«Кері байланыс» ұғымы-биологиядағы басқару жүйесінің жұмысына
тән міндетті принциптердің бірі.
Ол басқару жүйесінің нысанға
қандай да бір әсерінен кейін командалық орталықтың берілген командасының табысты болу дәрежесі туралы ақпаратты алуы және талдауы керек екенін болжайды. Мақсатқа жету үшін
басқару жүйесі жұмыс істейді. Нәтижесіне байланысты «басқарудың»өзара әрекеті және өзара шарттастығы «кері байланыс» жүйесі деп аталады. Дене температурасын, көмірқышқыл газының деңгейін және глюкоза мөлшерін реттеу кері байланыс принципінің қызметіне мысал болады.
Дене температурасы.
Сүтқоректілер мен құстар класының өкілдері дене температурасын сақтайтын физиологиялық механизмдері дамыған жылы қанды жануарлар екенін білеміз.
Адамда бұл үдеріс термореттелу орталықтары аралық ми бөлігінде болады.
Организмдегі көмірқышқыл газының деңгейі аралық мидың тыныс орталығы арқылы бақыланады.Қолқада, ірі артерияларда және басқа қан тамырларда болатын хеморепцепторлардан аақпараттар түседі. Қандағы көмірқышқыл газының мөлшері артқан кезде тыныс алу орталығы қабырғааралық бұлшықеттер мен көкетке жиырылуға команда береді. Тыныс алу жүзеге асады.
Қандағы глюкоза мөлшері ұйқы безінің екі гормоны: инсулин және глюкоген арқылы реттеледі. Ішектен келетін қандағы қант мөлшері артқан кезде, ұйқы безінің жасушаларында болатын хеморецепторлар сезеді. Жауап ретінде инсулин бөледі. Оның әсерінен бауыр жасушалары қаннан глюкозаны алады, оны ерімейтін полиқант гликогенге айналдырады.