Бағалардың жіктелуі және олардың жүйесі 1 Баға жүйесі түсінігі


Бағаның құрылымдық элементтері және оның құрылымы



бет2/3
Дата24.01.2023
өлшемі27,87 Kb.
#166239
1   2   3
Байланысты:
Баға 2 лекция

2 Бағаның құрылымдық элементтері және оның құрылымы
Әр бағаның өзінің белгіленген элементтері болады:

  • өнім бірлігінің өздік бағасы;

  • кәсіпорын табысы (рентабельдік нормасына);

  • жанама салықтар (акциз, қосымша құнға салық салу).

Мұнда баға түріне қатысты бұл элементтердің құрамы өзгеруі мүмкін. Проценттер немесе бірлік бөлігі ретінде көрсетілген бағаның жеке элементтерінің қатынасы баға құрылымын құрайды.
Баға құрамы және құрылымы 2 суретте көрсетілген.
Бірнеше көтерме делдалдар болған кезде оған қатысты сондай мөлшерде (санда) бір тектік элементтер пайда болады: көтерме делдалдың сатып алу бағасы, көтерме делдалдың сату бағасы.
Оның нәтижесінде баға құрамындағы снабженческо-сбытовой қосымшасының саны өседі, ал тауар бағасының құрылымы күрделенеді.
Кәсіпорын өндіретін өнімнің бағасын біле тұра, бағада шығындар, табыстар және жанама салықтар қандай роль ойнайтынын анықтауға болады.
Оның негізінде өздік құнның төмендеуінің резервтері анықталады, баға стратегиясы жасалып шығады, сонымен қатар кәсіпорынның қазіргі мезетіне және мақсатына байланысты баға белгілеу әдісі таңдалады. 
3 Бағалар классификациясы (баға түрлері және олардың классификациясы)
Бағалар біріңғай баға жүйесін құрайды және оның өзінің классификациясы болады (3-сурет).
I Ұлттық экономикаға қызмет көрсету саласы бойынша бағалардың топтастырылуы
Ұлттық экономикаға қызмет көрсету сферасы бойынша бағалардың дифференциациясы экономика сферасының әр түрлі ерекшеліктерінің есебі негізінде құрылады.
Берілген топтың бағалары төмендегідей жіктеледі:
1) көтерме бағалар өнеркәсіптік кәсіпорындар немесе олардың делдалдары бөлшектік саудалық ұйымдар қызметтерінсіз өзінің тауарларын үлкен мөлшерлерде сататын бағалар. Өнім көтерме бағамен кәсіпорындар, салалар араларында, сауда ұйымдарына сату арқылы көтерме саладан бөлшектік салаға сатылады, бірақ ол ұсақ партиялармен сатып алатын халыққа сатылмайды. Көтерме бағалармен тауарларды жөнелту қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысады;
2) бөлшектік бағалар — тауарларды соңғы тұтынушы — халыққа сататын бағалар, өйткені бұндай тауарлар негізінде тұтынушылық өнімдер болып табылады. Бөлшектік бағаларды қолдануда көбінесе қолма-қол ақшамен есеп айырысады;
3) сатып алу бағалары (закупочные) — ауылшаруашылық өндірушілер ауылшаруашылық өнімдерін үлкен көлемде мемлекетке және кәсіпорындаға сататын бағалар. Егер мұндай өндірушілер ауылшаруашылық емес өнімді сататын болса (мысалы, артық техника), онда бұл бағалар көтерме болады. Көбіне ауылшаруашылық өнімін үлкен көлемде мемлекеттік саясаттың материялдық базасы ретінде фондтар құру үшін мемлекеттік органдар сатып алады. Сонымен қатар сатып алу бағалар деп ауылшаруашылық өнімдерін үлкен партиялармен мемлекеттік емес кәсіпорындар және ұйымдар (мысалы, ет комбинаттары) сатып алатын бағаларды атайды. Егер ауылшаруашылық өнімі халыққа сатылатын болса, онда «бөлшек баға» деген ұғым қолданылады. «Сатып алу бағалар» ұғымынан «мемлекеттік сатып алу бағалары» ұғымын айыра білу керек. Мемлекеттік закупка бағалары – орталықтанған мемлекеттік фондттар құру үшін мемлекеттік органдар әртүрлі өнімдерді (тек қана ауылшаруашылық өнім ғана емес) сатып алатын бағалар. Мемлекеттік сатып алу объектісі болатын өнімдер халықшаруашылық, стратегиялық және әлеуметтік маңызға ие болады (шикізаттың негізгі түрлері, жанармай, бидай, мақта және т.б.
Бағаның басқа түрлеріне қарағанда, мемлекеттік сатып алу бағалары арқылы ең алдымен жалпы ұлттық мәселелер шешіледі, сондықтан мемлекет сатушыға белгіленген жеңілдіктер береді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет