«Бағдарламалау тілдері» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет9/44
Дата03.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183587
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Байланысты:
«Бағдарламалау тілдері» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жинағы

Break операторы


Break операторы оны біріктіретін switch, do, for, while операторларының ең ішкісінің орындалуының тоқталуын қамтамасыз етеді. Break операторы орындалғаннан кейін басқару үзілген оператордан кейінгі операторға беріледі.
Мысал:
char ZNAC;
int x,y,z;
switch (ZNAC)
{
case '+': x = y + z; break;
case '-': x = y - z; break;
case '*': x = y * z; break;
case '/': x = u / z; break;
default : ;
}


Тапсырмалар
1-деңгей



  1. Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша олардың аттарын анықтайтын программа құру керек.

  2. Екі санның үлкенін табатын программа құр.

  3. Үш санның үлкенін табатын программа құру керек.

  4. Екі санның кішісін табатын программа құру керек.

  5. Үш санның кішісін табатын программа құру керек.

  6. Үш кесіндінің ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оның периметрін және ауданын табыңдар.

  7. Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.

  8. Санның тақ немесе жұп екендігін анықтайтын бағдарлама құрыңыз.

  9. Енгізілген бүтін санның үшке бөлінетіндігін не бөлінбейтіндігін тексеретін бағдарлама құру қажет.

  10. Апта күнін енгізу арқылы оның атауын шығаратын бағдарлама құрыңыз. Қате мәліметтер енгізілген жағдайда тиісті хабарлама шығуы керек.



2-деңгей

  1. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан ) енгізіледі. Билет «бақытты» нөмір болатынын анықтаңдар. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең болады.

  2. 1-ден n – ге дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын табатын программа құру керек.

  3. Y= ex sinx+cosx функциясының мәндерінің [a, b] аралығында h қадамы бойынша өзгеру кестесін құратын программа құрыңдар.

  4. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.

  5. Дөңгелектің ауданын есептейтін программа құру керек.Программа шығатын мәліметтің дұрыстығын тексеру керек.

  6. Санкт-Петербург қаласының негізі қай жылы салынғандығы туралы білімді тексеретін бағдарлама құрыңыз. Қате жауап берген жағдайда дұрыс жауабы шығарылуы қажет.

  7. Адамның оптималды салмағын есептейтін, оны адамның өз салмағымен салыстырып, толу немесе арықтау керектігі жөнінде ұсыныс беретін бағдарлама құрыңыз. Оптималды салмақ мына формула бойынша анықталады: адамның бойы – 100.

  8. Пернетақтадан кез-келген әріпті енгізген кезде сол әріптен басталатын заттардың атауын шығаратын бағдарлама құрыңыз.

  9. Айдың нөмірі арқылы сәйкес жыл мезгілін шығаратын бағдарлама құрыңыз. Егер дұрыс емес санды көрсеткен жағдайда «Қате, ондай жыл мезгілі жоқ» деген хабарлама шығуы керек.

  10. Апта күнін көрсету арқылы келесі хабарламаның бірін көрсететін бағдарлама құрыңыз: «Жұмыс күні», «Сенбі» немесе «Жексенбі».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет