Мектеп: №6 орта мектеп



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі137,57 Kb.
#24690
түріСабақ
  1   2

Сабақ: Математика

Мектеп: № 6 орта мектеп

Күні:05.05.2016ж.

Мұғалімнің есімі: Курташова Шолпан

Сынып: 5 «И»

Қатысқандар саны: 23

Қатыспағандар саны:1

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға процент тақырыбын үйрету, проценті бойынша санды табу формасын пайдаланып логикалық есептер шығару дағдысын қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Оқушылардың басым көпшілігі белсенді,топтық,жұптық жұмыс жасай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Оқушылардың басым бөлігі топтық жұмыс жасай алады.

Кейбір оқушылар:

  • Оқушылардың кейбірі жеке тапсырма жасай алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

  • Оқушылар топпен, жұппен жұмыс істей алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Процент

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Формуланы, есептердің шығару жолдарын ауызша жеткізу.

Талқылауға арналған тармақтар:

Проценті бойынша санды қалай табамыз?

Сіз неліктен.....екенін айта аласыз ба?

Әр топқа берілген есептердің шығару жолдарын түсіндіру.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Есептердің шығарылуын ауызша айтып беру.

Алдыңғы тақырып

Өткен тақырыпқа байланысты ашық сұрақтар қою.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

800-805



Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды белгілеу.Топқа бөлу. Оқушыларды 1,2,3,4 санау арқылы 4 топқа бөлу.




Ортасы

805-810


810-815

815-822

822-0825

825-830


830-837




Үй жұмысын тексеру: Оқушылар өзін өзі тексереді, бағалайды.

Мағынанын ашу мақсатында әр топқа бірдей логикалық «Ертегі есеп» беру. «Фишбон» стратегиясы бойынша топтық есептер шығару.

Есептер шығару.

№ 1615 1 – 2 топқа беру.


№ 1620 3 – 4 топқа беру.

Жұптық тапсырма орындау.

«Сергіту сәті» «Макарено» биіне билету.

Логикалық тапсырма. Жеке орындату.

1. Тігінші бір күнде 20 көйлек тігеді. Жаңа тігін машиналары келген соң ол күнінен 24 көйлек тігетін болды. Тігіншінің еңбек өнімділігі қанша пайызға артты?

2. Автоматты станок 1 сағатта 480 деталь жасап шығарды. Осы станокты жөндеуден өткізгеннен кейін ол сағатына 576 деталь жасап шығаратын болды. Станоктың жұмыс жасау өнімділігін неше процентке артқанын табыңыз?


Оқулықпен жұмыс. № 1624

Жеке тапсырма орындау.





1624

Мирас – 9 жаста

Әкесінің жасының – 25% - індей

Атасының жасының – 60 % - індей

Атасы - ?

Шешуі: 9 ----------25%

х-------------100%

36 --------- 60%

х------------100%

Жауабы: 60 жас




Аяқталуы

837-840



840-8 43

843-8 44

844-8 45


Рефлексия.

«Табыс» ағашын отырғызайық. Ағаш діні жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – сыныбымыздағы көңіл – күй, ал ағаштың жемістері – сіздердің білімдеріңіз.



Жасыл алма – Алақай! Мен бәрін түсіндім. Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма – тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым. Аз ғана кемшіліктер болды, онымен жұмыс жасаймын.

Қызыл алма – сабақ маған түсініксіз. Сәтсіздіктер болды, бірақ мен оны жеңемін.

Бағалау. Жиынтық баға қою барлығын есептеп.

Үйге тапсырма беру. № 1619.

Қорытындылау.






Қосымша ақпарат

Саралау - сіз қалай көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

  • Оқушыларға жеке тапсырма беру. Тақырыпқа сай логикалық тапсырма немесе жеке тапсырма беру.

  • Бағалауға балдық критерий дайындап алдарына беріп, үйрету.



  • АКТ – мен байланыс.

Рефлекция

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары шынайы болды.Оқушылар прценті бойынша санды табуды үйренді. Сыныпта ахуал жақсы және топтық жұмыс болды. Топтық жұмыста тиімді болды. Берілген уақыт ішінде үлгермедім. Мен өз жоспарыма жұптық, жеке тапсырма енгізуім керек оқушылардың дарынын анықтау мақсатында.



Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1:Логикалық тапсырманы топпен жұмыс жасауы.
2:Топқа бөлу әдісі.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1:Сергіту сәті сабақты жақсарта алды.
2:Рефлексия сабақты жақсарта алды.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Келесі сабақта оқушылардың деңгейіне сай тапсырма алу, қиындатылған емес.Уақыттан шығу үшін тапсырманы оңайлау және аз алу керек екендігін білдім.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет