Теориялық бөлім. Буферлі ерітінділер − бұл қышқыл немесе сілтінің аз мөлшерін қосқанда немесе сұйылту кезінде рН мәндерін өзгертпейтін ерітінділер. Буферлі ерітінділердің құрамында әлсіз қышқыл және оның тұзы немесе әлсіз негіз және оның тұзы болады, мысалы:
CH3COOH+CH3COONa − ацетатты буферлі ерітінді;
NH 4OH+NH 4Cl − аммиакты буферлі ерітінді.
Ацетатты буферлі ерітіндіні мысал ретінде қарастырып, әлсіз қышқыл және оның тұзынан құралған буферлі ерітіндінің рН-ын есептеу формуласын шығарайық:
CH3COOH↔CH3COO-+H+ реакциясы үшін:
Kд=
Осыдан сутек иондарының концентрациясын табайық:
[H+ ]=Kд ∙
Теңдеудің екі жағын логарифмдесек:
lg[H+] = lgKд + lg ,
Таңбаларды керілерге ауыстырсақ:
−lg[H+] = − lgKд –lg ,
pH = pK CH3COOH − ∙
Жалпы түрде, әлсіз қышқыл және оның тұзынан құрылған буферлі ерітінді үшін:
pH = pK HAn − lg
Бұл жерде рК теріс таңбамен алынған әлсіз қышқылдың диссоциациялану константаның ондық логарифмі.ТеңдеуГендерсон-Гассельбах теңдеуі деп аталады.
Әлсіз негіз және оның тұзынан құрылған буферлі ерітінді үшін:
NH 4OH ↔ NH 4+ + OH- Әлсіз негіздің диссоциациялану константасы келесі теңдеу арқылы өрнектеледі:
K =
Диссоциациялану константасының теңдеуінен гидроксил иондарының концентрациясын анықтайық:
[OH-]= Kд Теңдеудің екі жағын логарифмдесек және таңбаларын керілерге ауыстырсақ, онда
−lg [OH-]= −lg Kд − lg ;
pOH=pKNH4OH −lg ;
Жалпы түрде, pH+pOH=14 екенін ескерсек:
pH =14 − pKKtOH + lg .
Сонымен, қорыта келгенде буферлі ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясы тек қана әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіздің электролиттік диссоциациялану константасы мен концентрациясына, сонымен қатар тұздың концентрациясына тәуелді. Әлсіз қышқыл және оның тұзынан құрылған буферлі ерітінділерде неғұрлым тұздың концентрациясы жоғары болған сайын, соғұрлым сутек иондарының концентрациясы азаяды. Әлсіз негіз және оның тұзынан құрылған буферлі ерітінділерде тұздың концентрациясы артқан сайын ОН- иондарының концентрациясы азая түседі.
Буферлі ерітіндіге оның рН-ын бірқалыпта ұстап қышқыл немесе сілтіні қосу, белгілі бір шамаға дейін ғана мүмкін және бұл шама буферлік сыйымдылық деп аталатын шамамен шектеледі.