«БАҒалаудың Өлшемдік технологиялары» пәні бойынша Syllabus


Курс бойынша емтихан сұрақтары



бет40/41
Дата29.12.2021
өлшемі71,63 Kb.
#106173
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
bagalaud n olshemdik tehn (6)

2.4.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәнінің нысаны, пәні, басқа ғылым салаларымен байланысы.

2. Бағалаудың өлшемдік технологиялары н зерттеу әдістері.

3. Бағалау межесін дайындаудың ғылыми негіздері.

4. Критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялықпедагогикалық негіздері.

5. Критериалды бағалаудың әдістемелік негіздері.

6. Критериалды бағалаудың технологиясы.

7. Критериалды бағалаудың қызметтері.

8. Критериалды бағалаудың ұстанымдары.

9. Тұлғаға бағытталған оқытудағы бағалау жүйесі.

10. Бағалау нормативтік және ақпараттық-диагностикалық қызметі.

11.Мақсат қоюдағы бағалаудың рөлі.

12. Мақсат қою, түрлі көзқарастар.

13. Оқушылардың жетістігін бағалау ұстанымдары (маңыздылығы, барабарлығы, шынайылығы).

14. Оқушылардың жетістігін бағалау ұстанымдары (әділдік, кіріктірілген, ашықтық).

15. Оқушылардың оқу жетістігін бағалаудағы қолжетерлік, жүйелілік, тілектестік ұстанымдары

16. Критериалды бағалау түрлері.

17. Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалық бағалау.

18. Оқушылардың оқу жетістігін қалдыптастырушы бағалау.

19. Оқушылардың оқу жетістігін жиынтық бағалау.

20. Бағалау критерийлері.

21. Қалыптастырушы бағалау техникасы.

22. Топтық жұмыс түрін бағалау.

23. Оқушылардың оқу жетістігін портфолионың көмегімен бағалау.

24. Тиімді портфолио. Сипаттамалар.

25. Портфолиомен жұмыстың кезеңдері.

26. Қызығушылық бағалаудың бір мақсаты ретінде.

27. Оқушылардың өзара бағалау үдерісі.

28. Бақылау-тексері жұмыстарының түрлері.

29. Жас ерекшелікті ескере отырып бағалау.

30. Жиынтық бағалаудың мәні.

31.Критериалды бағалауды әдістемелік қамтамасыздандыру.

2.5. Оқытудың басты нысандары мен әдістері және оқу жетістіктерін бақылау

Бақылау түрлері (ағымдағы, аралық) – жазбаша тестілеу

Аралық (модульдық) бақылау семестрдің 1-інші және 14-інші аптасында жүргізілетін бірінші және екінші рейтингтік бақылауға бөлінеді. Пәннің Рср бойынша 50% төмен балл алған білім алушы сол пән бойынша емтиханға жіберілмейді және RETAKE (қайта оқып тапсыруға) өтуіне міндетті.

Аралық бақылау (Р1,Р2) төмендегі тапсырмалардан көрінетін 3 бағыттағы бақылауды қамтиды:

1 сұрақ- теориялық мәнде;

1 тапсырма – типтік кәсіби тапсырма;

1 тапсырма – жеке-шығармашылық тапсырма немесе жобаны қорғау.

Р1, Р2 бағаларының құрылымы:




Қызмет түрі

Р1

Р2

Ағымдық бақылау (АБ)

5

5

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

10

10

Аралық бақылау (Р1, Р2)

15

15

Қорытынды баға

30%

30%

Пән бойынша қорытынды баға ағымдық бақылау (60%) пен аралық аттестация (емтихан) – 40% үлгерімдері көрсеткіштерінің толық жиынтығы ретінде анықталады да 100% құрайды.

Қорытынды баға ағымдық бақылаудан, 2 аралық бақылаулардан және қорытынды емтихандардың бағаларынан құрылады. І аралық бақылау – 30%, II аралық бақылау – 30% және емтихан – 40%.

Ағымдық бақылауға барлық тапсырмаларды, бақылау жұмыстарын, курстық жоспарларды, студенттің өздік жұмысын орындау жатады.

Білім алушылардың әрбір аяқталған тапсырмасы үшін ағымдық бақылау көрсеткіштері үлгерімі 100 балдық шкаламен бағаланады, сонымен қатар ағымдағы академиялық кезеңде аралық бақылау және соңғы қорытынды бақылау (жіберу рейтингі) барлығының қосындысының орташа суммасы алынады.





RD – жіберу рейтингі;

ТУ – ағымдағы үлгерім – әр орындалған тапсырма үшін балл (аралық бақылауды қоспағанда);

n – ағымдағы семестрде орындалған тапсырманың саны;

1 – бірінші аралық бақылау балы.

2 – екінші аралық бақылау балы.


Білім алушының емтихандағы үлгерімі баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Оң баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», Д-, Д+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») пәннің емтихан ведомостісіне және білім алушының сынақ кітапшасына кредиті көрсетіліп жазылады. F «қанағаттанарлықсыз» баға тек емтихан ведомостісіне жазылады.

Қорытынды бағалау әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушы өз оқу жетістіктерін бағалау ретінде қызмет етеді:

 ,

оның И - пән бойынша қорытынды баға;

RD – ағымдағы бақылау үлгерім бағасы (жіберу рейтингі);

Э – қорытынды бақылау бағасы (емтихан).

Білімнің қорытынды бағасы келесі түрде бағаланады:


Баға

Әріптік жүйеде

баллмен

%-дық көрсеткішпен

Дәстүрлі жүйеде

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А-

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы

В

3,0

80 – 84

В-

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65 – 69

С-

1,67

60 – 64

Д+

1,33

55 – 59

Д

1,0

50 – 54

F

0

0 - 49

Қанағаттанарлықсыз

Қорытынды баға келесі формула бойынша есептеледі:

( Р1+ Р2)

ИО= [ ---------------] х 0,6 + Е х 0,4

2

мұнда:



Р1 – Бірінші рейтинг бағаларының баламалы цифры;

Р2 - Екінші рейтинг бағаларының балмалы цифры;

Е – Емтихан бағаларының баламалы цифры.

Оқу үлгерімінің орташа балы

( И 1 х К 1 + И 2 х К 2 + И 3 х К 3 + И 4 х К 4 + И 5 х К 5 )

GPA = -------------------------------------------------------------------------------

К 1 + К 2 + К 3 + К 4 + К 5

мұнда:


И1,И2,И3 и т.д. – Пәннің бал бойынша қорытынды сандық баламасы

К1,К2,К3 и т.д. – оқыған пәнінің кредиттік көлемі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет