«Бағдарламалау тілдері» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет10/44
Дата03.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183587
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
«Бағдарламалау тілдері» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жинағы

3-деңгей

  1. Параллель немесе тізбектей жалғанған екі кедергіден тұратын электрлік тізбектің кедергісін есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

электрлік тізбектің кедергісін есептеу
Берілгендерді енгізіңіз:
Бірінші кедергінің шамасы (Ом) -> 15
Екінші кедергінің шамасы (Ом)-> 27.3
Жалғану түрі (1-тізбектей, 2-параллель) ->2
Тізбек кедергісі: 9.68 Ом

  1. Фото шығарудың құнын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Фото форматы 9х12 немесе 10х15, егер фото 10-нан көп болса, онда 5% жеңілдік беріледі. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Фотолар
Формат (1 – 9x12; 2 – 10x15) -> 2
Саны, дана -> 15
--------------------------------------
Бағасы: 3.20 руб.
Саны: 15 дана
Сома: 48.00 руб.
Жеңілдік: 2.40 руб.
Төлеуге: 45.60 руб.

  1. Тоқ шамасын анықтайтын бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама енгізілген мәліметтерді тексеруі қажет, егер олар қате болса (бөлгіш нөлге тең болса), қате туралы хабарлама шығады. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Электр тізбегіндегі тоқ
Қуат, ВТ -> 60
Кернеу, В -> 0
Қате! Кернеу нөлге тең болмауы керек.

  1. Сақина ауданын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама берілген мәліметтерді тексеруі қажет. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Сақина ауданын есептеу
Берілген мәліметтерді енгізіңіз:
Сақина радиусы (см) -> 3.5
Тесік радиусы (см) -> 7
Қате! Тесік радиусы сақина радиусынан үлкен.

  1. Уақытты минут және секундтан секундқа айналдыратын бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама енгізілген мәліметтерді тексеруі қажет, егер мәліметтер қате болса, тиісті хабарламаны шығаруы қажет. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Уақытты енгізіңіз (минут.секунд) -> 2.90
Қате! Секунд саны 60-тан үлкен болмау керек

  1. Квадрат теңдеуді шешетін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеруі қажет. Егер белгісіз санның екінші дәрежесіндегі коэффициенті нөлге тең болатын болса, тиісті хабарламаны шығару қажет. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Квадрат теңдеуді шешу
Бір жолға коэффициенттерді енгізіп басыңыз
-> 12 27 -10
Теңдеу түбірлері:
x1= -25.551
x2= -28.449

  1. Өнеркәсіптегі қызметкерлер кітапшасындағы қызметкерлердің аты-жөнін енгізгенде олардың жынысын анықтайтын бағдарлама құру қажет.

  2. Вклад бойынша табысты есептейтін бағдарлама құрыңыз.

  3. Жеңілдік берілетін тауар құнын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Егер тауар бағасы 1000 тг-ден артық болса 10% жеңілдік беріледі. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Жеңілдік берілетін тауар құнын есептеу
Тауар бағасы -> 1200
Сізге 10% жеңілдік беріледі
Жеңілдік берілетін тауар құны: 1080.00 тг

  1. Келесі күннің датасын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Бүгінгі датаны сан арқылы көрсетіңіз (күн ай жыл) -> 31 12 2014
Айдың ақырғы күні!
Келе жатқан Жаңа жылыңызбен!
Ертең: 1.1.2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет