«Ю.А.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ №16 ОРТА МЕКТЕБІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» МКМ
БЕКІТЕМІН:
Мектеп директоры
М.Туркешев
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Информатика пәні мұғалімі - Жунисбекова Гульвира
Акылбековна
2018-2019 оқу жылы
Кіріспе
Дарынды балаларды байқау бақылау, психологиялық ерекшеліктерін, сөйлеу, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін зерттеу негізінде бастауыш мектепте басталуы тиіс. Дарынды балалармн жұмыс жасау, оларды байқау, дамыту -мектеп ісінің маңызды аспектісі болуы тиіс.
Дарынды балалар :
көпшілікпен салыстырғанда интеллектуалдық қабілеті, оқуға бейімділігі, шығармашылық мүмкіндіктері жоғары;
белсенділікке ие;
білім алғанда қуанады.
Шартты түрде дарынды балаларды келесі категорияларға бөлуге болады:
балалар таңқаларлық жоғары интеллектуалдық қабілеттерімен;
ғылымның белгілі бір облыстарында арнайы дарындылық белгілері және нақты академиялық қабілеттері бар балалар;
шығармашылық қабілеттері жоғары балалар;
көшбасшылық қабілеттері жоғары балалар;
оқуда қандай да бір себептерге байланысты жетістіктерге жетпеген, бірақ жарқын танымдық белсенділігімен, ойлау қабілетенің мықтылығымен , психологиялық қалыптасуымен ерекшеленетін балалар.
Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы принциптер:
тұлғаның қалыптауына берілген мүмкіндіктерді барынша түрлендіру принципі;
сабақтан тыс жұмыстардың ролін жоғарылату принципі;
оқуды жекелендіру және күрделендіру принципі;
мұғалімнің қатысуын мейлінше азайтып оқушылардың бірлесе жұмыс жасауына жағдай жасау принципі;
оқушылардың өз бетімен қосымша білім алу қызметтерін таңдау принципі. Дарынды балаларды байқау жалпы бақылау, психологиялық ерекшеліктерін,
сөйлеу, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін зерттеу негізінде бастауыш мектепте басталуы тиіс. Дарынды балалармн жұмыс жасау, оларды байқау, дамыту - мектеп ісінің маңызды аспектісі болуы тиіс.
Дарынды балалармен жұмыс жасау формалары:
дарынды балалармен топтық сабақтар;
факультативтер;
конкурстар;
оқушылардың талғамы бойынша үйірмелер;
оқушылардың талдауы бойынша курстар;
олимпиадаларға қатыстыру;
жеке жоспарлар бойынша жоспарлар;
профильді сыныптарда сабақтар өту,
интеллектуалдық марафондар.
Жұмыстың мақсаты:
мектеп және қосымша білімнің оптимальды құрылымы арқылы дарынды оқушылардың дамуына қолайлы жағдайларды жасау.
дарынды балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін қалыптастыру;
информатика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
баланың жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
балалардың кәсіби және жеке даралық қабілеттерін анықтай алуына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Талаптары:
дарынды балаларды іріктеу және оларды арнайы қолдау жүйесін жетілдіру, дарынды балаларға психологиялық көмек көрсетуге психологиялық кеңес беру қызметін қалыптастыру;
білім берудің әртүрлі жүйесінің ойлау қабілетінің дамуына, шығармашылықтың дамуына әсер ететіндерін іріктеу;
дарынды балалардың денсаулықтарын жақсартуға жағдайлар жасау;
қабілетті және дарынды балалардың аудандық, облыстық олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, шығармашылық көрмелерге, әртүрлі конкурстарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту.
Негізігі принцип: баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Күтіліп отырған нәтижелер:
оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын сақтауға және өсіруге жағдай жасалады;
оқушылардың білім алу және тәрбие деңгейі жоғарылайды;
оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.
Негізгі іс-шаралар:
дарынды балаларға жеке бағдарламаларды дайындау және енгізу;
мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, конференцияларды, көрмелерді, интеллектуалдлық жарыстарды ұйымдастыру;
мектепте оқушылардың зерттеу және шығармашылық істеріне, дарынды балалармен жұмыс істеуді дамытатын жабдықтар мен материалдарды енгізу;
дарынды балаларға зерттеу және шығармашылық істеріне қажет ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиетті кеңейту;
оқушылардың зерттеу және шығармашылық жұмыстарына жетекшілерді тағайындау және қолдау;
дарынды балалармен жұмыс істеудегі проблемаларға қатысты ғылыми- практикалық конференциялар мен семинарларды жүргізу.
БЕКІТЕМІН:
Мектеп директоры
М.Туркешев
«Ю.А.Гагарин атындағы №16 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Информатика пәні мұғалімі Жунисбекова Гульвира Акылбековнаның 2018-2019 оқу жылына арналған
Достарыңызбен бөлісу: |