Бағалау күнін анықтау
Бағалау күні - бұл бағалау орындалатын кездегі сәт. Кәсіпорынның құндылығы уақыт бойынша өзгереді және бұл өзгерулер қысқа уақыт ішінде де маңызды болуы мүмкін. Осыған байланысты басынан бастап бағалаудың күнін белгілеп қою керек. Ол кәсіпорынның сату күні, тексеру күні, мүліктік кешенді бөлумен байланысты сот арқылы шешу күні және т.б. жағдайлар болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның құндылығына көптеген факторлар әсер етеді, яғни кәсіпорынға тәуелді және тәуелсіз: кәсіпорын басшылығын ауыстыру немесе аймақтың, елдің саяси басшылығын ауыстыру, шикізатты жабдықтаудың немесе өнімді тұтынушылар құрылымын өзгерту, актив бөліктерін сату немесе жоғары сұраныспен өтетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін жаңа патент алу.
Кәсіпорынның құндылығын бағалау күні бағалаудың салыстырмалы тәсілін қолдану кезінде, яғни кәсіпорынның құндылығына сәйкес келісім шарттың мәліметтерін салыстыруды жүзеге асыру маңызды, мысалы АҚШ-та жылжымайтын объектінің бағалануы маусымдық ауытқуларға негізделген және оларды бағалау кезінде есепке алу керек.
Мысалы, бағаланатын қағаздар және биржалық іс- әрекеттер бойынша комиссияның нормативті актін кәсіпорынды бағалауына нарықта акциялардың шығу күніне 90 күн қалған кезде белгіленуі керек, себебі көптеген ашық акционерлік қоғамдар өздерінің шығыстары мен кірістерін 1 тоқсанда бір рет хабарлайды.
Егер, кәсіпорынның бағалануы соттың қатысуына байланысты жүргізілсе, мысалға кәсіпорынның төлем қабілетсіздігіне байланысты, онда бағалаудың күнін сот анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |