Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы Қазақстан тарихы пәнінен



бет1/9
Дата15.08.2022
өлшемі328,06 Kb.
#148071
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жазғы тапсырма тарих 6-сынып




Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы





ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН
6-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
ЖАЗҒЫ ТАПСЫРМА


Түсінік хат
(Қазақстан тарихы 5-10 сыныптар)
Бұл құрал «Қазақстан тарихы» (5-9 сынып) оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес жасалды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының орта ғасыр тарихы бойынша білімін бекіту және тексеру мақсатында жасалды.
Бұл құрал оқушылардың басты назарын Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияны меңгеруді,тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап - қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу дағдыларын қалыптастыруды міндеттейді.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастыруға, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік береді.
Аталған құралда 6-сынып бойынша семантикалық карталар, дискуссиялық өрнек, танымдық сұрақтар, хронологиялық кестелер,тарихи диктант, картамен жұмыс тапсырмалары берілген. Тапсырмалардың көлемі мен күрделілігі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдалған. Тапсырма төмендегідей үш бөлімге бөлініп құрастырылды:
Бірінші бөлім: Түркі кезеңіндегі Қазақстан тарихы (VI-XIIIғасырдың басы)
Бірінші бөлім: XIII-XV ғасырлардағы Қазақстан
Бірінші бөлім: XV- XVІІ ғасырлардағы қазақ хандыңғы


Бірінші бөлім
Түркі кезеңіндегі Қазақстан тарихы (VI-XIIIғасырдың басы)
Тапсырмалар
1.Хронологиялық тізбектеме. Берілген мемлекеттердің ішінен ерте орта ғасырларда өмір сүрген мемлекеттерді хронологиялық ретімен орналастырыңыз:



Қарахан мемлекеті, Түргеш қағанаты, Оғыз мемлекеті, Түрік қағанаты, Қыпшақ хандығы, Батыс Түрік қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Қарақытайлар мемлекеті, Қимақ қағанаты

1




2




3




4




5




6








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет