Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет32/53
Дата24.02.2022
өлшемі359,41 Kb.
#133031
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Байланысты:
treatise4937

Фосфатты буферлі жүйе гидрофосфат және дигидрофосфат иондарының арасындағы тепе теңдікке негізделген:

HPO42-+H+ ↔ H2PO-4


HPO42-+H+ ↔ H2PO -4+OH-
3.Оксигемоглобин-гемоглобин буферлі жүйесі қанның буферлік сыйымдылығының 75%-ын құрайды. Бұл буферлі жүйе Hb- гемоглобин иондары мен өте әлсіз қышқыл болып табылатын HHb-гемоглобин арасындағы, сондай ақ оксигемоглобин иондары HbO2 және гемоглобинмен салыстырғанда күштілеу оксигемоглобиннің арасындағы тепе-теңдіктерге негізделген (KHHb=6,3∙10-9, pKHHb=8,2, KHHbO2=1,12∙10-7, pKHHbO2=6,95):
Hb-+H+↔HHb
Hb-+H2O↔HHb+OH-
HbO2+H+↔HHbO2
HbO2-+H2O↔HHbO2+OH-
Егер организмдегі тепе теңдік бұзылып, қышқылдық артып кетсе, бұл құбылыс ацидоз деп, ал сілтілік артса, алкалоз деп аталады. Ацидоз немесе алкалоздың пайда болуы организмге қышқылдылығы немесе сілтілігі жоғары, артық мөлшерлерде қосылыстардың түсуімен тікелей айланысты (тамақ, су арқылы, дәрі дәрмектер, ауаның ластану арқылы) немесе тыныс алу мен қан айналу функцияларының, қалыпты зат алмасуының бұзылуына байланысты, организмнің әр түрлі патологиялық күйлері кезінде аномальды генерацияның немесе организмнен осындай заттарды шығару нәтижесінде байқалуы мүмкін. Қазіргі замандағы клиникалық практикада қышқылдық- негіздік тепе теңдікті (ҚНТ) қанда Аструп микроәдісімен зерттеу арқылы анықтайды және ВЕ өлшем бірлігімен сипаттайды (ВЕ- би-эксцесс (латынша) сілтілік артуы). Егер ҚНТ қалыпты жағдайда болса ВЕ=0±3, егер ВЕ =0±(3-5) болса, организмнің жағдайы стресс қалыпты, ВЕ=±(6-9) нашар, ВЕ=±(10-14) − өте нашар деп саналады, ал ВЕ ˃14 болса, критикалық және өлім қаупі туады.
Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті ретке келтіру үшін ацидоз кезінде 4%-дық натрий гидрокарбонаты ерітіндісін қолданады. Оның қажетті көлемін (мл-мен) келесі формула бойынша есептейді:
V=0,5.m.В.Е,
мұнда, m −ауру адамның массасы, кг.
Егер ацидоз құбылысы жүрек тоқтағанның нәтижесінде пайда болса, натрий гидрокарбонатының көлемін мынадай формуламен есептейді:
V=m.z,
мұнда z − жүректің тоқтап қалған уақыты, мин.
ҚНТ алкалоз нәтижесінде бұзылса, уақытша шара ретінде 5%-дық аскорбин қышқылы ерітіндісінің 5-15 мл-ге дейін құяды. Бірақ ҚНТ коррекциясы алкалоз кезінде өте күрделі, сондықтан көптеген жағдайларды ескеріп, басқа да шаралар қолану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет