Дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу. Тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету. Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар»



Дата16.12.2016
өлшемі48,07 Kb.
#4031
Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Ж. Жабаев.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балаға Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт-дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.

Дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.

Тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар», «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл ақын және Сүйінбай портреті.
Сабақтың барысы
1. Қызығушылығын ояту.

Оқушылардан бүгін естіген жағымды сөздерін еске түсіріп, жазу сұралады.

Мысалы:

Қайырлытаң!



Сәлеметсіз бе!

Отырыңыз.

Кешіріңіз!

Дауысың жақсы.

Көмек керек пе?

Ештеңе етпес.

Иә, балалар, бүгін қайырлы күн, сәтті сабақ болсын! -деп, сабақтың басталатындығын хабарлап, үстел үстіндегі хатқалтаны әр топқа беру. Ескерту: Оқулықтың беті жабық болады.


2.Өтенді қайталау

Тұрар мен Айбаровқа жазған мінездемелерін оқыту.

1.Иван Владимирович Тұрардың дәптерінен нені байқады?

2.Тұрар оған не деп жауап берді?

3.Жазушы Тұрады тақта алдында қалай суреттеді?

4. Мұғалім Ломоносов туралы қандай әңгіме айтты?
3. Мағынаны тану.

Хатқалтада жаңа мәтін абзац бойынша төрт бөлікке бөлініпберілген (алдын ала мұғалім мәтінді бөліктерге бөлін, дайындап қояды). Оқушылар мәтінді оқып, мазмұны жүйелі болатындай етіп, әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады.Топтағы жұмыс тез, өнімді, сапалы болу үшін балалар бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.


Мәтін бөліктері:

Шу өзенінің бойымен жүгіре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген.

Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты.

Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен.

Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.






Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.

Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді...

Меніңағам, әкемнің інісі, белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, ...бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді.

Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда, даусым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім.






Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым.

Үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады.

Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:

- Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім, деді.








Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, оны аспан әлеміне, нұрға бөлеп, таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді.

Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді.


Бұл жұмыста оқушы не істеді?



  1. Мәтін мазмұнын түсінді. Егер түсінбесе, оны жүйелі орналастыра алмас

еді.

  1. Ақылдасып, жанындағыларды тыңдады, пікірлесті, дауласты, күдігін

айтты.

  1. Барлық бала өз бетінше жұмыс жасады.

  2. Мәтіннің қалай құрастырылғаны жайында сұрастыруға болады. Мысалы:

- Қолдарыңдағы мәтін бөліктерін реттеу кезінде, неге бөліктерді осылай орналастырдың? Дәлелдеу.

- Осылай қоюға қай сөз немесе мәтіндегі белгі көмектесті?

Оқушыларға сұрақтар қойылады: :

- Сонымен, Жамбыл ақынның аты туралы не білдік?

«Батырдың ұрпағы» әңгімесіндегі жерге ат қоюға байланысты оқиғаны еске түсіру, салыстыру.


  • Жамбылды балалық шағында жаңсы сөзімен адамгершілікке

тәрбиелеген кімдер болды?

Бұл жерде Сүйінбай ақын туралы айтып кету керек. Ақынның

«Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай»

деген өлең жолдарынан оның өмір жолында нағыз ұстаз болғанын атап өту.


  1. Ойтолғау.

Жазылған ойларын әр топтан бір оқушы шығып оқиды. Осы оқылған пікір туралы не айтатындарын сұрау.

а) Мәтінде байқалған жақсы сөздерді теріп жазу, түртіп алу үшінқайта оқып шығу.

Жұмыс нәтижесі «Қызығушылығын ояту» кезеңінде оқушылар жазған сөздер қатарының жанына тізіліп жазылады.

ә) - Бала Жамбылдың кіршіксіз таза ойы, шын сыры қандай жақсы сөздерінен байқалады?

«Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді».

-Осы айтылған жақсы сөзге өз көзқарасыңды жаз.

Бұл пікірлерден бала Жамбылдың азамат болып қалыптасуына жақсы адамдар мен жақсы сөздердің, халқымыздың ежелден келе жатқан баланы жақсы әдет-ғұрыпқа тәрбиелеуінің үлкен мәні болғанын айта келіп, сабақ басындағы тақтада жазылған жақсы сөздерге қайта оралып, біз де өмірімізде жақсы сөз естіп, жақсы сөз айтып өмір сүрейік деген оймен қорытындылану керек.

б) Жамбыл Жабаев туралы не білеміз?

1846-1945ж

Жамбыл обл.




Жамбыл тауы



Жамбыл Жабаев



Жырау




жыршы



Ақын

5.Үйге: 100-102 бет оқу.



6. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет