4-дәріс. Тұлғааралық шиеленістер. Әлеуметтік жүйелердегі шиеленістер. Топтық шиеленістер. Тұлғааралық шиеленіс – проблемді-қақтығысты ситуация, мұнда адамдар мақсаты, құндылық және нормалары сәйкес келмейтін бір-бірінен өзара қарымқатынас жүргізуге тырысады немесе қатаң бәсекелесу нәтижесінде бір мақсатқа жетуге тырысады, бірақ қақтығысқа түсуші бір топ немесе жақ жетістікке жетеді .
Еңбек ұжымының психологиялық климатына қақтығыстың әсер етуі деструктивтіге бөледі, мүнда өзара қарым – қатынас іштей бөлінеді және бұзушы қақтығысқа өтеді, дискомфорт және санасу.
Қақтығысты жағдайдың ішкі және сыртқы себептерінің сипаттамасына тоқталайық.
Сыртқы себептер: іскерлік және өзара тұлғааралық келіспеулер, жұмыстағы қателіктер, жұмыс тәртібі мен келісім негізін бұзу.
Ішкі себептер: жағымсыз эмоцианалды және өзара қатынастың арасындағы байланыс. Қақтығыста эмоцияны басқару. Қақтығыстан шығудың психологиялық ерекшеліктері.
Қақтығысты басқару - болжау , ескерту, жою, реттеу. Қақтығыстың өзара қарым-қатынасты бұзуы және зардаптарының себептері.
Іс-әрекет процесінде қиындықтардың пайда болуы және оны саналы түсіну, обьектілендіру- проблемалық жағдайдың пайда болу шарттарының бірі екенін, С.Л. Рубинштейннің айтуынша, мұның өзі ойдың пайда болуы мен алға жүруінің алғышарты мен негізі болып табылытынын есепке ала отырып , ол педагогикалық психологияда адамның интеллектуалдық іс-әрекетін белсендіру факторы, қалыптасқан «қиын» жағдайдан шығудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуды ынталандыру факторы ретінде де қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты педагогикалық қарым-қатынас процесіндегі қиындықтардың позитивті және негативті функцияларын бөледі.