Бағалы қағаздардың мәні және жіктелуі


Қоғамды ерікті түрде тарату



бет3/8
Дата08.12.2022
өлшемі118,19 Kb.
#161918
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бағалы қағаздардың мәні және жіктелу1

Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім несие берушілердің келісімі бойынша және олардың бақылауымен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде ең алдымен оның несие берушілерінің талаптары қанағаттандырылады. Несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның қалған мүлкі акционерлердің арасында төмендегідей кезекпен бөлінеді:
Бірінші кезекте өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер беріледі;
Екінші кезекте артықшылықты акциялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеу жүзеге асырылады;
Үшінші кезекте артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы құнын өтеу жүргізіледі;
Қалған мүлік барлық акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың атаулы құнына бара-бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір кезектің мүліктерін бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.


1.3. Бағалы қағаздар - қарыз міндеттемесі

Нарықтық экономиканың пайда болуы және қалыптасуы жағдайында ұдайы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын көрінісі қарыз міндеттемелерінің кең түрде айналымда жүруі.


Қарыз міндеттемелерінің көптеген анықтамалары бар. Олардың әрқайсысы қарыз міндеттемесінің әртүрлі жақтарын сипаттайды. Солардың екі-үшеуін қарап өтейік:
1.Қарыз міндеттемесі - оны иемденушінің басқалардың шаруашылығына несиеге ақша немесе мүлік салып, сол үшін та­быс алу құқын дәлелдейтін қарыз алушының заң жүзінде берген құжаты.
2.Қарыз міндеттемесі - қарыз алу кезінде несие алушының несие берушіге (кредиторға) беретін құжаты.
Сонымен, қарыз міндеттемесі деген жеке немесе заңды тұлғалардың, яғни нарыққа қатысушылардың мүліктік неме­се қаржылық жағдайларын анықтайтын құжат. Қарыз міндеттемесін шығарып және оған одан әрі ұстаушыға дейін қызмет ететін тұлғаны эмитент деп атайды. Көп жағдайда эмитентпен қарыз міндеттемесін ұстаушының арасында ұстаушының құқығын және эмитенттің міндетін анықтайтын шарт жасалады.
Қарыз міндеттемесі нарыққа қатысушылардың қаржылық жағдайларын алдын ала болжау қажеттілігінен шыққан құжат. Ал нарыққа қатысушылардың қаржылық жағдайын сол уақыттағы олардың табысының кірісі мен шығынының арақатынасы анықтайды.
Қаржымен қамтамасыз етілудің үш түрлі жағдайы кездеседі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет