1 Баға жүйесі түсінігі Экономикадағы бүкіл бағалар бір-бірімен тығыз байланысқан және бірігіп әрдайым түрлі факторлардың әсері бір жүйені құрайды.
Бағалар жүйесі – нарық қатысушыларына қызмет көрсететін және олардың экономикалық қарым-қатынастарын басқаратын, біріккен реттелген әртүрлі баға түрлерінің жиынтығы.
Бағаның бір түрінің деңгейінің, құрылымының өзгеруі басқа бағалар түрлерінің өзгерісіне әкеліп соғады. Бұл нарық механизмінің және нарық субъектілерінің элементтерінің байланысымен шартталған.
Әр блок және әр баға, жалпы баға жүйесінің бөлігі ретінде, қатал белгіленген экономикалық жүктемені әкеледі.
Қазіргі бағалар жүйесінде әр түрлі бағалар жүйесі қызмет атқарады, және олар қазіргі заманғы нарықтардың ерекшеліктері мен масштабтарына қатысты құрылады. (1 суретте көрсетілген)
Дүниежүзілік бағалар — жалпы дүниежүзілік нарық масштабында тауарлар мен қызметтер конъюктурасының көрінісін жалпы және толық беретін және халықаралық нарыққа қызмет ететін бағалар.
Халықаралық аймақтық нарықтар бағалары – дүниежүзілік бағаларды іске асырудың нақты формасы болып табылатын және тауарлардың сату-сатып алу халықаралық орталықтар жиынтығы болатын халықаралық (базалық) нарықтарға қызмет көрсететін бағалар.
Ұлттық (ішкі) бағалар — ұлттық шаруашылықтың салаларының ерекшеліктерін есепке алып құралатын және елдің ішкі нарығындағы тауарлар мен қызметтер конъюктурасынтолық көрсететін, ұлттық экономикаға қызмет көрсететін бағалар.
Халықаралық бірлескен бизнестегі бағалар — кәсіпорынның шетел инвестицияларымен жұмысы, халықаралық бірлескен бизнестің басқа да формалары масштабында тауар айналымына қызмет ететін бағалар.
Сыртқы сауда бағалары — импортталатын және экспортталатын өнімдердің айналымына қызмет ететін бағалар.