аппарат басшысы) конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жауапты хатшы (аппарат басшысы) кандидатты жоғары тұрған лауазымды тұлғаның келісімі бойынша лауазымға қабылдайды.
8. Шағым жасау тәртiбi
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Осы Қағидалардың 110-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.
Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады.
Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |