24
Бұл халықтың тәтті
тағамдардары әр түрлі ғана емес, мол да, сонымен
бірге өзіндік ерекшелігі де бар. Орта Шығыс халқының көбісінде, соның
ішінде өзбек халқында да десертті дастарқанға соңғы тағам ретінде әкелу
дәстүрі жоқ. Егер европалықтарда тәттілер мен сусындар, жемістер дастарқан
жиналарда әкелінсе, Шығыста олар бір отырыстың өзінде екі, типті ұш рет
қойылады, яғни тамақтың алдында
және тамақ жеп болған соң ұсынылады.
Кей кезде мүлде дастарқан жи-налмай, алынбайды. Сөйтіп олар басытқы
ретінде де, десерт ретінде де тұтынылады.
Жас жеміс, жидек, жүзім мен қауыннан басқа дастарқан сәнін келтіріп,
кең тараған және міндетті түрде берілетін дәм — шай. Тамақтану шай ішумен
басталып, шай ішумен аяқталады. Онсыз майлы ет басытқылары мен ұн
тағамдарын жеу қиын. Тәттілерді де шаймен жемесе жүрмейді. Өзбекстанның
біраз бөлігінде, әсіресе шығысы мен оңтүстігінің ауылдық жерлерінде көк
шайдан өткен сусын жоқ. Дастарқанға әр беретін тағы бір сусын қант қосылған
жеміс тұнбасы немесе қайнатындысы-шербет /шарват/.
Егер тәттілерге келетін болсақ бүкіл Орта Шығыс халқындағыдай алты
топқа бөлінеді- киемдер /жеміс және көкөніс шырындары/, бекместер /жеміс
және жидектердің аралас қойылтылған сірне тектес сөлдері/, науаттар
/кристалл және қорытылған жүзім қантының бояулар мен дәмдеуіштер
қосылған түрлі қоспасы/, негізі жаңғак пен жүзімнен тұратын тәттілер, сондай-
ақ алуа және алуа секілді тәттілер . Бұлардың көбісі "Шығыстың тәтті
тағамдары" деген атаумен ешқандай нақты ұлттық белгілерсіз, Орта Азиядан
тыс жерлерде де белгілі. Осындай керемет тәттілерді дайындаудың ерекше
пеш және құралдарға, күрделі икемге /мысалы,
Какнтың қою да ыстық; шырынын тез жіпше созу/ негізделген өзіндік
технологиясы бар. Бұл науаттар және нағыз алуа дайындауға қатысты әңгіме.
Олардың көбісін дайындау үшін әрине, күнжіт дәні, Туркстан тамыр
сабынының қою тұнбасы және қант керек.
Достарыңызбен бөлісу: