мектеп және қосымша білімнің оптимальды құрылымы арқылы дарынды оқушылардың дамуына қолайлы жағдайларды жасау.
дарынды балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін қалыптастыру;
информатика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
баланың жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
балалардың кәсіби және жеке даралық қабілеттерін анықтай алуына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Талаптары:
дарынды балаларды іріктеу және оларды арнайы қолдау жүйесін жетілдіру, дарынды балаларға психологиялық көмек көрсетуге психологиялық кеңес беру қызметін қалыптастыру;
білім берудің әртүрлі жүйесінің ойлау қабілетінің дамуына, шығармашылықтың дамуына әсер ететіндерін іріктеу;
дарынды балалардың денсаулықтарын жақсартуға жағдайлар жасау;
қабілетті және дарынды балалардың аудандық, облыстық олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, шығармашылық көрмелерге, әртүрлі конкурстарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту.