БұҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелері



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,49 Kb.
#88496
1   2   3   4
Байланысты:
БҰҰ

Арнаулы саяси комитет. Бірінші комитетке қатысты саяси мәселелермен;
2-комитет. Экономикалық және қаржы мәселелерімен;
3-комитет. Әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен;
4-комитет. Қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын террорларға жәрдемдесу мәселелерімен;
5-комитет. Әкімшілік және бюджет мәселелерімен;
6-комитет. Құқықтық мәселелерімен айналысады.


Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі
Қауіпсіздік Кеңесі – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрықты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 тұрақсыз мүшелерді БҰҰ уставының 23-бабына сәйкес сайланады. БҰҰның негізгі саяси органдарының бірі. Кеңеске халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. БҰҰ-на мүше 15 мемлекет өкілдерінен құралған. АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция кеңестің тұрақты мүшелері.
Қауіпсіздік Кеңесі келесідей кездесулер форматтарында жұмыс істейді:

  • Ашық және жабық Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары;

  • Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы;

  • Бейресми диалог;

  • «Аррия формуласы» бойынша кездесулер.

Экономикалық және әлеуметтік кеңес:
Мәдениет, білім, денсаулық сақтау, экономика, әлеумет мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп, баяндамалар әзірлейді және Бас Ассамблеяға, Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелеріне, ұйымның арнайы мамандандырылған мекемелеріне білім, мәдениет, экономика т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар жасайды. Экономикалық және әлеуметтік кеңесі Бас Ассамбеля тарапынан үш жыл мерзімге сайланатын 54 мүше елден тұрады. Кеңестегі экономикалық, мәдени, білім т.б. шешімдер мүше елдердің басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Әр мемлекет кеңесте бір дауысқа ие.
Қамқорлық жөніндегі кеңес (ОПЕК):
БҰҰ Жарғысының 77 бабында белгіленген территория тұрғындарының экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуына, білім беру саласында ілгерілеп, өзін-өзі басқарып, тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесуге көмек беретін кеңес. Бұдан БҰҰ шеңберінде экономика, гуманитарлық, әлеуметтік салалары бойынша мамандандырылған арнайы мекемелер де бар. Бұл мекемелер БҰҰ құрамында жұмыс істейтін әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар болып есептелінеді. 1994 жылы 1 қарашада өз жұмысын тоқтатты.
БҰҰ-ның Халықаралық Соты:
Біріккен Ұлттар Ұйымының басты сот органы Гаагада орналасқан. Негізгі міндеті, халықаралық кұқық негізінде, мемлекеттерге байланысты халықаралық дау-жанжалдарды шешу болып табылады. Сот барлық тараптардың келісуімен жүргізіледі. Онын шешімдері тек дауға катысушылар үшін және тек сол іс бойынша ғана міндетті.
Хатшылық (Секретариат):
Хатшылық - бұл әлемнің барлық БҰҰ кеңселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Хатшылық 44 мың адамнан тұрады. Негізгі кеңселері Нью-Йоркте, Женевада және Венада.Хатшылықты бас хатшы басқарады. «Бас Ассамблея» тарапынан бес жыл мерзімге тағайындалады. Бас хатшының негізгі міндеті БҰҰ шеңберінде
ұйымдастырылған конференцияларға қатысып, жыл сайын БҰҰ-ның әр түрлі
саладағы қызметі туралы Бас Ассамблеяда баяндама жасау болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет