Оқу жетістіктерін бағалау түрлері
12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:
0 балл – қанағаттанарлықсыз
1 - 2 балл – қанағаттанарлықтан төмен
3 балл – қанағаттанарлық
4 балл – қанағаттанарлықтан жоғары
5 балл – жеткілікті жақсы
6 балл - жақсы
7 балл - өте жақсы
8 балл - үздікке жақын
9 балл - үздік
10 балл - өте үздік
Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі. Әрбір оқу пәні бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс - әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай – ақ білім алушылардың іс - әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді.
Сабақ сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс - әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ ауқымында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс - әрекеті деңгейлеріне ( репродуктивті, продуктивті) сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда алған оқушылардың балдары пайдаланылады.
Жалпылау, тақырыптық және қорытынды бағалауда мұғалім олардың іс - әрекеттерінің барлық деңгейлерін ( репродуктивті, продуктивті, шығармашылық)
ескереді.
Кезеңдік_Межелік_Ағымдық'>Білім алушының оқу жетістігін бағала түрлері
Ағымдық
Кезеңдік
Межелік
Ағымдық - 2 – 11 сыныптардағы оқу кезеңдерінде бағалау (тақырыптық, сабақ сайын)
Кезеңдік – бөлімді аяқтауда, сондай-ақ жарты жылда, оқу жылында бағалау (тақырыптық, жалпылау)
Межелік – оқу циклдары аяқталғаннан кейін, яғни 2, 4, 6, 8, 10, 12 сыныптардан кейін (тақырыптық, жалпылау) бағалау.
Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін ( 4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі.
Жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11 (12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижеге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары соңында өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |