Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет17/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті

 
МАНТЫ
Фарш үшін қойдың. 400 г еті, 70 г құйрық. май, 4 түір пияз, тұз, қара 
бұрыш татымы мен дәміне қарай, қамыр үшін —400 г бидай ұны, 150 г су, 
жұмыртқа, 1 шай қасық. толар-толмастай тұз.
Бұл тұшпараға ұқсас тағам. Бар айырмашылығы мөлшері үлкен және 
суда емес, арнайы манты-қасқандарда немесе бумея пісіруге арналған 
кастрюльдерде буға пісіріледі. 
Ұннан суға /тұздалып/ қамыр иленеді. Жұмыртқа жарып қосуға да 
болады. Ол жарты сағат ылғал матамен жабылып қойылады. Осы уақыт өткен 
соң, қамырды созып, шетінен жұлап алынады да диаметрі 9—10 см етіліп 
жайылады. Дөнңгелектеп жайылған қамырдың шеттері ортасына қарағанда 
жұқа болады. Осындай қамырдың ортасына бір ас қасық фарш, бір тілім 
құйрық май салынады. Қамырдың шеттері жапсырылады. Мантылар қасқан 
торларында немесе кепсерде бір-біріне тимеуге тиіс. Олар буға шамамен 20—
25 минут піседі. Дастарқанға әкелерде үстіне қаймақ, сары май, немесе ет 
сорпасы кқұйылып, әшкөк себіледі. 
Фарш көбінесе қой етінен дайындалады. Ет пен пияз арнайы тақтайға 
салынып, ұсақтап туралады немесе ірі көзді ет-тартқышпен тартылады. 
Тұздалып, қара бұрышпен бұрышталады, және аздап су қосылады. 
 
ОШКАВАК МАНТЫ /асқабақ манты/

500 
г асқабақ, 2—3 түір пияз, 100 г құйрық май, ыдысқа жағуға 
қажетті 2—3 ас қасық, май, көк, тұз бен бұрыш татымы мен дәміне қарай.
Асқабақ пен пняздың қабыға аршылып, ірі көзді үккішпен үгіледі. Көк 
туралады. Құйрық май ет тартқышпен тартылады, тұздалып, бұрышталады, 
бәрі араластырылады. 
Иленген қамыр оқтаумен жұқалап жазылады. Ол 10x10 см мөлшерде 
қиықша етіп кесіледі де, әр қиықшаның ортасына бір-бір ас қасық фарш 
салынады. Қиықшалардың шеттері қиғашынан, бұрыштары манты 
сопақшалау болатындай етіліп жапсырылады. Мантылар бу кастрюлінің май 
жағылған қақпағына орналастырылып, үстіне суық су себіледі. Кастрюльдегі 


27 
су қайнаған кезде манты салынған қақпақтар орналастырылып, қақпағы тығыз 
жабылады да, 20—30 минут пісіріледі. Дастарқанға үстіне қаймақ құйып 
әкелінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет