Бағдарлама және Қатысушылар



бет3/3
Дата22.03.2017
өлшемі0,55 Mb.
#12102
1   2   3

СПЕНСЕР ОЛИВЕР

АҚШ


ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының хатшысы

АҚШ Конгресінде 22 жыл қызмет еткен. Соның ішінде АҚШ Хельсинки комитеті аппаратын басқарды (1976-1985); 1993 ж. қаңтарға дейін Өкілдер палатасының халықаралық істер кеңесінде бас кеңесші болды. 1977-1993 жж. ЕҚЫЖ америкалық делегациялар және сарапшы лық топтарында жоғары дипломатиялық қызмет атқарды.

1993 ж. ЕҚЫҰ Ассамблеясының негізі құрылып жатқанда бас хатшы қызметіне кірісті. 2016 ж. 1 қаңтарында бұл қызметінен кетті.

Даниядағы Америка клубын басқарады, сондай-ақ шетелдегі Демократтар одағын құрушылардың бірі.

Техас христиан университетінде бакалавр, Джордж Вашингтон университеті Заң мектебінде докторлық дәреже алған.







МИХАИЛ РЕМИЗОВ

Ресей


Ұлттық стратегия институтының президенті


Әскери-өнеркәсіп коллегиясы Сарапшылық кеңесі Президиумының төрағасы; РФ Үкіметі Сарапшылық кеңесінің мүшесі; Арктиканы дамыту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссия мүшесі.

2010-2011 жж. «Стратегия-2020» азаматтық бастамаларды қолдау қорын басқарды. 2004-2005 жж. Саяси жаңалықтар агенттігінің (АПН) бас редакторы. 2001-2003 жж. «Русский журнал» басылымы саясат бөлімінің редакторы болды.


Сарапшылық қызмет саласы саяси идеология, ұлттық қауіпсіздік, этникалық саясат, экономикалық даму теориясы және экономиканың стратегиялық салаларындағы өнеркәсіп саясатын қамтиды.

33 стр

ЮДЖИН РУМЕР

АҚШ

Карнеги қоры АҚШ және Еуропа орталығының директоры және аға ғылыми қызметкері


Зерттеуші ретінде Ресей мен бұрынғы кеңес елдеріндегі саяси, экономикалық және әлеуметтік даму; Ресейдің АҚШ, Қытай және Таяу Шығыс елдерімен сыртқы саяси қарым-қатынасы тақырыбына маманданған.

2010-2014 жж. АҚШ Ұлттық барлау кеңесінде саяси мәселелер жөніндегі барлаудың аға кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2000-2010 жж. Стратегиялық зеттеулер институтында аға ғылыми қызметкер, зерттеу жөніндегі директор қызметін атқарды. Сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаменті Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде жұмыс істеді.

RAND корпорациясында (Мәскеудегі RAND өкілі болып үш жыл), Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты және Вашингтон Таяу Шығыс саясаты институтында зерттеумен айналысты. Джорджтаун және Джордж Вашингттон университтерінде сабақ берді.





ФРЕДЕРИК СТАРР

АҚШ


Джонс Хопкинс университеті Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы

1983-1994 жж. Колумбия округы, Вашингтондағы Кеннан институтының негізін салды; Тулейн университетінің вице-президенті; Аспен институты және Оберлин колледжінің президенті болды. Назарбаев университетінің Қамқорлық кеңесінде, сондай-ақ Әзірбайжан Дипоматиялық академиясын құруға атсалысқан.

Зерттеу саласы: Үлкен Орталық Азия елдерінің тарихы мен дамуы, АҚШ-тың осы аймаққа қатысты саясаты, сондай-ақ

Ресей тарихы және заманауи халықаралық қарым-қатынастар. 20-дан астам кітап мен 200 шақты жарияланым авторы. Соңғы он жылдан бері Орталық Азяи және Ауғанстан арқылы трансқұрлықтық көлік бағытын ашу мәселесімен айналысады. Массачусетс штаты Принстон университетінде тарихтан бакалавр, Корольдік колледжде

(Кембридж) магистр, Йель университетінде бакалавр дәрежесін иеленген.


34 стр

АНДЖЕЛА СТЕНТ

АҚШ


Джорджтаун университеті Еуразия және Шығыс Еуропаны зерттеу орталығының директоры


Брукингс институтының аға ғылыми қызметкері, Эд.А.Хьюит форумының қосалқы төрағасы; Маршалл Герман қоры Трансатлантикалық академиясында зерттеуші (2015-2016).

Еуропадағы НАТО одақтас әскерлерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Консультативтік кеңесінің мүшесі; Халықаралық қатынастар кеңесінің мүшесі.

1999-2001 жж. АҚШ Мемлекеттік департаменті саясатты жоспарлау тобына кірді. 2004-2006 жж. – Ұлттық барлау кеңесінің қызметкері.

Зерттеу саласы: АҚШ, Ресей және Еуропа үш жақты саяси-экономикалық қарым-қатынас. «Серіктестік шегі: жиырма бірінші ғасырдағы АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы» кітабының авторы (2014). Бұл еңбегіне Америкалық дипломатия академиясының «Америка дипломатиясының ең үздік кітабы» номинациясындағы сыйлығы берілген.

Кембридж университетінде бакалавр, Лондон мектебі және Гарвард университетінде магистр дәрежесін алған. Философия ғылымының докторы (Гарвард университеті).





ТАТЬЯНА СТОЛЯРОВА

Ресей


Тележурналист

Журналист, тележүргізуші, деректі фильмдер авторы. Телевизиядағы жұмыс тәжірибесі – 8 жыл. «Ресей-24» телеарнасында кешкі жаңалықтарды жүргізді. «Личный счет», «Бизнес вектор», «Залог успеха» экономикалық бағдарламаларының жүргізушісі, «Россия» арнасындағы «Вести в субботу с Сергеем Брилевым» бағдарламасының экономикалық рубрикасында қосалқы жүргізуші болды.

РФ президентімен, үкімет министрлерімен, саяси партиялардың, ресейлік және шетелдік ірі компаниялардың басшыларымен сұхбат жазды. Петербор халықаралық экономикалық форумы мен Қазақстан трансформация форумында модератор ретінде көрінді.

Мәскеу қаржы академиясын «экономика» мамандығы бойынша бітірді. Нью-Йорк университетінде оқыды.



35 стр

ПОЛ СТРОНСКИ

АҚШ


Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қоры Ресей және Еуразия бағдарламасының аға ғылыми қызметкері


2005-2007 жж. Гонконгта дипломатиялық қызмет атқарды. 2007-2012 жж. АҚШ Мемлекеттік департаментінде Армения, Әзірбайжан және Ресей бойынша сарапшы болып жұмыс істеді. 2012-2014 жж. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Ресей және Еуразия департаментін басқарды. 2015 ж. қаңтарға дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Барлау және зерттеу бюросының Ресей ішкі саясаты бойынша аға сарапшы болып жұмыс істеді.

Стэнфорд, Джордж Мейон және Джордж Вашингтон университтерінде бұрынғы кеңестік кеңістік тарихы мен саясаты пәнінен сабақ берді. АҚШ халықаралық даму агенттігінің Орталық Азиядағы денсаулық сақтау мәселелері жобасында жұмыс істеді.

Ғылыми-зерттеу саласы: Ресейдің Орталық Азия және Оңтүстік Кавказдағы көршілес елдермен қарым-қатынасы.

«Tashkent: Forging a Soviet City, 1930-1966» кітабының авторы. Бұл еңбегі 2011ж. Орталық-еуразиялық зерттеулер қоғамының «Тарих және гуманитарлық ғылымдар» сыйлығын алды.







ИВАН ТИМОФЕЕВ

Ресей


Ресей халықаралық істер кеңесінің бағдарламалық директоры

2009-2011 жж. РФ СІМ ММХҚУ саяси теориялар кафедрасында аға оқытушы, сондай-ақ Халықаралық зерттеу институты Талдау мониторингі орталығын басқарды.

Санкт-Петербор мемлекеттік униврситетінің түлегі (2002 ж.). 2003 ж. Ланкастер және Орталық-Еуропа университеттерінде магистр дәрежесін алды. Саяси ғылым кандидаты (ММХҚУ РФ СІМ).

Ресейлік және шетелдік жетекші басылымдардағы 60-тан астам жарияланым авторы және қосалқы авторы.



36 стр

НАНДАН УННИКРИШНАН

Үндістан



Observer зерттеу қорының вице-президенті және аға ғылыми қызметкері



Еуразиялық зерттеулер бағдарламасына жетекшілік етеді.

Джавахарлал Неру университетінің түлегі. Press Trust Of India ақпарат агенттігінің тілшісі және 90-шы жылдардың басында оның Мәскеудегі өкілдігін басқарды. 1995 ж. TVI телеарнасына халықаралық жаңалықтар редакторы қызметіне ауысып, 1998 ж. оны басқарды.

Observer қорында жұмыс істегенде (2004 ж.) академиялық және мамандандырылған мекемелерде дәріс оқыды, конференцияларға қатысты және Үндістан мен шетелде көптеген мақала жариялады.

Үндістанның сыртқы саясаты, Ресей, Орталық Азия және бұрынғы кеңес елдерінің халықаралық қатынастары тақырыбына маманданған.






ФЭН ШАОЛЕЙ

Қытай


Шығыс Қытай педагогикалық университетіКөрші елдермен бірігіп даму орталығы және Ресейді зерттеу орталығының директоры


2004-2015 жж. Халықаралық және аймақтық зерттеулер мектебін басқарды.

«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» және «Еркін ой» басылымдарының халықаралық редакциялық кеңесінде, Білім министрлігі Әлеуметтік ғылымдар комитетінің мүшесі, Шанхай қала үкіметінің халықаралық мәселелер кеңесшісі.

Сондай-ақ Қытай халықаралық қатынастар ғылыми қоғамының вице-президенті, Қытай нарықтық экономика қалыптаса бастаған елдерді зерттеу қауымдастығының вице-президенті; Шанхай еуропалық зерттеулер қоғамының вице-президенті; Ресей, Шығыс Еуропа және Орта Азияны зерттеу қоғамының вице-президенті.

Зерттеу саласы: Ресей саясаты, дипломатия, әлеуметтік трансформация, державалардың қарым-қатынасы; халықаралық саясат теориясының мәселелері, «Жібек жолының экономикалық бағыты», көрші елдермен экономика және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық.

3 монография және 200-ге жуық академиялық еңбектің авторы.


37 стр

ФЭН ЮЙЗИУҢ

Қытай


Қытай заманауи халықаралық қатынастар академиясы Ресей және Еуразия институтының директоры, аға ғылыми қызметкері


Қытайдың Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу қауымдастығы бас хатшысының орынбасары; Қытай-ресей қарым-қатынасын зерттеу қоғамы бас хатшысының орынбасары, Қытай халықаралық зерттеулер қорының, Бейжің университеті Заманауи ресейлік зерттеу орталығының, Қытай халықаралық қатынастар университеті Ресейді зерттеу орталығының және Сычуань университеті Ресейді зерттеу орталығының арнайы аға ғылыми қызметкері.

Владимир мемлекеттік педагогикалық университетінің (2000-2001), Мәскеу университетінің (2005-2006) шақырылған ғылыми қызметкері; Хоккайдо университеті Славистика ғылыми-зерттеу университетінің шетелдік ғылыми қызметкері (2010-2011) болды.

Зерттеу саласы: Ресей және Орталық Азия, еуразиялық зерттеулер, ШЫҰ, басты державалардың қарым-қатынасы, халықаралық энергетикалық қауіпсіздік және дипломатия, Қытайдың түпкіріндегі қауіпсіздік, халықаралық қатынастардың ресейлік теориясы. Ұлттық, аймақтық және министрлік ғылыми жобалар шеңберіндегі көптеген ғылыми еңбектердің авторы.





ЧЖАО ХУАШЭН

Қытай

Профессор, Ресей және Орталық Азияны зерттеу орталығының, Фудань университеті ШЫҰ зерттеу орталығының директоры



Қытай-Ресей қарым-қатынасын зерттеу Қытай қоғамы төрағасының орынбасары (2008).

Шанхай шет тілдері институтының орыс тілі және әдебиет бакалавры, Нанкин университетінің орыс әдебиеті магистрі дәрежесін иеленген.

1986-2004 жж. Шанхай халықаралық зерттеулер институты Ресей және Орталық Азия департаментінде ғылыми қызметкер және директор қызметін атқарды. 1989-1990 жж.

ММХҚУ-де шақырылған оқытушы. 2011 ж. Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық қатынастар орталығында шақырылған ғылыми қызметкер (Ресей және Еуразия бағдарламасы).

Зерттеу саласы: Қытай мен Орталық Азия елдерінің қарым-қатынасы, қытай-ресей қарым-қатынасы, ШЫҰ.

Қытай, орыс және ағылшын тіліндегі көптеген мақала авторы. «Орталық Азия: Вашингтон, Мәскеу және Бейжің көзқарасы» (2007), «Шанхай ынтымақтастық ұйымы: талдау және болжам» (2012) кітабының авторы.




38 стр

ЭНДРЮ ШПИНДЛЕР

АҚШ


Financial Services Volunteer Corps президенті және атқарушы директоры


Нью-Йорк Федералдық резерв банкі аға вице-президенті қызметін атқарды, банк зерттеуі мен талдау, төлем жүйесін зерттеу бөлімін басқарды. 1991-1993 жж. Базель комитетінде банк бақылауы жөніндегі ФРБ өкілі болды.

80-жылдары Continental Illinois Bank-те жұмыс істеді. 1980-1982 жж. – Брукингс институтының ғылыми қызметкері. «Халықаралық несие саясаты: жеке қаржыландыру және Германия мен Жапонияның сыртқы саясаты» кітабының авторы.

Принстон университеті Вудро Вильсон атындағы қоғамдық және халықаралық қатынастар мектебінде магистр және доктор атағын алған. Гарвард университетінің бакалавры (халықаралық саясат).

Халықаралық қатынастар кеңесі, Бреттон-Вудс комитеті және Сыртқы саясат қауымдастығына мүше. 2004 ж. бері Дубай халықаралық қаржы орталығын басқару компаниясы кеңесінің құрамында.






ЯН ЧЭН

Қытай


Шығыс Қытай университеті Халықаралық және аймақтық зерттеулер мектебінің Ресейді зерттеу орталығы директорының орынбасары, доцент

Жеті жыл ҚХР СІМ мен Мәскеудегі Қытай елшілігінде жұмыс істеді. Сержи Понтуаз (Франция) университетінде шақырылған профессор, Хоккайдо университеті (Жапония) Славистика ғылыми-зерттеу орталығының және Эксетер университетінің (Ұлыбритания) шақырылған ғылыми қызметкері бодды.

2012-2015 жж. – Халықаралық консультациялық кеңестің ESRC «Бой көтерген державалар және Орталық Азиядағы кикілжіңді реттеу» зерттеу жобасының мүшесі.

Бейжің университеті тарих және әлеуметтік саясат ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері; Фудань университеті Қытай сыртқы саясатын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері; Шаньдун университеті Ресей және Орталық Азияны зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері.

30-дан астам мақала авторы. Философия және әлеуметтік ғылымдағы жеткен жетістігі үшін 6 сыйлықтың иегері.

Зерттеу саласы: әлемдік державалар саясаты және еуразиялық аймақтағы шағын мемлекеттердің сыртқы саясаты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет