Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу



бет9/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

Негізделген нарықтық құн – ашық және бәсеке нарығындағы мүлік түріне берілетін баға. Экономикалық рационалды, мәмілеге ерікті баратын және қажет ақпаратпен қамтамасыз етілген сатушы мен сатып алушы арасында еркін бәсекені көрсетеді. Қаржыландырудың ерекше шарттарына сәйкес, сатып алу мен сатудың жағдайлары, екі жақтың жеткіліксіз ақпараттануы, нарық деформациясы және т.б. факторлардың әсерінен, тәжірибеде нақты мәмілелердің бағалары нарықтық құннан айырмашылығы болады. Нарықтық емес құнның ретінде, мысалы, нормативті есептетелетін құн бола алады. Нормативті есептелетін құн – нормативтер мен әдістер басқару органдарын бекіту негізінде есептелетін мүліктік кешеннің құны. Қарастырылып отырған мүліктік кешеннің түрлері үшін нормативтердің (ставкалардың, коэффициенттердің) бірлік шкалалары қолданылады. Нормативті есептелетін құн ретінде, мысалы, кәсіпорын мүлігінің салық салу құны болып табылады. Кәсіпорын мүлігіне салық салу үшін салықтық база ретінде негізгі қаражаттардың, материалдық емес активтердің, қорлар мен шығындардың орташа жылдық қалдық құны жатады. Салық салу құнын есептеу үшін кәсіпорын мүлігінің бухгалтерлік есебінің баланстық активіндегі қалдықтар алынады. Нормативті есептелетін құнның тағы бірі, жерге салық салу үшін, жер телімінің құнын анықтау болып табылады.
Мүліктік кешеннің нормативті есептелетін құнының көрсеткішін салық салу және мүлікті мемлекеттік сақтандыру органдары тәжірибеде пайдаланылады. Бұл көрсеткішті талаптар бойынша зақымды бағалау үшін сот органдары да қолданады.
Бухгалтерлік есеп жүйесі баланстық құнды бастапқы, қалпына келтіру және қалдық құны деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет