B полимерия



бет57/80
Дата21.05.2024
өлшемі32,36 Mb.
#202662
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
Байланысты:
Контекст био

E) вакуоль
5. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының ұқсастықтары
A) қоректену түрі автотрофты
B) вакуольдері шырынды қуыс
C) химиялық құрамы
D) кабықшасы целлюлоза
E) пластидтердің болуы

&&&

Мидың құрылысы мен қызметтері

Организм өздігінен реттелетін, жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден тұратын күрделі жүйе. Организм қызметтерін реттеу мен оның біртұтастығын қамтамасыз етуде жүйке жүйесі басты роль атқарады. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Орталық жүйке жүйесінің басты және арнайы қызметі – іс жүзінде біздің барлық әрекетімізге жауап қайтаратын рефлекстерді жүзеге асыру. Ми жұмсақ кеуек тәрізді жүйке жасушалары – нейрондардан тұрады. Ми үш негізгі бөлімнен – жартышарлардан (оң және сол),мишық және ми діңінен тұрады.
1. Орталық жүйке жүйесіне жатады
A) аксон
B) ми
C) рецептор
D) неврилемма
E) нейрон
2. Суретте 5 санымен көрсетілген ми бөлімі
A) аралық ми
B) сопақша ми
C) мишық
D) ми көпірі
E) ортаңғы ми
3. Суретте 4 санымен көрсетілген ми бөлімінің қызметі
A) жылу реттеу
B) қимылды үйлестіру
C) бағдарлау рефлексі
D) тыныс алу
E) логикалық ойлау
4. Суретте 6 санымен көрсетілген ми бөліміне сипаттама
A) жүлгелермен бірнеше бөліктерден тұрады
B) мидың артқы жағында орналасады
C) көру төмпешіктері орналасқан
D) жұлынның жалғасы
E) төрт төмпешіктен және ми аяғынан тұрады
5. Суретте 2 санымен көрсетілген ми бөлігінің қызметі
A) қимылды үйлестіру
B) тепе-теңдікті сақтау
C) дыбысқа қарау
D) қарашықтың ұлғаюы
E) тыныс алу

&&&

Хлоропластың құрылымы мен қызметі

Фотосинтез хлоропластар деп аталатын эукариоттық жасушалық құрылымдарда жүреді. Хлоропласт — өсімдік жасушаларының жасыл пластидтер деген атаумен белгілі органеллаларының түрі. Пластидтер энергия өндіру үшін қажетті заттарды сақтауға және жинауға көмектеседі. Хлоропласта фотосинтез процесі үшін жарық энергиясын қабылдайтын хлорофилл деп аталатын жасыл пигмент болады. Хлоропластар әдетте, өсімдік жапырақтарында орналасқан бағаналы жасушаларда кездеседі. Хлоропласт қабырғасы сыртқы және ішкі — екі мембранадан тұрады, олардың арасында мембранааралық кеңістік болады. Хлоропластың ішінде, ішкі мембранадан бау секілді шығатын күрделі тилакоидты құрылым түзіледі. Хлоропластың гель тәрізді толтырып тұрған заты строма деп аталады. Әрбір тилакоид стромадан бірқабатты мембрана арқылы бөлініп тұрады. Тилакоидтың ішкі кеңістігі люмен деп аталады. Стромада — фотосинтездің қараңғы кезеңінің реакциялары, мембраналарда — жарық кезеңінің реакциялары жүреді.


1. Өсімдік жасушасына жасыл түс беретін органелла түрі


A) хромопласт
B) цитоплазма
C) вакуоль
D) хлоропласт
E) лейкопласт
2. Хлоропласта фотосинтез процесі үшін жарық энергиясын қабылдайтын жасыл пигмент
A) каротин
B) фикоцианин
C) фикоэритрин
D) ксантофилл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет