Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»



бет166/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   320
Еншілес және тәуелді компаниялар
«Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V.» АҚ
«Росказжелдортранс» ЖШҚ
«Көлік қызметтері орталығы» АҚ
«Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалы қызметін ҚР заңнамасына сәйкес құрылып және «Қазжелдортранс» АҚ директорлар кеңесі негізінде тіркелген (2003 жылдың 30-шы қазан хаттамасымсен). Кейін «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалы болып қайта құрылды.
Өз қызметінде Семей филиалы ҚР күші бар заңнамаларымен, нормативті актілерін, бұйрықтарын, инструкцияларын, ҚР көлік және коммуникация министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, «Қазтеміртранс» АҚ үкімдерін, АҚ жарғысын, бөлімшенің нұсқаулығын басшылыққа ала отырып қызмет жасайды.
Аймақтың жалпы ұзындығы 1242 км құрайды, сонымен қатар Ақтоғай (ерекше)-Локоть бөлімі (ерекше) – 587 км, Семей-Дегелен бөлімі – 138 км, Локоть (ерекше)-Защита – 238 км, Защита-Лениногорск – 98км, Защита –Зыряновск – 181 км.
Бөлімшенің негізгі міндеттері болып табылады:
- вагон жөндеу кәсіпорындарына жоспар бойынша жөндеу жұмыстарына вагондарды ажырату және беруді бақылау;
- деполық және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарын орындалуын бақылау;
- ұзақ тұрып қалған және жөндеуді қажет ететін вагондардың есебін жүргізу;
- ұзақ тұрып қалған және жөндеуді қажет ететін вагондардың паркін сақталуын қадағалау;
- қосалқы бөлшектер және детальдардын ауыстырылып отыруын және деполық, күрделі жөндеуден, ағымдағы-жөндеуден шыққан вагондардың жөнделуі өндірісін бақылау;
- вагондарды жалға беру және жалға беруден шығару;
- бағыттар бойынша тасымалдауды жүргізу.
Жоспарды орындау және жылжымалы құрамды пайдалану.2007 жылы Суық бұлақ станциясынан Жана-Семей станциясына 121 жүк тиелген бағыт болған. Тасымалдау ҚР инвентарлы паркінің вагондарымен жүргізілген.Тиеу жоспары 4880 ваг/326960 тонна болса, факті бойынша 4874 ваг/339433 тонна тиеліп, тоонаж бойынша тиеу жоспарынан 103,8% құрады.
Бір вагонға статистикалық жүктеме жоспар бойынша 67 тонна болса, ол 69,64 тоннаны құрады, жоспарға қарағанда орындау 103,8% құрады.
Тасымалдарды үйлестіру бөлімінің штатында 4 адам: сектор басшысы, 1 категориялы инженер және локомотив-сағаттарын есептейтін 1 категориялы экономист, Жана-Семей стансасында жүктерді қабылдаушы-өткізуші 1 тауар кассир қызмет атқарады. Сектор қызметкерлеріне күнделікті тиелген, жүк түсірілген вагондар, бағыттын жүрісі, локотивтпен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер беріліп отырады.
Деполық жөндеу жұмыстары. Жоспар бойынша 2007 жылы 4111 вагонның деполық жөндеуден 4109 вагоны жөнделіп, 99,9% құрады.Соның ішінде вагонжөндеу кәсіпорындарымен:
- «Ибраев + К» ӨК жоспар бойынша 1352 бірлік болса, орындалғаны 1398 немесе 103,4 %;
- «Әлібек-К » ЖШС жоспар бойынша 1284 бірлік болса, орындалғаны 1295 немесе 100,9 %;
- «Аякөз-Түрксіб» ЖШС жоспар бойынша 1475 бірлік болса, орындалғаны 1416 немесе 96%; Диаграмма түріндегі 1-суреті төменде бейнеленген.
1-Сурет. «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалының 2007 жылдағы
деполық жөндеуі (диаграмма).

Вагондарға күрделі жөндеу жүргізуі. 2007 жылдағы вагондарға күрделі жөндеу жүргізуі жоспар бойынша 264 вагон болса, 258 күрделі жөндеуден өткізіліп, 97,7% құрады. Соның ішінде вагонжөндеу кәсіпорындарымен:



  • «Ибраев + К» ӨК жоспар бойынша 95 бірлік болса, орындалғаны 95 немесе 100 %;

- «Әлібек-К » ЖШС жоспар бойынша 102 бірлік болса, орындалғаны 100 немесе 98 %;
- «Аякөз-Түрксиб» ЖШС жоспар бойынша 67 бірлік болса, орындалғаны 63 немесе 94%; Диаграмма түріндегі суреті төменде бейнеленген.
2-Cурет. «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалының 2007 жылдағы
вагондарға күрделі жөндеу жүргізуі (диаграмма).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет