БАҒдарлама робот техникасы таңдау пәні 8, 9 сыныптары үшін (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат) «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы»



Pdf көрінісі
Дата08.10.2019
өлшемі161,9 Kb.
#49370
Байланысты:
Робот техникасы тандау пани КТЖ казак тилинде улкен сыныптарга


БАҒДАРЛАМА

Робот техникасы

таңдау пәні

8 , 9 сыныптары үшін

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

«Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы

гимназиясы» КММ

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

2019-2020 оқу жылы

Құрастырған:

информатика мұғалімі

Бакиев Б.К.

Қарғалы 2019ж.



Бекітемін

Утверждаю

директор_______________

« » тамыз 2019ж.

Келісемін:

Согласовано:

зам. директора

оқу ісінің меңгерушісі

___________ /________

« » тамыз 2019ж.

Қаралды:

Рассмотрено

на заседании МО

Қаулы№ / .08.2019.

Протокол № 1 от

« » августа 2019.



Робот техникасы

БАҒДАРЛАМАҒА ШОЛУ

Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының

бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру,

денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да

салаларға еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа

технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала

мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік

мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Робот техникасы»

курсы 2-деңгейінің (8, 9 және 10 сыныптарға арналған) бағдарламасын әзірлеп шығарды.

Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика,

физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре

отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.

Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот

техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен

дағдылары

меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін

роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар

құрастырады. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген.

Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды

және тестілеуден өткізеді. Курс жұмысы роботтар жарысымен аяқталады.

Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық

қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін Ардуино құрылғылары пайдаланылады.

Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау

ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия

саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.

Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.

ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

Оқушылар курс соңында:

робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы;



роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты негізгі тәсілдерін біледі.

түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау;



робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды қолдану;

қарапайым роботтарды басқару;



жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;

Ардуино бағдарламаларында жұмыс жасай алу;



математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық

білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;

алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану;



бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б. жұмыстарды жүзеге асыра



алады.

білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы роботтарды жинастыру,

модельдеу және құрастыру;

роботтарды визуалды графикалық ортада бағдарламалау;



топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау дағдыларын



меңгереді.

робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника, медицина, білім беру



және мәдениет салаларының дамуына ықпал ететінін;

робот техникасы курсында алған есептеу және ойлау дағдыларын әртүрлі жағдайда



туындаған күрделі жайттарға талдау жасау кезінде қолдануға болатынын;

құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі



салалардағы қызметін жеңілдету және жақсарға қажетті құрал-жабдықтар жасауға

және тың ойлардың пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:

әрбір оқушының пікіріне құлақ асу;



әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын

түсіну;



ынталандыра және дамыта оқыту;



оқытудың белсенді әдістерін қолдану;

оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін



пайдалану;

оқушыларға «оқыту үшін бағалау» тәсілі арқылы қолдау көрсету;



зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;

оқушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың ақпаратты қалай



сұрыптайтынын білу;

мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;



оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;

қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз ойларын басқа қырынан талқылауға



мүмкіндік бере отырып, қайта білім алуға көмектесу;

оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;



мұғалім-оқушы қарым-қатынасының мүмкіндіктерін арттыру;

оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды бақылай алулары үшін



қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;

оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;



оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық

қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін

қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс-

шараларды жүзеге асыру;

жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастырады.



Робот техникасы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Бөлім



Сабақ



Тақырып

Сағат

саны

Өткізетін

уақыт

МОДУЛЬ 1: АРДУИНО МЕН ТАНЫСУ

3

1.1

1

Қәуіпсіздік ережесі.



Ардуиноның негізгі қурылғылары.

1

1.2

2

Tinkercad пен танысу.



1

1.3

3

Ардуинода бағдаршамды жасау.



1

МОДУЛЬ 2: АРДУИНОДА ПРОГРАММАЛАУ

13

2.1

4

Тілдің синтаксисі, программаның құрылымы.



Мәліметтер типі.

1

2.2

5

Арифметикалық операциялар, #define директивасы.



1

2.3

6

Практикалық сабақ



1

2.4

Жиымдар

2

2.4.1

7

Сандық, тіркестік жиымдар



1

2.4.2

8

Практикалық сабақ



1

2.5

Тармақтау

2

2.5.1

9

If, If / else



1

2.5.2

10 Практикалық сабақ



1

2.6

Циклдар

2

2.6.1

11 While, do / while, for



1

2.6.2

12 Практикалық сабақ



1

2.7

Функциялар

3

2.7.1

13 Параметрлі және параметрсіз функциялар

1

2.7.2

14 Кіріктірілген функциялар. Функциялардағы



айнымалылар.

1

2.7.3

15 Мән қайтарушы функциялар

1

2.7.4

16 Практикалық сабақ

1

МОДУЛЬ 3: РОБОТ ЖАСАУ



8

3.1

17 Дөнгелекті роботтардың түрлерімен танысу



1

3.2

Қозғалу программаларын жасау

5

3.2.1

18 Алдыға және артқа жүру



1

3.2.2

19 10-45 градусқа ақырын оңға және солға бұрылу



1

3.2.3

20 60-120 градусқа қатты оңға және солға бұрылу



1

3.2.4

21 Жылдамдықты тездету және ақырындату



1

3.2.5

22 Биікке шығу және биіктен түсу



1

3.3

Алдыға-артқа және оңға-солға жүретін дөнгелекті

робот жасау

3

3.3.1

23 Барлық керекті құрылғыларын жинау



1

3.3.2

24 Алдыға-артқа және оңға-солға жүретін программа

жазу

1

3.3.3

25 Жүру қабілеттігін тексеру және жөңдеу кезеңі



1

3.4

Сызық бойлап жүретін дөнгелекті робот жасау

4

3.4.1

26 Сызықты анықтайтын датчикпен танысу, жұмыс

жасау

1

3.4.2

27 Сызықты анықтайтын датчикті дөнгелекті

роботымызға құрастыру

1

3.4.3

28 Сызықты анықтайтын датчикке программа жазу



1

3.4.4

29 Сызықты анықтайтын датчиктін жұмыс жасау

қабілеттігін тексеру және жөңдеу кезеңі

1

3.5

Қашықтықты өлшейтін дөнгелекті робот жасау

4

3.5.1

30 Қашықтықты өлшейтін датчикпен танысу, жұмыс

жасау

1

3.5.2

31 Қашықтықты өлшейтін датчикті дөнгелекті

роботымызға құрастыру

1

3.5.3

32 Қашықтықты өлшейтін датчикке программа жазу



1

3.5.4

33 Қашықтықты өлшейтін датчиктін жұмыс жасау

қабілеттігін тексеру және жөңдеу кезеңі

1

3.6

34

Жарысқа роботты дайындау



1

Курс бойынша барлық сағаттар саны

34

Document Outline

  • ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ: 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет