«Бағдарламалау тілдері» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет1/44
Дата03.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183587
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
«Бағдарламалау тілдері» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жинағы


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны




«Бағдарламалау тілдері»
пәнінен оқу тәжірибесі бойынша
тәжірибелік жұмыстар жинағы

Мамандық: 1304000 – «Есептеу техникасы және


бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері
бойынша)»

Топтар: 17 VTZ-4, 17 VTZ-5, 17 VTZ-6


Дайындаған оқытушылар: Ихсанова А.С


Рахымжанова М.Е.

2019-2020 оқу жылы


Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып талқыланды
Хаттама №____«___»__________________2019 ж.
Циклдық комиссия төрағасы:_________ Л.А.Мукушева
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-2 отырысында қаралып талқыланды
Хаттама №____«___»__________________2019 ж.
Циклдық комиссия төрағасы:_________ Б.М.Касумканова
1 тақырып. Техника қауіпсіздік ережелерін біледі


Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
7. Пернетақтаның үстіне ештеңені қоюға болмайды.
8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет