Б. Момышұлы атындағы Жасұлан республикалық мектебі



Дата31.08.2023
өлшемі82,87 Kb.
#180037
Байланысты:
Абушаман Әліби


«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ


БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ
БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
С.САПАРБЕКОВ АТЫНДАҒЫ
№125 ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Сығанақ көшесі, 3


тел: 8 (72435) 24-1-17





КОММУНАЛЬНОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ
УЧРЕЖДЕНИЕ « СРЕДНЯЯ
ШКОЛА №125 ИМЕНИ С.САПАРБЕКОВА» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖАНАКОРГАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

120300, Кызылординская область, Жанакорганский район, поселок Жанакорган, улица Сыганак, 3


тел: 8 (72435) 24-1-17

__________№__________
______________________
Б. Момышұлы атындағы Жасұлан республикалық мектебі

Ұсыныс хат
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы С.Сапарбеков атындағы №125 орта мектебінің 9 сынып бітірушісі Абушаман Әліби Әбілпарисұлына аталған оқу орныны құжат тапсыру үшін беріледі.
Мен, Қонысбекова Эльмира жоғарыда аталған мектептің орыс тілі пәні мұғалімі және Әлібидің 5-9 сынып аралығында сынып жетекшісі болдым. Әліби кішкентай кезінен спортты сүйіп өсті, 1сыныптан спорт секциясына қатысты, әрі қарай жалғастыруына ковид кедергі болды. Дегенмен, Әліби жаттығуларын өз бетінше, үй жағдайында жалғастыруда. Өйткені Әлібидің басты мақсаты әскери қызметкер болу. Ол бала кезінен бастап барлық іс-әрекетін осы мақсатына жетуіне арнайды. Әлібидің оқу үлгерімі жақсы, қабілетті оқушы. Ол өзіне талап қоя біледі, мұғалімдердің тапсырмаларына жауапкершілікпен қарайды, уақыттылы орындайды. Мектеп пәндерінің ішінде физика және математика пәндерін жақсы көреді, ерекше ықыласпен оқиды. Әлібидің интеллекті жоғары, креативті ойлай алады, өз ойын еркін жеткізе біледі. Көркем-әдебиет шығармаларын, поэзияны жаны сүйеді. Мектепте қоғамдық жұмыстарға, түрлі жобаларға қатысып, өзін жан-жақты көрсете алды.
Әлібидің табиғи мінезі: өте қарапайым, салмақты, ер мінезді, жауапкершілігі мол, ар-ұятты жоғары қоя білетін намысты жігіт. Бұл адами қасиеттері үлкендермен, достарымен қарым-қатынаста айқын көрінеді. Әлібидің тағы бір ерекшелігі –жылқы малына деген ықыласы ерекше.
Әлібидің алдына қойған мақсатына жетудегі табандылығын, имандылық, адамгершілік қасиеттерін атай отырып, бойындағы жауапкершілігімен, азаматтығымен әскери қызметкер атына лайықты деп есептеймін.


Мектеп диркторы: Б.Шеримбетов
Сынып жетекшісі: Э.Қонысбекова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет