«Бағдарламалау тілдері» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет3/44
Дата03.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
«Бағдарламалау тілдері» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жинағы

Тілдің алфавиті.
Латын алфавитінің әріптері.
1.А,В…Z,a,b,c…z;
2.0…9;
3.”, , {}, (), [], +,-,/,%,\,,’,.,:,<=,>=,>,<,=,-,!,&,*,#,,
4. Өрнектеуге болмайтын символдар: бос орын: табуляция, жаңа жолға көшу.
5. Түсініктеме жазу үшін орыс алфавиті қолданылады.
Идентификаторлар. Тілдің ең негізгі түсіністерінің бірі- идентификатор. Ол объектінің атауы ретінде қолданылады. (функцияның, айнымалының, константалардың)
Идентификатор төмендегі ережеге сай таңдалуы қажет:

  1. Олар латын әріптерінен немесе астын сызу белгісінен басталуы қажет .

  2. Оның ішінде латын әрпі және астын сызу белгілері қолданылуы мүмкін. Бөтен таңбаларды қолдануға болмайды.

  3. Си тілінде кіші және үлкен латын әріптері өзгеше деп саналады.

  4. Идентификатордың ұзындығы әр программаның жүйесінде әр түрлі ANSI стандарты бойынша 32 таңбадан аспауы керек . Си ++ те шектеуі жоқ.

  5. Объектілердің идентификаторы тілдің, түйінді сөздерінің стандартты функциядан және библиотека аттарынан өзгеше болуы қажет.

Си программалау тілінде түсініктемеге көп көңіл қойылады. Ол программаны теруді жеңілдетеді. Түсініктеме мына /* және / таңбалармен шектеледі. / *Бұл түсініктеме */ Си++те мынадай тәсілі бар // мына таңбадан кейін тұрған символдың бәрін сол қатар аяғына дейін түсініктеме деп түсінеді.
Мәліметтер түрлері.(Типы данных)
Бағдарламалар әр түрлі мәліметтермен жұмыс істейді. Олар қарапайым мәліметтерге бүтін және нақты сандар объектінің жадыдағы адрестерінің көрсеткіштері жатады.
Реттестірген мәліметтерге массивтер, файлдар жатады. Тілде «мәлімет түрі» және түрдің модификаторы. Екі ұғым бар мәлімет түрі мысалы бұл бүтін сан ал модификатор бар немесе таңбалары жоқ дегенді білдіреді. Таңбалары бар бүтін сан оң және теріс сан қабылдай алады, ал таңбасы жоқ сан тек қана оң сан қабылдай алады. Си тілінде 5 базалық түрі бар:

  1. Char-символдық.

  2. Int-бүтін сан.

  3. Float-нақты сан.

  4. Double-ұзын нақты сан.

  5. Vоid-мәні жоқ.

  1. Char типті айнымалының өлшемі бір байт, оның мәндері әртүрлі символдар ‘f’, ‘a’, ‘k’, ‘,’ программада оларды апострафқа алып жазу керек.

  2. Си тілінде бүтін айнымалының өлшемі бір машиналық сөзге тең.-32768-+32767.

  3. Float түйінді сөзі нақты сандардан айнымалыда анықтауға қолданылады. 5,6,31,33,-2.01. Нақты санды 3 көшпелі нүкте арқылы да жазуға болады. 5400054  10 =54E 3 5.4 54E-10.54E1.E таңбасы алдында тұрған санды мантисса, ал Е деп тұрған санды көрсеткіш деп аталады. Float айнымалысына 32 бит беріледі.3.4У-387-3. 4Е+38.

  4. Double-түйінді сөзі 2 еселенетін дәлдікпен берілген нақты сандарды анықтайды. Ол ЭВМ жадында 64 бит орын алады. 1,7 Е-308-1-1,7У-308.

  5. Vоid-түйінді сөзі объектінің мәнін бейтарап етіп қалдыру үшін (нейтрализовать). Ешқандай мәнді әкелмейтін функцияны хабарлау үшін қолданылады. Кейбір базалық типтердің объектісі өзгертілуі мүмкін. Ол үшін арнайы түйінді сөз модификатор деп аталады. ANSI стандарты бойынша мынадай модификатор бар Unsigned, Signed, short, long. модификаторлар спецификаторлардың алдында жазылады. Мысалы: Unsigned char.Егер модификатордан соң спецификатор жазылмаса, онда Си компиляторы оны бүтін деп түсіндіреді. Мысалы long a, long int a, екеуі де бір мағына береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет