Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Қатты денелердің бетіндегі адсорбция



бет49/53
Дата24.02.2022
өлшемі359,41 Kb.
#133031
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
treatise4937

Қатты денелердің бетіндегі адсорбция
Еріген заттарды қатты адсорбенттермен сіңіру кезінде меншікті адсорбцияны Гиббс теңдеуі бойынша есептеу мүмкін емес, себебі қатты дене − сұйық бөліну шекарасында беттік керілуді өлшеу әдістері анықталмаған. Сіңірілген заттың (адсорбаттың) мөлшерін оның ерітіндідегі концентрациясының өзгеруі бойынша анықтайды. Меншікті адсорбцияның шамасы А қатты адсорбенттер үшін (1 кг адсорбентке адсорбцияланған зат мөлшері, моль) және ерітіндідегі тепе-теңдік концентрациясы тұрақты арқылы байланысады:
А = Г = = C1/n
Бұл жерде: х – адсорбцияланған зат мөлшері, моль; m – адсорбенттің массасы, кг; К, 1/n – константалар.
К тұрақтысы адсорбент пен адсорбаттың табиғатына тәуелді және кең шектерде өзгереді. Оның физикалық мағынасы: тепе-теңдік концентрациясы бірге тең кезіндегі адсорбцияның шамасын көрсетеді. Адсорбциялық көрсеткіштің 1/n мәні аралығында өзгереді және температураға, адсорбаттың табиғатына тәуелді. Екі константаның шамаларын графикалық түрде анықтайды. Ол үшін жоғарыда көрсетілген теңдеуді логарифмдейді:

Тәжірибелік жолмен x/m мәндерін анықтап, lg(x/m) – lg C координаталарда графигін тұрғызады (13-сурет). Ордината осінен қиылысатын түзу кесіндіні lg K шамасын, ал сызықтың тангенс бұрышы - 1/n шамасын көрсетеді.
Фрейндлих теңдеуінің бір кемшілігі – теңдеу бойынша концентрацияның артуына сәйкес адсорбция да шексіз өседі, ал іс жүзінде адсорбцияның белгілі бір шегі бар.
Lg(x/m)

α Lg K lg C


0

13-сурет. Фрейндлих теңдеуіндегі константаларды анықтау графигі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет