Б.П Білімнің кілті – интернет деп есептейді
Үкімет
Деффиниция
Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі.
Философия
Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ.
Жүсіп Баласағұн
1) Тиімділік
Қазіргі таңда барлық адамзат интернетті тұтынады десек, артық емес. 2021 жылғы статистикаға сүйенетін болсақ Қазақстанда 15,9 миллион адам интернетті қолданады. Төреші ханым, ойлап қараңызшы 19 миллионнан 16 миллионға жуық адам интернет желісін қоладанады деген сөз. Сондықтан да қазір, интернет желілері арқылы білім алу тиімдірек болып отыр. Қаншама кітап беттерін парақтағаннан қарағанда, өзіңе керек ақпаратты ақтарғанннан, интернет ақпараттың атауын жазып, соған байланысты 2 есе көп ақпарат алған әлде қайда тиімдірек. Іздеген дүниеңнің барлығы да интернеттен шыға келеді. Ақпаратқа жылдам қол жеткізе аласың,
2) Қызықты әдіс
Баларға білімді бір реңкті ақ парақтағы қара жазумен оқытсаң, тек оқыту арқылы баланың қызығушылығы жоғалады. Ал интернет арқылы суреттер жүктеп, слайдтар тартып, қызықты куиз тесттер баланың қызығушылығын арттырады. Бұл арқылы бала одан әрі ізденгісі келіп, білім алады, оның үстіне жаңа әдісті тез меңгереді. Макс Планк адам дамуы институтының және Charity университетінің медицина хирургиясы ст. Хедвиг-Кренкенхаустан алынған зерттеу, Super Mario 64 секілді нақты уақыт стратегиясын ойнаудың мидың сұр сұрағын көтере алатындығын көрсетті. Сұр заты - мидың қабаты, ол сонымен қатар
3) Терең білім
Гугл арқылы қаншама ақпараттар табуға болады. Мысалы бізге бір ғұлама жайлы мәлімет қажет болды делік. Интернет арқылы ол ғұламаның туған жерінен бастап, өмір сүрген жерін, жылын толықтай ақпараттана аламыз. Сол себептен қазіргі таңда кітаптан қарағанда, интернеттің берер пайдасы ұшан теңіз
Оппозиция
Білімнің кілті- кітап
Кітап – сарқылмас қазына. Бүгінгі дәуірде ақпараттық-технология қаншалықты дамыды дегенімізбен, кітаптың құны түскен емес. Ертеде Аристотпль, Әл Фараби, Ибн Сина кездерінде ешқандай интернет болған емес, олар барлық білімді кітаптан алды. Интернет қолданбай-ақ әлемнің ұстаздарына айналды. Сол себепті білімнің көзі кітапта.
Даму
Кітап оқыған бала, қандай жағдай болмасын мәселеден шығу жолын, әдеби сөйлпу жағынан, білім жағынан әрқашанда алда. Медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл дене организмдеріне тікелей әсер етеді делінген. Сол үшін де биология саласында «үздіксіз қозғалыстағы клетка жасарып отырады дейтін» көзқарас бар.
Жақында ғалымдар кітап оқу, сурет, музыка, жазушылық секілді ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың жүйке-жүйесінің басқа адамдардан әлдеқайда тез дамитынын және қартайған кезде де жүйке-жүйенің шаршауы, әлсіреуі және үлкен мидың қартаюы болмайтынын дәлелдеді.
Денсаулық
Кітап оқудың тағы бір ерекшелігі – ұзақ өмір сүрудің кепілі екен. Жапония медицинасы осылай қорытынды шығарып отыр. Олардың айтуынша, ең ұзақ өмір сүретіндер – философтар, одан кейінгісі ғалымдар мен көркемөнершілер екен. Олар «кітап оқу – үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады. Кітап оқып болған соң да оның адамға сыйлайтын әсері дене шынықтырудан кейінгі массаж секілді адамды рухани қалыпқа түсіріп отырады» дейді. Әрбір дана кітапта 100 миллионнан артық ақпарат болады. Кітап оқу кезінде ми осы ақпараттарды есте сақтаумен қатар, зейін қуатын да күшейтеді. Негізі адамның миы үздіксіз шынығу арқылы қуаттанып, қатерлі дерттерге қарсы қуатын арттыра алады. Түрлі медициналық зерттеулер кітап оқу мидың белсенділігін сақтап, қартаюының алдын алады екен. Бұл күнде адам жүйкесіне кері әсер ететін жағдайлар көптеп кездеседі. Бұл миға үлкен қысым түсіреді екен. Жүйкенің мұндай ауырласуының алдын алатын әдістердің ішінде кітап оқу ең өнімді тәсіл болып, 6 минут ішінде қысымды 68 пайызға төмендетуге болатын көрінеді. Бұл әдемі музыкалар есту арқылы немесе сейілдеу арқылы жеңілдеуге қарағанда нәтижелі саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |