стандарты бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұнын, білім беру стилін бақылау;
бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.
Жалпы білім беретін орта мектептерде бағалаудың элементтері енгізілуде, соның ішінде критерий арқылы формативті бағалау жақсы енгізілуде. Біз бағалаусыз оқу үдерісін елестете алмаймыз. Бағалау болмаса, білімді меңгеру де болмас еді. Баға оқушыны білім алуға ынталандыратын құрал, өмірге дайындауға көмектесетін құрал.
Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалаудың белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл бағалаудың білім сапасын көтеруде мәні өте зор ( Бегляров Э. 2010).
Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
«Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады
«Баға» оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, келешекте дамуына ықпал ету үшін қойылады. Бағалау оқушылардың ойлау қабілетін дамытады және өзін-өзі бағалауы жақсарады
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыталуда.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі–оқытудың әдіс–тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе–оқыту әдісін дұрыстаңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әр бір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады. Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады. Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді Алғашқы бағалау жүйесі Германияда пайда болған. Ол үш балдық жүйе еді, «1разряд» -үздік, «2 разряд» -орташа және «3 разряд»- төмен деген мағына берді. Балл оқушылардың басқалармен салыстырғандағы деңгейін көрсетті. Уақыт өте келе орташа деңгей оқушылардың көбеюі әсерінен екіге бөлініп, бес балдық жүйе пайда болды және кейіннен Ресейдегі бағалау жүйесі орнын басты. Бұнда балдық жүйеге басқаша мағына берілді, яғни оқушылардың разрядын емес, балдық жүйе көмегімен оқушылардың танымын бағалауға тырысты. ХХ ғасырдың басында енгізілген бес балдық бағалау 1950-ші жылдардан бастап шындығында 3 балдық бағалау жүйесіне айналды, «4» пен «5» ке оқи алмайтындар үшін, 2 балдық бағалау десе де болады. Бұл бағалау оқушыны оқуға ынталандыра алмады. Мұғалімдердің кейбірі бес балдық жүйенің өзін 5: +5; -5 деген өзіндік градацияны қолданды.
Шетелдік мектептерде білім,білік, дағдыны бағалаудың -жүз; -он екі, -он,-екі т.б. балдық бағалау жүйесін тәжірибеде қолданып көріп, бағалау жүйесін енгізуде тұрақты шешім қабылданды. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында білімді бағалаудың ерекше жүйесі бар. «А» деген баға біздің «5»-тігіміз, егер тапсырманың 90-100 %-ы орындалса қойылады. «В» деген баға біздің «4»-тігіміз, тапсырманың 80-90 %-ы орындалса қойылады. «С» деген баға біздің біздің «3»-тігіміз, егер тапсырманың 70-79 %-ы орындалса қойылады. Тапсырманың тек 60-69 %-ы орындалса «Д» деген баға қойылады, ол біздің «2» деген бағамыз.
Бағалау жүргізу үшін ең алдымен мынаны анықтап алу керек, оқушылар не біледі, нені істей алады, сонымен қатар қандай қиындықтар кедергі келтіреді. Мен курс барысында оқушылардың білімін критерий бойынша бағалауға болатынын білдім. Критерий бойынша бағалау оқушылардың білімін тексеруге, сабақтың материалдарын қаншалықты меңгергендерін білуге мүмкіндік беретінін, ашық бағалауға, оқушылардың не үшін ондай баға алғанын өздері оңай түсінуге, мұғалім мен оқушы арасында түсіністік орнауына көп септігін тигізетінін байқадым.
Алдағы уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын бағалау жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Бағалау тек қана үлгерімді көрсету ғана емес, мұғалім оқушыға өзінің нәтижесін жақсарту үшін алдағы уақытта не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы, екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.