Бабайқорған жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019-2020 оқу жылының құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы жылдық есебі



Дата26.09.2022
өлшемі17,67 Kb.
#150781
Байланысты:
Құқықбұзушылық есеп 2019-2020


«Бабайқорған жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019-2020 оқу жылының құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы
жылдық есебі.

Мектепте құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты іс-шаралар жоспары жасалып оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді .


Мектептің жалпы ата-аналар жиналысында тәрбие завучы Қ.Өтеп Қ.Р. №591 заңы 12 бабының құзіреті, яғни білім беру органдарының , ата-аналар және олардың орнын алмастырушы тұлғалардың міндеттері мен мақсаты туралы айтылып түсіндірді. Жиналыста жасөспірімдердің сабақтан тыс кездегі тыныс-тіршілігі сөз болып , сабақтан тыс кездегі балалардың жүріс-тұрысына ата-аналардың жауап беретіндігі ескертіліп қаулыға ендірілген. Мектеп оқушысының сабаққа ұялы телефон алып келуіне тиым салынатындығы ескертілген.
Мектепте қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында «Полицияның жас көмекшісі» тобы құрылған. Бұл топ мектептің «Өзін -өзі басқару» ұйымымен бірлесе отырып ортақ жұмыстар атқарады. Мектеп мұғалімдері мен жас полиция топ мүшелері кесте бойынша кешкі уақытта рейдке шығып, ата-аналар мен оқушылармен жұмыстар жүргізіп, хаттама, анықтама, суреттер жазып, толтырған.
Кентау қалалық ІІ бөлімімен «Бабайқорған» жалпы орта мектептің құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы бірігіп атқаратын ортақ жұмыс жоспарлары жасалған. Қыркүйек айынан бастап ІІБ –нің, қызметкері полиция капитаны А.Сайдахметов, оқушылармен ай сайын жиын өткізіп, қала көлеміндегі жасөспірімдер тарапынан орын алып жатқан қылмыс пен құқық бұзушылықтар жөнінде деректер келтіріп ,аталмыш оқиғаға байланысты ата-аналарға көрілген әкімшілік шаралар, хаттамалар туралы айтып ,Қ.Р.№591 заңының аясында түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиналыста девиантты мінез- құлықты оқушыларға арналған оқшаулау шаралары ,ерекше режимде жұмыс жасайтын түзету орындары туралы айтып оқушыларды тәртіпке шақырды. Қараша айында 8-11 сынып ұл балдардың әкелері ата –аналар комитетінің мүшелері Қ.Маханбетов, З.Нуржанов ауылдық полиция инспекторы капитан А.Сайдахметов пен «Тәрбиеге бағынған құл болмайды» тақырыбында кездесу болып өтті.Тәрбие завучы Қ.Өтеп шақырылған қонақтар мен оқушыларға құқықбұзушылық,баланың,әкенің ролі туралы баяндама оқыды.
Тәлімгер М.Тұрғанбай әлімжеттілік, күш көрсету жағдайлары туралы бейнеролик көрсетті. Ата-аналар Н.Абибуллаев,А.Акеев,Б.Маханбетовтер баланың тәрбиесі негізі-отбасыда екенін айтты.
Бабайқорған ауыл округінің әкімі Жанторе Қарабаев өкімі бойынша құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түрлі қоғамдық ұйымдардан комиссия құрылған. Комиссияның мақсаты -ата-аналардың және олардың орнын алмастырушы тұлғалардың ықпалына көнбейтін , мақсатсыз өз бетінше қаңғып жүретін , сабақтан қасақана жалтаратын, заңға қайшы келетін іс-әрекеттерімен көрініп жүрген оқушыларды тәрбиелеп ортаға қосу.
Мектеп психологтары Раматулла М,
жыл басынан бері тәртіп бұзушылыққа бейім оқушылармен жұмыстар атқарып келеді. Сынып жетекшілерімен байланыс жасай отырып ,тәртіп бұзушылыққа бейім оқушыларды анықтап, оларға жеке карта арнаған. Психологиялық алдын алу бағыты бойынша әр жас кезеңдеріне қарай дамыту бағдарламалары жасалған. Балалар арасындағы кикілжіңді болдырмау мақсатында «Қарым –қатынас жасай білу үлкен өнер» тақырыбында тренингтер өткізіліп отырады. Жалпы психологиялық ахуалды зерделеу мақсатында тақырыптық жоспарлар жасалып тест, сауалнама, ойын, жаттығулар тренингтер өткізілуде.
Қаңтар айында мектепке Кентау қалалық ІІБ-нен инспектор сайланды. Мектеп инспекторы Қаюпов Абдумалик оқушылармен кездесу өткізді. «Әлімжеттік әдепсіздік пе,әлде «әдет»пе? тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыста «Түркістандағы болған келеңсіз жағдай»видеоролик көрсетіп, талқылады. 14 жастан бастап оқушылар жауапкершілікке тартылатынын айтып түсіндірді.Түнгі мезгілде сағат 10.00-ден кейін жүрсе,ата-анаға айыппұл салынады.сондықтан тәртіпке бағынайық- деді.Жиналысқа ата-аналар төрайымы М.Жораева қатысып әр отбасы балдарына қарап жауапкершілікте рін мойнына алу керек екені айтылды. .Жиналыста Түркістан қаласындағы келеңсіз жағдай туралы айтты. Оқушылар бір біріне әлімжеттік көрсетуі балалардың соққыға жығылып,ауруханаға түскенін, заң алдында жауап беріп жатқандығы туралы айтты.Мектептің тәрбие завучы Қ.Өтеп оқушылардың әлімжеттік көрсетіп,бір-бірін соққыға жығуы дұрыс емес. Сондықтан оқушыларды келеңсіз жағдайларды болдырмауға шақырды.
25.12.2О19ж Кентау қалалық ЖПҚ ЮПТ-ның бастығы,полиция майоры Ж.Ахметов ,ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры М.Туғанбаевтың қатысуымен оқушыларға жиналыс өткізілді.Жиналыста Кентау қалалық ЖПҚ ЮПТ-ның полиция инспекторы М.Туғанбаев «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай,тәртіп болған жерде білім болады.Егер тәртіп бұзып есепке алынатын болса,келешекте жоғары оқу орнына түсе алмайтыны жөнінде айтып өтті. Мектепте бала мектеп формасын киюге міндетті, балаға смартфон ұстатқаны үшін де ата-ана жауапты болатыны туралы айтты. Тәрбие орынбасары Қ.Өтеп сабақтан көп қалатын,сабақты себепсіз жіберетін оқушыларды апта сайын анықтап,олардың ата-анасымен тәрбие завучы,психолог, сынып жетекші,әлеуметтік педагог түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 24 қаңтар күні «Бабайқорған» ауылдық ауруханасының дәрігері Л.Қодаманова, психолог М Раматулла мектеп оқушылары арасында зиянды заттардан темекі шегу, ішімдік нашақорлыұ және таксаманияның жас ағзаға зияны қауіп қатер алып келетінін түсіндірді.
10 ақпан күні Бабайқорған ауылдық полиция майоры Д. Әшімбетова 8-11 сынып оқушылары арасында «Заң – бәріне ортақ» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізіп оқушылардың сұрақтарына жауап берді, Жас сақшыларменен жиналыс өткізді.
Мектеп оқушылары арасында әлдеуметтік теңсіздікті болдырмау мақсатында бірыңғай мектеп формасын кию қадағаланып әр дүйсенбіде оқушылардың тәртібі сабаққа қатысуы жөнінде лездеме өтіледі. Айына бір рет ұлдар кеңесі, қыздар кеңесі тәртіптік кеңес және өзін-өзі басқару жиналыстары өтіліп жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.
Ата-аналар жиналысының келісім шартына сәйкес мектепте ұялы телефонды алып келуге қатаң тиым салынған.
Қылмыспен құықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте сенім жәшігі және сенім телефоны орнатылған оларға түскен хаттар мен жұмыстар жүргізіліп хаттамалар түзілген.
Көктемгі каникул кезінде оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналардан тіл хаттар алынды.
Оқушылардың қашықтықтан оқытылуына байланысты қазіргі таңда қылмыспен құықбұзушылықтың алдын алу үшін мобилді топ мүшелері мен сынып жетекшілер түнгі рейдттер жүргізуде. Сынып жетекшілер оқушыларменен онлайн түрінде тәрбиелік іс-шараларды өткізді.
Жалпы кәмелетке толмағандар тарапынан биылғы жылы ешқандай құқық бұзушы оқушы ішкі істер бөлімінің есебіне тіркелген жоқ.
Мектеп директоры: А. Бекжанов

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Өтеп

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет