Бағдарлама: Тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықты түзету»



бет2/2
Дата24.05.2017
өлшемі218,99 Kb.
#16919
1   2

Маңызды факторлар:

оқушының жеке-даралығын, оның өткені мен қажеттіліктерін түсіну жән

құрметтеу;

• оқушы өз ойын білдіре алатын қауіпсіз әрі бейтарап орта/жағдай қалыптастыру;

• оқушылардың көзқарастарын, пікірлері мен қиындықтарын күрделі талқылау;

• оқушылар мен ересектер арасындағы ашық қарым-қатынас арналары;

• ересектер мен оқушылар арасындағы үнемі қолдауда болатын байланыс және

эмоционалдық әрі оқу мәселелері бойынша тұрақты қолдау көрсету ұсынысы;

• ересектер мен оқушылар арасындағы кері байланыстың тұрақты қолданыста бола-тын тізбегі;

• мұғалімдер/қызметкерлер мен оқушыларға бірлескен іс-шараларға қатысу

мүмкіндігін ұсыну;

• оқытушылар құрамынан басқа ересектер желісіне енуді кеңейту (арнайы және

қалған қызметкерлер);

• мектептегі топтық жұмысты насихаттау, оқушылардың нақты қажеттіліктерін

талқылау үшін оқытушылар мен басқа қызметкерлердің тұрақты кездесулерін

ұйымдастыру;

• мектеп күтетін (ғылыми және мінез-құлықтық) және мектеп қамқорлығының

нақты тұжырымдамасы.

Тәлімгерлерді көбінесе сенімді кеңесшілер деп атайды. Жағдай мен ресурстарға

байланысты тәлімгерлер мектеп қызметкерлерінен, жастардан немесе қоғамның

басқа мүшелерінен жинақталады.

.

6. Оқушыларға қолдау көрсету

Мектепке бармайтын балаларды және оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтау және барлық әдебиет көздерінде бұл мектептен шығарылудың алдын алу қажет

Сонымен болашақ жастардікі. Өйткені олар XXI ғасырда өркениетті Қазақстанда өмір сүреді. Бұл ғасырда нағыз азамат рухани нәр алатын қоғамда, бұрын - соңды болмаған жаңа жүйеде қалыптасады. Сөз жоқ, жеке тұлға адамның рухани санасы оянады. ХХІ ғасыр адамзат тарихындағы ерекше дәуір болуы тиіс.Ол дәуірде азамат өзін - өзі танып, біліп қана қоймай, осы қоғамның біртұтас бөлшегі екендігін сезінуі тиіс. Сонымен баланы дұрыс тәрбиелеу үшін мектеп - ата - ана - тығыз байланыста болу керек. Әл – Фараби бабамыз айтқандай «Әрекетіміз дұрыс болу үшін соған баратын жолымыз қандай болуы керек екенін анықтап алуға тиіспіз».

Девиантты мінез-құлықтың пайда болуы.

Мектептегі педагогтар, психологтар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, ашуланшақ, ата-аналар мен ұстаздарды тыңдамайтын, бұзақылықтар жасайтын балалармен жиі кездеседі. Зерттеушілер мұндай оқушыларды «Қиын оқушылар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар», «Девиантты балалар» деп қарастырып жүр.

Девиантты немесе қиын балалар деген кім?


  • «Қиын оқушылар» .

  • «Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар»

Балалардың девиантты болуына не немесе кім

әсер етеді?



  • агрессивтілік ;

  • отбасының құлдырауы;

  • жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;

  • өзін-өзі басқарудың төменділігі.

  • ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі.

  • физикалық жазалау

Жасөспірімге тән қасиет .

  • өзіндік тәуелсіздік

  • дербестік

  • басқаға бағынышты болмау

Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.

Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық – ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу – жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз.

Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.


жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік,

мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар

толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары

мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын

түзетуге талаптанады. 


  • Екінші топқа жататындар

Адамгершілік қадір-қасиеттері төмендей бастаған,

әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады.

Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар,ұрлық, тонау,

зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту,

уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты

әдеттерге икемдене бастаған. 

Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады,

бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған,өз жүріс-тұрыстарын түзетуге мүмкіндік

– қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.


  • Үшінші топқа жататындар

Өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге

бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады.

Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша,

олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын

жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік,зорлық-зомбылық көрсетумен

қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден

машықтанған жасөспірімдер енеді.


  • Төртінші топқа жататындар

Жүйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет)

шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге

педагог-психологтар мен дәрігерлер

тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет,

жылы лебіз қажет. 

Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің тұлғасын

қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар жүйесі.


  • Тұлға дамитын ортадағы материалдық жағдайды

қамтамасыз ету.

  • Жасөспірімдерді тәрбиелеу.

Девиантты мінез-құлықты түзету жұмыстары

  • Әлеуметтік және психологиялық қорғалу;

  • Оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

  • Оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;

  • Жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру .

Девиантты мінез-құлықты түзету бағытындағы

жұмыс жоспары .



Қ/с

Орындалатын жұмыстар

Ұйымдастыру формасы

1

Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориямен негіздері.

Баяндама

2

Девиантты мінез-құлық туралы түсінің жұмыстарын жүргізу.

Психолог

3

Мінез – құлық ауытқушылығының себептері.

Психологиялық сауалнама

4

Деватты мінезді балалар кімдер?

Оны қалай білеміз.



Пікірталас психолог маманы

5

Қиын бала дегеніміз кім?

Дебат

6

Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлықты болдырмау себептері.

Тәрбие сағатын өткізу

7

«Балаңызбен байланысыңыз қалай»

Ата-аналармен сырттай диагностика

8

«Жүрек түкпіріндегі қорқыныш».

– Сіз мейірімді адамсыз ба?

– Досына сыйлық.

– Оқушының өзін-өзі бағалау т.б.



Психологиялық тест өткізу

9

Девиантты бала кім?

Тәрбие сағаты

10

Оқушылармен, ата-аналармен ымыраластық қарым-қатынаста жұмыс істейтін сынып жетекішілер.

Лекция

11

Тренингтер мен тест және ойындар жұмыстарын өткізу.

1.Өткізілетін тренингтердің тақырыбы.

«Жылы сөз » ойыны

“Менің ішкі әлемім”


«Алманы жұлып ал » ойыны
“Мен өз болашағымды қалай көремін”

“Қақтығыс және одан шығудың жолы”

“Менің отбасым, менің достарым, біз бәріміз біргеміз”

“Өзіңді жағымды тәрбиелеу”

“Өзіңе-өзің көмектес”


тренингтер

12

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған іс-шараларға қатыстыру.

Іс – шараға қатысу

13

Қазіргі таңдағы отбасының ролі.

Педагогикалық психологиялық жұмыс жүргізу

14

Ата – аналармен жұмыс жүргізу.


Жиналыс, кеңес беру

 ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ.

ТРЕНИНГ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 
1 - кездесу. Сабақтың мақсаты: оқушыларды (қатысушыларды) бір – бірімен және психологиялық тренинг жұмысымен таныстыру, бұдан ары да тренингке қатысуға деген тілектері мен қызығушылықтарын қалыптастыру. 
Сабақтың құрылымы: 
1. Кіріспе әңгіме. 
2. Жаттығу «Күтілімдер», «Қалам». 
3. Танысу «Есімдердің қозғалысы». 
4. қимыл – қозғалысқа бағытталған ойындар 
5. Тренингтен күтілетін үміттерін нақтылау

Кіріспе бөлімі



  1. Сонымен оқушылар бұрын – соңды тренинг туралы естіген де боларсыздар. Мен сіздерге осы тренингте не іс істейтіндігіміз жайлы айтып өтейін. Мұнда біз ойындар мен жаттығуларды орындаймыз. Кез – келген психологиялық ойынның екі жақты мәні бар. Ол бір қарағанда жай көңіл көтеру секілді болуы мүмкін. Ал екінші жағынан ойын біздің бәрімізге өзімізді, айналамыздағыларды дұрыс түсінуге, тануға мүмкіндік береді.

«Күтім» атты жаттығу.

«Күтім» атты жаттығу орындалады.

Барлық қатысушыға кішкене жапырақ

таза қағаздар беріледі. Ол қағаздарға

олар тренингтен не күтетіндіктерін

тізіп жазады да оны тақтаға апарып

іледі. Жүргізуші бүгінгі кездесудің

соңына қарай жаңағы парақтарды

ашып барлығы бірлесе отырып талдайды.

Бәрі іліп болған соң жаттығу орындалады. 

«Қалам» атты жаттығу.

Енді бәріміз «Қалам» атты бой жазу жаттығуын ойнайық. 


Осы арқылы зерттелушілерде өзара әрекеттестікке деген бағыттылығын байқағымыз келді. Сондықтан да біз социометриялық әдістің көмегімен зерттелушілердің арасындағы тұлғааралық қатынастарды зерттеуге бел будық. Социометриялық зерттеудің шеңберінде респонденттерге белгілі сұрақтарға жауап беру ұсынылды. 
Соынмен, сұрақтаманың нәтижелері бойынша әрбір оқу тобының оқушылары шартты түрде келесі топтардың біріне жатқызылды. 

