4)Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз [1 Б]
/сыйластықтан, тәрбиеден, салттан, әкеден, отбасынан/
Отан _______________________________басталады.
4)Сұраққа толық жауап жазыңыз. Отбасының бала тәрбиесіне қатысы қандай? [1 Б]
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқылым
Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады. Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.
1)Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз . [1]
Достарыңызбен бөлісу: |