бала: - Дос табу оңай ма? – депті қарт.
Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, - депті қарт.
бала: - Өмірде не жетім? – депті қарт.
Ата-анасы жоқ бала жетім – депті жігіт.
Дұрыс балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала тірі жетім. Өмірде тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім. Ханы ақылсыз болса – халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім, суы жоқ - құдық жетім, ұлы жоқ - әке жетім, қызы жетесіз болса - ана жетім, досы жоқ -жігіт жетім, шәкіртсіз – ұстаз жетім.
Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар; Ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды.
бала: - Үйде кім, елде кім қадірлі?
Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт.
Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты
қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар, - депті қарт.
бала: - Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы – депті қарт.
Достарыңызбен бөлісу: |