«Жылы сөз» ойыны.

Мақсаты: балалардың белсенділігін арттырып, эмоциялық қысымды жою.
Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы өзінің көршісіне бұрылып қошемет сөз айтады (комплимент) ол оған рахмет айтып келесі адамға жақсы сөз айтады. Ойынды бәрі жылы сөз тыңдап болғаннан кейін тоқтауға болады.
Баланың психологиялық көңіл- күйін ескеріп оны қалыпты жағдайда ұстау үшін түрлі жаттылар жасату өз нәтижесін көрсетеді.

«Алманы жұлып ал» ойыны.

Мақсаты: Берілген жаттығу жүйкені тыныштандырып , босаңсуға мүмкіндік береді.

Жетекші қатысушылардан бір-бірінен алшақтау түруын сұранады да: “Қазір біз бақшадан алма жинаймыз, олар өте биікте өсіп түр, оң қолымызды барынша көтеріп бір-біріміздің артымызға тұрамыза, ішке терең тыныс алып алмаларды жұламыз. Енді тынысымызды жәйләп шығарып , алмаларды себетке саламыз.

Сіздердің сол жақтарыңызда тағы да екі өте үлкен алма тұр. Бір-бірлеріңіздің арттарыңызға тұрып алманы жұлып алыңыздар. Керемет! Ары қарай терең тыныс алып екінші алманы сол қолымызбен жұламызда тынысты сыртқа шығарып алманы себетке саламыз.

ҚОРЫТЫНДЫ АНАЛИЗ



  • Балаға ілтипатпен ,ізгі тілекпен қарау ;

  • Оның адамгершілік күшіне потенциалды мүмкіншіліктеріне сену ;

  • Жалпы білім беретін мектептерде салауатты бағдарламаларды тиімді пайдалану ;

  • Оның жағымды қасиеттеріне сүйену ;

  • Салауатты өмірін қалыптастыру ;

  • Девиантты мінезге ие балалардың білім алу мен бос уақытын тиімді пайдалы іс –әрекеттермен жаңа кешенді бағдарламалар құру .

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты

тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып,

девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстырады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, ғана балалар

бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына тоқтау қойылады.

Біздің қоғамымызда жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа тәрбиелеуге баса назар аударылуда. Ал қазіргі кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын ұрлық, зорлық, бұзақылық т.б. қылмыстық әрекеттер мен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр. Елдің экономикалық жағдайы, бұрынғы дүниетанымның құлдырауы мен бәсекелі және жоғары өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау іскерлігі мен дағдысының жоқтығы – қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі.

Жастар арасында ересектермен күрделі және қиын қарым-қатынастар көрінеді. Сонымен қатар, қаталдық пен агрессивтілік пайда болып, қылмыстық әрекеттер көбейді. Осындай жағдайларға байланысты жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылықтарын психологтар зерттеп білулері шарт.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларен жұмыс жасаудың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен жасөспірімдермен дұрыс тіл табысып, сөйлесе білу керек. Жақсы беделге ие болған мұғалімнің жеке өнегесі қандай оқушыға болса да күшті әсер етеді.

Көмек көрсететін психологтар баланың ішкі жан дүниесін алыстан көріп білуі шарт. Мінез-құлқы ауытқыған оқушыны ешқандай ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек. Бұл олардың зиянды істермен айналыспай, жауапкершілік сезімін туғызуға жол салады.

Қазіргі кезде жасөспірімдердің мінез - құлқындағы ауытқушылықтарынан әртүрлі қылмыстық әрекеттер мен жағымсыз істер көбейіп отыр. Осы жағдайлардың алдын алып, түзету үшін әрбір педагог, ата-ана, психолог бірлесе жұмыс жасай отырып, әрбір жасөспірімнің дербес ерекшеліктері мен мінез-құлқын ескеріп, анықтап, соған сәйкес жұмыстар жүргізу керек.

Қолданылған әдебиеттер.



  1. Қызықты психология. Танымдық-психологиялық журналдар.

  2. С.Б.Бейсебаев «Жастардың девиантты мінез-құлқын дамуының әсері».

  3. Мектеп психологтары «Психологиялық сауалнамалары».

  4. Г.Е.Айымбетов, Р.С.Колонина «Девиантты іс-әрекетті балалар».

  5. И.Әбеуова «Мінез – құлқында қиындық бар оқушылар».

  6. Қ.Б.Жарқынбаев «Психология».

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет