Білімділігі – оқушыларды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет Майлиннің шығармаларымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын толық білу, идеясын ашу:
Дамытушылығы – жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту, шығарманы оқыта отырып іздендіру:
Болашақ қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағьп, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Сөйтіп, ол жоқшылық зардабын өзі де әбден біліп-танып, кәрі әжесі мен анасының зарлы кейістіктерінен, құдайға шағынуларынан тітіркене тұшынып өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек.
Шығармашылық
үй тапсырмасы
Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. , Таран ауд., - 1937 ж.) - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырланып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстың қиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақ таңға жыр-дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.
Үй тапсырмасын бекіту
М. Әуезов
Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады.
І. Жансүгіров
“Шұғамыз”- театрдың үлкен бір ойыны. Бұл – драма күйінде үлкен шығарманың бірі. Бұл – бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұғасын көрсетеді.
Уфадағы “Ғалия” медресесі
Тарандағы Б. Майлин атындағы мектеп
... Не мұңдық, бұл дүниеде қыздар мұңдық,
Атадан болып мұңдық неге тудық.
Атадан мұңдық болып тумас едік,
Бұрынғы ата-баба жолын қудық...
Шұғаның әнінен
Жаңа сабақ
Проза дегеніміз не?
Хикаят дегеніміз не?
Шығарма кімнің атынан баяндалған?
Тақырыпты аша білу:
“Шұғаның белгісі” хикаятының әр бөліміне ат қою, негізгі оқиғаларға түсінік беру.
Қос жолаушы.
Сұлу қыз Шұға.
Кездесу.
Учитель Әбдірахман.
Ғашық жүректер.
Хат.
Жабылған жала.
Қоштасу.
Айықпас дерт.
Соңғы хат.
Шұғаның белгісі.
Шығарма мазмұнын білгеннен кейін сюжеттік композициялық жоспар құру.
Шығарма мазмұнын білгеннен кейін сюжеттік композициялық жоспар құру.
Топтық жұмыс
Шұғаның хаты
... Әуре боп неге біткен ажар-көрік,
Ішіңе от түсірдің қалқам көріп.
Гүлдену жас өмірде мақсұт боп ед,
Серттесіп, қол алысып, уәде беріп.
Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді,
Дариға, айтылған серт болмай қалды.
Көре алмай ақтық минут дидарыңды,
Арманда жан тапсырған мен бір зарлы!
Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіңе ал дұғаңа мен ынтызармын.
Қош сау бол ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың.
Ой қозғау
Көрініс
Көріністен оқиғаның өрбуіне тірек болған сөзді тап.
Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарайды да, Шұға отауға кіріп кетеді.
Жұптық жұмыс
Сөздік жұмыстар жүргізу төмендегі сөздердің мағынасын ашу:
Тастан, топырақтан үйіп
жасалған белгі
Өлген адамдардың сүйегі
қойылған қалың бейіт
Бозбалалар мен бойжеткендердің
Бас қосып өкізетін ойын-сауық кеші
Кеудеге киетін астарлы жеңіл
сырт киім
Жеңіл бас киім
Киіз үйдің есігі
Белес
Желпен
Бешпет
Қызойнақ
Қорым
Обашық
Сықырлауық
Әдебиет теориясы
Шығарма мәтінінен троптың түрлерін, тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді, көнерген сөздерді, одағайларды тауып, дәптерге жазу
Кім жылдам?
Жүрегім тас төбеме шықты
Төбесі көкке тигендей
Көпке топырақ шашу
Тілім байланды
Олжамнан қақты
Шаңымды аспанға шығарды
Бағын байлады
Ат жетер жер
Серт байласқан
Тілін алар
Көңіл қостым
Аузына қарады
Аузынан тастамайды
Айызы қанған
Инедей қиянаты жоқ
Кейіпкерлерге мінездеме бер.
Өзің не қосар едің?
Әбдірахман
Шұға
Айнабай
Оқыған
Өнерлі
Ел қамқоры
Ақын
Кедей
Сұлу
Ақылды
Нәзік
Кіршіксіз адал махаббаттың иесі
Паң
Қызыл көзді бәле
Жалақор
Айлакер
Бұзық
Арандатушы
Портрет дегеніміз не?
Шұғаның портретін тап
Аққұба
Талдырмаш
Көзі қап-қара
Үріп ауызға салғандай
Жасы он алтылар шамасында
Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі біртүрлі паң еді-ау, шіркін
Жеңілдік не екенін білген бала емес
Ажары қандай болса, ақылы да сондай
Қаладан қайтқандағы Әбдірахманның көңіл-күйі
Түнімен ұйықы көрмеді
Елге асықты
Қуанышты
Күлдірумен болды
Ән салды
Көрініс
Әбдірахманның хаты
Онегиннің хаты
Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды,
Буландырған, уландырған жас жанды.
Біз бір ғаріп паналаған саяңда,
Жас жүректе мықты жара басталды.
Он сегіз мың ғаламның,
бар тынысы күнде тұр,
Мен сықылды сорлының
ықтияры сенде тұр.
Бір көргенде сиқырланып ақыл-ой,
Бал сөзіңе қалды ынтам бір қанбай.
Жанып, сөніп суынып қалған көңілім,
Қобалжиды хатыңды көрген сайын.
Кім кінәлі?
Проблемалық сұрақтар
Шұғаның өліміне кім кінәлі?
Жазушы шешімімен келісесің бе?
М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романымен салыстыр.
Жазушы шығармасын "Шұға десе, Шұға еді-ау" деген сөзбен аяқтайды. Сен қалай аяқтар едің?