&&&
Тұқымқуалашылық заңдылықтары
1. Қызыл гүлмен ақ гүлді будандастырғандағы F1 ұрпақта орындалған Мендель заңы
A) тәуелсіз тұқымқуалау
B) ажырау
C) тәуелсіз ажырау
D) біркелкілік
E) гаметалар тазалығы
2. Суреттегі берілген мысал
A) көптік аллелизм
B) полимерия
C) кодоминанттылық
D) толымсыз доминанттылық
E) комплементарлық
3. Суреттегі F2 ұрпақтың генотиптік ажырауы
A) 1АА : 2Аа : 1аа
B) 1АА : 3аа
C) 1АА : 1Аа : 2аа
D) 3АА : 1аа
E) 2АА : 1Аа : 1аа
4. Суреттегі F2 ұрпақтың ата-аналарының генотипі
A) АА
B) Аа
C) аа
D) ААВВ
E) АаВв
5. Суреттегі қызғылт гүлдерді будандастырғанда ұрпақтарының фенотиптік көрінісі
A) 2 қызыл, 1 қызғылт, 1 ақ
B) 2 қызғылт, 1 ақ, 1 қызыл
C) 2 қызыл, 1 ақ, 1 қызғылт
D) 1 қызыл, 1 қызғылт, 2 ақ
E) 1 қызыл, 2 қызғылт, 1 ақ
&&&
Мембрана арқылы заттардың активті (белсенді) тасымалдануы
Белсенді тасымал — бұл энергия жұмсаумен бірге жүретін молекулалар мен иондардың концентрация градиентіне қарсы мембрана арқылы тасымалы болып табылады.
Жануар жасушаларының мембраналарында натрий-калий сорғысы нәруыз тасымалдаушы рөлін атқарады. Мембрананың ішкі жағынан оған натрий мен АТФ келеді, ал сыртқы жағынан калий келеді. Натрий мен калийдің мембрана арқылы тасымалдануы осы нәруыздың конформациялық өзгерістері нәтижесінде жүзеге асады. Жасушаға енген әр 2 калий ионына жасушадан 3 натрий ионы шығарылады. Осының арқасында жасуша іші қоршаған ортаға қарағанда теріс зарядты болады да, мембрананың екі жағы арасында потенциалдар айырмашылығы пайда болады. Бұл жасушаға теріс зарядталған иондардың, мысалы, хлорид иондарының өтуін тежейді. Оң зарядталған иондар керісінше жасушаға тартылады. Натрий-калий сорғысы жануар жасушаларына осмос балансын сақтау үшін қажет. Егер ол жұмыс істемесе, жасуша бөртіп, соңында жарылып кетер еді. Сонымен қатар, жануар жасушаларына бұл сорғы, жүйке және бұлшықет жасушаларының электр белсенділігі үшін, кейбір заттар, мысалы, аминқышқылдары мен қанттар белсенді тасымалы үшін қажет.
1. Жасуша мембаранасы арқылы заттардың тасымалдануына ең қажетті зат
A) үш атомды глицерин
B) май қышқылы
C) липидтер
D) нуклеин қышқылы
Достарыңызбен бөлісу: |