Негізігі принцип: баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Күтіліп отырған нәтижелер:
оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын сақтауға және өсіруге жағдай жасалады;
оқушылардың білім алу және тәрбие деңгейі жоғарылайды;
оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.
Негізгі іс-шаралар:
дарынды балаларға жеке бағдарламаларды дайындау және енгізу;
мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, конференцияларды, көрмелерді, интеллектуалдлық жарыстарды ұйымдастыру;
мектепте оқушылардың зерттеу және шығармашылық істеріне, дарынды балалармен жұмыс істеуді дамытатын жабдықтар мен материалдарды енгізу;
дарынды балаларға зерттеу және шығармашылық істеріне қажет ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиетті кеңейту;
оқушылардың зерттеу және шығармашылық жұмыстарына жетекшілерді тағайындау және қолдау;
дарынды балалармен жұмыс істеудегі проблемаларға қатысты ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды жүргізу.