«Бағдарламалау тілдері» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет19/44
Дата03.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183587
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
«Бағдарламалау тілдері» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жинағы

Сурет 3.1.4. Объектілер инспекторы

Мәтінмен жұмыс жасауға арналған Standart панелінің Label, Memo, Еdit компоненттері. Қарапайым қосымшалар құру үшін Standart панелінің компоненттері қолданылады.


Қосымшаларда мәтін түріндегі мәліметтерді терезелер арқылы енгізуде Standart панелінің Label, Еdit, Memo компоненттері қолданылады.
Еdit компоненті (немесе енгізу жолағы, немесе бір жолды редактор деп те атайды) мәтінді кішкентай терезе түріндегі бір жолға енгізуді немесе мәтін түріндегі нәтижені терезеге шығарып қоюды қамтамасыз етеді. Қосымшада Еdit компонентінің терезесінде берілген мәтінді, курсорды оңға және солға жылжытатын бағыттауыштар көмегімен, символдарды өшіретін <Backspace> және пернелерін пайдаланып және фрагменттерді бөліп алып жөндеуге болады. Еdit компонентінің терезесіне енгізілген мәтін, оның типі AnsiString болатын Text қасиетінің мәні болып табылады, яғни Еdit терезесінде берілген мәліметтер программада тек жолдық тип ретінде ғана қабылданады, ал оны әрі қарай программада сандар ретінде пайдалану үшін түрлендіру функциялары қолданылады. Терезеге енгізілген мәтінді бүтін /int/ немесе нақты /float/ типтердің біріне айналдыру үшін келесі түрлендіру функциялары қолданылады:
StrToInt (AnsiString s)- жолдық типті бүтін типке, StrToFloat(AnsiString s) - нақты типке түрлендіреді.
Еdit терезесіндегі мәтіннің үлкен немесе кіші әріптермен жазылуын немесе регистрлердің ауысып отыруын оның CharCase (типі TEditCharCase) қасиеті арқылы береді, сәйкесінше ол үш түрлі мән қабылдайды:

  • ecNormal – ррегистр өзермейді, сол күйінде тұрады;

  • ecLowerCase - төменгі регистрдің әріптеріне көшеді;

  • ecUpperCase - жоғарғы регистрдің бас әріптеріне ауысады.



Еdit компонентінің типі Char болатын PasswordChar қасиеті осы терезеге пароль енгізу үшін қолданылады, әдетте оның мәні #0 болып тұрады да терезеге енгізілген мәтіннің өзі шығады, ал оны жасырып көрсетпеу үшін PasswordChar қасиетінің қабылдайтын мәнін басқа бір символға, мысалы «*» немесе «?» секілді мәндерге өзгерту керек, сонда енгізілген құпия мәтіннің орнына «********» немесе «?????????» түріндегі жолдар шығады.
Программа терезесінде Еdit1, Еdit2, Еdit3 компоненттері арқылы берілген бірнеше терезелердің бірінен екіншісіне ENTER пернесі арқылы көшіп отыру үшін оларға басқару фокусын беруді (курсорды беретін) қамтамасыз ететін SetFocus әдісін қолдануға болады, ол әдіс осы компоненттің терезесінде тұрып басылған пернеге жауап беретін OnKeyPress оқиға өңдеушісінің денесінде шақырылады. Мысалы, Еdit2 компонентінің терезесінен ENTER пернесі арқылы Еdit3 терезесіне көшу үшін сол Еdit2–нің OnKeyPress оқиға өңдеушісіне келесі кодты жазуға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет