1.Негізгі қағидалар ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оқу процесінде есептеу техникасын қолдану алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет, Қауіпсіз техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркелу керек.
ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына қауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп, ережелері, электр тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда қолданылатын жаттығулар жатады.
Қауіпсіздік техникасының ережесі Қауіпсздік техникасының ережелерін төмендегі пунктерге бөлуге болады:
Жалпы
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК –де жұмыс істеуге тыйым салынады
Үстелге ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
Перне тақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге , ойнауға, жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-мен жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары.
ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК –дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, оларлдың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керк.