«Бағдарламалау тілдері» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша


Операторлар Меншіктеу операторы



бет7/44
Дата03.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
«Бағдарламалау тілдері» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жинағы

Операторлар
Меншіктеу операторы –х=у.
Х айнымалысына у айнымалысының мәнін меншіктейді. «=» белгісін бірнеше рет бір өрнектің ішінде жазуға болады. Мысалы: х=y=z=100
Арифметикалық операциялар -+-/,*,% символдары жазылады. Процентті нақты санға қолдануға болмайды. Мыс: а=d+c; x=y-z;
z=t*v;
s=k/l;
p=g%w;


Логикалық операциялар мынадай таңбалармен жазылады.
 1-(“И”),(“ИЛИ”),(“НЕ”),>,<,==,>=,<=,!= тең емес.
Бұл операциялардың нәтижесі шын және жалған болады.Шын0,жалған=0.



х

у

ху

х||у



0

0

0

0

1

0

1

0

1

1

1

0

0

1

0

1

1

1

1

0

Тілде ++ және  операциялары бар.


++ -операндылардың мәнін 1-ге арттырады.
= операндыларының мәнін 1-ге кемітеді.
Мыс:а=в+с++; а1=в1+++с1.
Бұларды операндылардың алдында және соңын да жазуға болады.
Мыс:в=в1=2,с=с1=4 онда операция орындалып болғаннан кейін а=7,в=2,с=5,а1=7,в1=2,с1=7.
Типтерді түрлендіру.
Егер өрнекте әр түрлі типті операндылар бар болса,оларды бір жалпы типке келтіру керек.Ол үшін мынандай функциялар тізімі бар.
1.Егер операндылардың біреуінің типі double болса ,онда қалғаны да сол типке келтіріледі.
2.Немесе long болса қалғаны да сол типке келтіріледі.
3.Немесе float типті болса қалғаны сол типке келтіріледі.
4.Немесе unsigned болса қалғаны сол типке келтіріледі.
5.long болса қалғаны сол типке келтіріледі.
6. unsigned болса қалғаны сол типке келтіріледі.
7.int болса қалғаны сол типке келтіріледі.
int a=30000;
float b;
- - - - -
b=(float)a*12;


Тапсырмалар:
1-деңгей

  1. Тіктөртбұрыштың ауданын есептеуге қажетті айнымалыларды анықтаңыз.

  2. Дөңгелектің ауданын есептеуге қажетті айнымалыларды анықтаңыз.

  3. Цилиндр көлемін есептеуге қажетті айнымалыларды анықтаңыз.

  4. Бірнеше дәптер мен бірнеше қарындаштың жалпы сомасын анықтауға қажетті айнымалыларды анықтаңыз.

  5.   функциясының шамасын анықтайтын формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз.

  6. Екі санның қосындасын табу программасын құру керек.

  7. Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.

  8. a/b:c/d=m/n есебін шығарудың програмасын құрайық.

2-деңгей

  1. Үшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз:

 , мұндағы   – ұзындық,   - үшбұрыш биіктігі.

  1. Трапеция ауданын есептейтін формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз:

 , мұндағы  ұзындықтары,   - трапецияның биіктігі.

  1. Тіктөртбұрыш ауданын есептейтін формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз.

  2. Дөңгелектің ауданын есептейтін формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз.

  3. Параллепипед көлемін есептейтін формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз.

  4. Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b)2,

  5. k =(x2 + y2) * x+y, мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.



3-деңгей

  1. Экранға сіздің аты-жөніңізді шығаратын бағдарлама құру қажет (әрбір бөлік жаңа жолдан басталады).

  2. h =(2x3 + y2) * x+y, мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.

  3. Экранға кез-келген өлеңнің бір шумағын жазып, соңына авторын көрсететін бағдарлама құру қажет, өлеңнің ақырғы жолы мен автор атының арасында бірбос жол болуы керек.

  4. Тіктөртбұрыштың ауданын есептейтін бағдарлама құру қажет. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Тіктөртбұрыш ауданын есептеу
Берілгендерді енгізіңіз:
Ұзындығы (см) -> 9
Ені (см) -> 7.5
Тік төртбұрыш ауданы: 67.50 кв.см

  1. Параллепипед көлемін есептейтін бағдарлама құру қажет. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Параллепипед көлемін есептеу
Берілгендерді енгізіңіз:
Ұзындығы (см) -> 9
Ені (см) -> 7.5
Биіктігі (см) -> 5
Көлем:337.50 куб.см

  1. Бірнеше дәптер мен қарындаштың жалпы сомасын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Жалпы соманы есептеу
Берілгендерді енгізіңіз:
Дәптер бағасы (теңге) -> 20
Дәптер саны -> 5
Қарындаш бағасы (теңге) -> 50
Қарындаш саны -> 2
Жалпы сомасы:200 теңге

  1. Электрлік тізбектің параллель жалғанған кедергілерін есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Параллель жалғанған кездегі электрлік тізбектің кедергісін есептеу
Берілгендерді енгізіңіз:
Бірінші кедергінің шамасы (Ом) -> 15
Екінші кедергінің шамасы (Ом)-> 20
Тізбек кедергісі: 8.57 Ом


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет