«Бағдарламалау тілдері» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша


Тармақталуды бағдарламалау, шартты оператор If. Көпті таңдау, switch және break операторлары. Тармақталуды, көпті таңдауды бағдарламалау



бет8/44
Дата03.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183587
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
«Бағдарламалау тілдері» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жинағы

2.2 Тармақталуды бағдарламалау, шартты оператор If. Көпті таңдау, switch және break операторлары. Тармақталуды, көпті таңдауды бағдарламалау
If шартты оператор
If шартты операторы есептеу процесін екі бағытта тармақтау үшін қолданылады.
Жазылу форматы:
if (шарт) оператор1;
else оператор2;


Мысалы: if(x>y) max=x;
else max=y;

Егер оператор1 немесе оператор2 екі және одан да көп оператордан тұрса, онда ол {} алынады, яғни құрамдылық оператор қолданылады. If операторы шыңдықты немесе жалғандықты тексереді. Егер (0 тен болмаса), онда оператор1 орындалады, ал шарт 0 тен болса, онда оператор2.


Жалпы түрі: if (шарт1) оператор1;


else if (шарт2) оператор2;
else оператор3;


мысалы: максималды санды табу
if (x>y)
if (x>z) max=x;
else max=z;
else if(y>z) max=y;
else max=z;
Return – қайтып оралу операторы.

return [<өрнек>];


return - өзі ішінде тұрған функцияның орындалуын тоқтатады да, программаның орындалу ретін, яғни басқаруды шақыратын функцияға береді.

Мысалы:
main ( )


{
void drow (int, int);
long sg (int);
:
:
y=sg ( );
draw
:
:
}
long sg ( );
int x;
{
return (x*x);
}
void draw (x,y);
int x,y;
{……….
return;
}
Функция main sg және draw2 функцияны шақырады.
sg функциясы х у-ке меншіктеледі.Егер return функция денесінде жоқ болса онда функцияның соңғы операторы орындалып болған соң басқару шақыратын функцияға береді.


Таңдау операторы switch.
Switch операторы әр түрлі бірнеше нұсқалардың бірін таңдау үшін пайдаланылады. Оператор форматы:
switch ( өрнек )
{ [жариялау]
:
[ case констаталық-өрнек1]: [ операторлар тізімі1]
[ case констаталық-өрнек2]: [операторлар тізімі2]
:
:
[ default: [ операторлар тізімі ]]
}

Switch сөзінен кейінгі дөңгелек жақшадағы өрнек кез келген кілттік сөз бола алады. Оның мәні бүтін болуы тиіс.


Switch операторының денесі case кілттік сөзімен басталатын бірнеше оператордан тұрады.
Switch опеаторындағы барлық константалық өрнек уникалды болуы керек. Case кілттік сөзінен басталатын сөдерден басқа, тағы да default кілттік сөзінен басталатын тағы бір болуы мүмкін. Бірақ оның болуы міндетті емес.
Операторлар тізімі бос немесе бір не бірнеше операторлардан тұруы мүмкін.
Switch оператрының орындалу сызбасы келесідегідей:
- дөңгелек жақшадағы өрнектер есептеледі;
- есептелген мәндер case кілттік сөзінен кейінгі констаталық өрнектермен кезегімен салыстырылады;
- егер константалық өрнектердің бірі өрнектің мәнімен сәйкес келсе, онда басқару сәйкесінше операторға беріледі.
- егер константалық өрнектің ешқайсысы өрнекке тең болмаса, онда басқару default кілттік сөзімен белгіленген операторға беріледі.
Мысал:
int i=2;
switch (i)
{
case 1: i += 2;
case 2: i *= 3;
case 0: i /= 2;
case 4: i -= 5;
default: ;
}

Switch операторының орындалуы case 2-мен белгіленген оператордан басталады. Осылай ша, і айнымалысының мәні 6-ға тең болады. Одан әрі case 0 кілттік сөзімен белгіленген оператор орындалады. Бұдан соң case 4-те оның мәні 3-ке тең болады, одан кейін мәні -2 болады. Default кілттік сөзімен белгіленген оператор айнымалының мәнін өзгертпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет