do…while циклдық операторы
Do while опеаторы шарты соңынан берілген циклдың операторы болып табылады. Онда цикл денесі міндетті түрде бір болсын орындалады.
Форматы: do цикл денесі while (өрнек);
do while операторының орындалу схемасы:
1. Цикл денесі орындалады (ол құрама болуы мүмкін).
2. Өрнек есептеледі.
3. егер өрнек жалған болса, онда do while операторының орындалуы аяқталады да, келесі кезектегі оператор орындалады. Егер өрнек ақиқат болса, онда оператордың орындалуы 1 пункттен басталады.
Шарт жалған болғанға дейін циклдың орындалуын тоқтату қажет болса, break операторын қоладуға болады.
while және do while операторлары қабаттасқан болуы мүмкін:
мысал:
int i,j,k;
...
i=0; j=0; k=0;
do { i++;
j--;
while (a[k] < i) k++;
}
while (i<30 && j<-30);
Continue операторы
Continue операторы break операторы секілді, тек цикл операторларының ішінде ғана қолданылады, бірақ одан өзгешелігі – бағдарламаның орындалуы, тоқтатылған оператордан кейінгі оператордан емес, оның алдындағы оператордан жалғастырылады.
Оператордың форматы:
continue;
Мысал:
int main()
{ int a,b;
for (a=1,b=0; a<100; b+=a,a++)
{ if (b%2) continue;
... /* жұп қосындыларды өңдеу */
}
return 0;
}
1-ден а-ға дейінгі сандардың қосындысы тақ болған кезде, continue операторы басқаруды, жұп сандарды өңдеу операторына емес, for операторының кезекті итерациясына береді.
Тапсырмалар
1-деңгей
Экранға сіздің атыңызды 10 рет шығаратын бағдарлама құрыңыз.
«Қош келдіңіздер» сөзін экранға 15 рет шығаратын бағдарлама құрыңыз.
y = – 2,4x2 + 5x – 3 функциясының мәнін -2-ден 2-ге дейінгі аралықта 0,5 қадаммен шығаратын бағдарлама құрыңыз.
10-ға дейінгі оң сандардың квадратын шығаратын бағдарлама құрыңыз.
Алғашқы бес оң және тақ болатын сандардың квадратын шығарыңыз.
Еркін құлап түсетін дененің жылдамдығының квадратын шығаратын бағдарлама құрыңыз.
Алғашқы n оң, бүтін сандардың қосындысын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Қосылатын сандардың мөлшері бағдарламаны орындау кезінде енгізілуі керек.
2-нің 0-ден 10-ға дейінгі дәрежесін есептейтін бағдарламаны құрыңыз.
30>
Достарыңызбен бөлісу: |