ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
2 тақырып. Жоғарғы деңгейдегі тілдің синтаксисі мен семантикасын қолданады
2.1 Меншіктеу, енгізу-шығару операторлары, cin, cоut. Өрнек және типтерді түрлендіру. Сызықтық алгоритмдерге қарапайым бағдарлама құру
Қазіргі кездегі программалау тілінің арасында ең көп тараған тілдердің бірі Си универсалды программалау тілі. Бірақ оны жүйелік бағдарламаларда, транслятор, операциялық жүйелерді жазуда қолдану жақсы жетістіктер береді. Си программалау тілін 1972 жылы Bell laboratories фирмасының қызметкері Денис Ритчи ойлап тапты. Тіл жүйелік бағдарламаларға арналған деп саналғанымен оның мүмкіндігінің өте үлкен болғандықтан оны қолданады, бағдарламаларды жазуға да пайдалануға болады. Си тілінде жазылған программаның архитиктуралары әр түрлі компьютерлердің бірінен бірін ауыстыруға бір операциялық жүйенің екінші операторлық жүйеге ауыстыруға жеңіл. Сонымен қатар Си тіліндегі бағдарламалардың орындалу жылдамдығы ассемблер тіліндегі бағдарламалардан кем емес. Си тілінің компиляторы қазіргі кездегі барлық операциялық жүйеде жұмыс істей береді. Unix, MSDOS, WINDOWS.
Достарыңызбен бөлісу: |