Байланысты: «Бағдарламалау тілдері» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жинағы
2-деңгей
Пернетақтадан енгізілетін санның факториалын есептейтін бағдарлама құрыңыз.
Пернетақтадан енгізілетін сандардың арифметикалық орталығын есептейтін бағдарлама құрыңыз.
y = | x | функциясының мәнінің кестесін шығаратын бағдарлама құрыңыз. Аргументтің өзгеру диапазоны -4-тен 4-ке дейін, қадам 0,5-ке тең
7-нің көбейту кестесін экранға шығаратын бағдарлама құрыңыз.
Экранға Пифагор квадраты – көбейту кестесін шығаратын бағдарлама құрыңыз
Экранға шахмат тақтасының бейнесін шығаратын бағдарлама құрыңыз. Қара шаршыларын жұлдызшамен, ақтарын пробелмен бейнелеңіз.
Ондық санды екілікке түрлендіретін бағдарлама құрыңыз.
Екі бүтін санның ең үлкен ортақ бөлгішін есептейтін бағдарлама құрыңыз.
3-деңгей
Көбейту кестесі туралы білімді тексеретін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама 10 мысал келтіруі қажет: 10 дұрыс жауап үшін – «өте жақсы», 9 және 8 жауапқа – «жақсы», 7 және 6 дұрыс жауапқа – «қанағаттанарлық», 6 және одан төмен болса – «төмен».
Несие бойынша ай сайынғы төлемдердің кестесін шығаратын бағдарлама құрыңыз. Есептеу үшін мыналар берілген: несие сомасы, мерзімі және проценттік ставкасы.
Пернетақтадан енгізілетін оң сандардан максималды санды анықтайтын бағдарлама құрыңыз.
Пернетақтадан енгізілетін оң сандардан минималды санды анықтайтын бағдарлама құрыңыз.
Енгізілетін санның жай сан ба, жай сан емес пе екенін анықтайтын бағдарлама құрыңыз.
y = 2x2 – 5x – 8 функциясының мәнінің кестесін экранға шығаратын бағдарлама құрыңыз. -4-тен 4-ке дейінгі диапазон аралығында, қадам саны 0,5.
Экранға «электронды сағатты» шығаратын бағдарлама құрыңыз. Ол үш минут аралығында немесе қолданушы кез-келген батырманы басқанға дейін жұмыс жасай береді.
Енгізілетін оң сандардың сомасы мен арифметикалық орталығын шығаратын бағдарлама құрыңыз.