Қазақ тілі. 11- сынып.Әлемді өзгерткен өнертабыстары.Шешендік сөздер. Сөз мәдениеті Публицистикалық стиль
Оқу мақсаты: 11.4.3.1- белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:көркемдеу,айшықтау,дәлелдеу,сөздерді сұрыптай білу(образды-эстетикалық)
Бағалау критерий: Білім алушы:
- тақырып аясында тілдегі кқркедегіш құралдарды орынды пайдаланады
-мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану және жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты: 20 минут
1-тапсырма
Диктант
Леонардо 1452 жылы Винчи қаласындағы бай нотариустың отбасында дүниеге келген. 15 жасынан бастап, Верроккьо атты суретшіден тәлім ала бастаған ол оқушы кезінде-ақ, өз ұстазынан асып түсіп, ерекше дарынын байқатты. Жас кезінде тек сурет өнерімен ғана айналыспай, астрономия, физика, математика ғылымдарын да қызығып, оқыды. Бойында мұндай қызығушылықтардың тууына себеп болған астроном Тосканелли болатын.
Оның алғаш картиналарының өзі италия халқында ерекше дарынның пайда болғандығынан хабар берді. Мысалы, «Сүйінші», «Мадонна Бенуа» атты еңбектері сол кездің өзінде бар халықты тамсандырды. Дегенмен картиналарының ерекше құрметке ие болуы оның басқа ғылымдармен айналысуына кедергі бола алмады. Адам және жан-жануарлар анатомиясы, механика, архитектураға да көңілін бөлген ол бұл салада да білімін жетілдіре береді.
15 ғасырдың 80 жылдары ғалым Миланға көшіп барады. Людовик Мороның сарайында тұрақтаған ол сол жерде гидромеханика мен әскер ілімін меңгереді. Сонымен қатар, сарайдағы от шашуларды ұйымдастырумен айналысады. Ал мына ізденістері тіпті қызық. Сол кездің өзінде ол ұшу аппараты, су асты қоңырауы, су асты кемесі секілді бастамаларды қолына алған.
Осылай әмбебап ғалым 1499 жылы Венецияда, кейін Флоренцияда, 1514 жылы Римде өмір сүреді. Қай жерде жүрсе де, суретші ғажайып картиналар салып, елді тамсандырумен болады. 1503 жылдың шамасында ол әлемге әйгілі "Мона Лизаны" салып шығады. Ал 1516 жылы бірінші Францисктың шақыртуымен, Францияға көшеді. Өмірінің соңғы 4 жылын осында өкізген ол, аяқталмаған еңбектерін аяқтаумен айналысады
2-тапсырма. Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табыңдар.
|
тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Емле қатесі
|
1
|
Орфография нормаларын сақтайды
|
2
|
Тыныс белгі қатесі
|
1
|
Үтір,нүктенің дұрыс ережесін сақтайды
|
2
|
Стильдік қате
|
1
|
Азат жолды сақтайды
|
2
|
Грамматикалық тапсырма
|
2
|
Мәтіннен негізгі ойды анықтайды
|
2
2
|
Көркемдегіш құралдарды табады
|
Барлығы
|
|
|
10
|
Достарыңызбен бөлісу: |